Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ашық рай -

Ашық рай

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 277 | Просмотров: 2659 | Размер: 13.4 Kb | Автор: Тәрбие
. Сыныбы-7Б Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Ашық рай.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға етістіктің рай категориясы, ашық рай туралы мағлұмат беру, оның жасалуын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Сөйлемдерде кесте толтыру, морфологиялық сатылай комплексті талдау
арқылы оқушының білімділік дағдысын жетілдіру;
Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, талапты болуға, адамгершілікке, табанды, патриоттық сезімге, әдептілік сауаттылыққа баулу.
Сабақтың түрі: интерактивтік сабақ
Сабақтың тегі: тақырыптық қайталау, жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: тірек-конспектілік, көрнекілік, Шаталовтың тірек-сызба кестелері, Кубизм әдісі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, топтастыру стратегиясы.
Сабақтың тәсілі: жалпы сыныппен, жеке оқушымен интерактивтік тақтадағы тапсырмаларды орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, сызба-кестелер, суреттер.
Пәнаралық байланыс: информатика, әдебиет, психология.
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журнал, қазақ тілі оқулығы, «Шың» кітабы.
С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы
1. Ұйымдастыру ісі
- оқушылармен амандасу;
- психологиялық ойын «Пантомимика – вербальсыз амандасу» (мұғалімнің көрсетуімен оқушылар бір-бірімен ым-ишаратпен амандасады.);
- кезекші оқушының көмегімен сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау
а) Өткен сабақ бойынша ережені ауызша сұрау;
ә) интерактитік тақтадағы 6 қырлы ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
Кубизм әдісі арқылы.
1.Осы шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру
№ Түрлері Қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысалдар
1 Нақ осы шақ Отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы Асан кітап оқып отыр.
2 Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы Айдос мектептен келеді.
2.Салт, сабақтысы қайсы?
Сәйкестендіру тесті
1.Қуыршақпен а) кел
2. Мектепті ә) оқы
3. Үлкенді б)сана
4. Ақшаны в) ұмытпа
5. Үйге г) ойна
6. Хатты д) сыйла
3.Келер шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру
№ Түрлері Қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысалдар
1 Мақсатты -мақ, -мек, -пақ, -пек-бақ, -бек жұрнақтарымен Апам ертең қалаға бармақ.
2 Болжалды -ар, -ер, -р есімше тұлғалы жұрнақтармен Мен өскенде дәрігер болармын.
3 Ауыспалы -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы Ағам кешке келеді.
4.Зат есім қалай түрленеді?
“Абырой” зат есімін септеп көрсет?
№ Септіктер сұрақтары Септелу үлгісі
1 Атау кім?, не? Абырой
2 Ілік кімнің?, ненің? Абыройдың
3 Табыс кімді?, нені? Абыройды
4 Барыс кімге?, неге?, қайда? Абыройға
5 Жатыс кімде?, неде? Абыройда
6 Шығыс кімнен?, неден?, қайдан? Абыройдан
7 Көмектес кіммен?, немен? Абыроймен
5.Өткен шақ дегеніміз не?
Кестені толтыру
№ Түрлері Қандай жұрнақтар арқылы жасалады? Мысалдар
1 Жедел -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарымен Бекарыс оқушыларға жақсы түсіндірді.
2 Бұрынғы -ып, -іп, -п көсемше, -ған –ген, -қан, -кен есімше жұрнақтарымен Сәкен әнді шырқын бұзбай айтыпты.
3 Ауыспалы -атын, -етін, -йтын, -йтін есімшенің жұрнақтарымен Ол әңгіменің майын тамызып айтатын еді.
6. Берілген мақалдарда етістіктер қай шақта тұр, ауызша түсіндір?
1. Жақсы байқап сөйлер, 2. Жаманның өзі бола алмайды,
Жаман шайқап сөйлер. Болғанды көре алмайды.
3. Тозбас жасау болмас, 4. Ер ісі ақылға ермек, бойды жеңбек,
Бас білмес асау болмас. Өнерсіздің қылығы өле көрмек.
Негізгі бөлім. (Жаңа тақырыпты түсіндіру).
Мұғалім сөзі: (тақтадағы Шаталовтың тірек-сызбасы арқылы түсіндіремін). Етістік дегеніміз – қимыл-іс әрекеттің орындалуын білдіретін сөз табы. Ол объектінің қатысына қарай – салт, сабақты; іс-әрекеттің орындалуына қарай – болымды, болымсыз; тұлғасына қарай – негізгі, туынды; құрылысына қарай – дара, күрделі болып бөлінеді.
Сондай-ақ етістіктің өзіне тән категориялары бар. Оларды атасақ, тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалатын, көсемше мен есімше, шақтар және рай категориясы.
Оқушылар, өткен сабақта біз рай категориясы туралы айттық.
ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ – сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалады. Бұл жердегі «грамматикалық тұлғалар» дегеніміз – бұл жұрнақ пен жалғаулар болып табылады. «Рай» деген сөз «беталыс, бағыт, жөні» деген сөздерге синонимдес. Сондықтан райынан қайтты деген тіркес бағытынан, бет алысынан қайтты, ауа райы деген ауаның қалпы, бет алысы дегенді білдіреді. Демек, етістік қимылды, іс-әрекетті білдірумен қатар, сол қимылдың, іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады.
Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай 4 – ке бөлінеді: Ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.
Соның ішінде, бүгінгі біздің, жаңа тақырып ретінде қарайтынымыз, Ашық рай.

Топтастыру стратегиясы арқылы түсіндіремен.
4. Оқулықпен жұмыс: 163 - жаттығу
Берілген жаттығу жұмысынан ашық райлы етістіктерді теріп жазып, қалай жасалғанын түсіндіру керек.
ҮЛГІ: Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін.
Естімегенмін – бұрынғы өткен шақ, есімшенің –ген жұрнағы арқылы жасалған. –мін жіктік жалғаудың І жағы, жекеше түрі.
(Әрі қарай оқушылар тақтаға шығып, орындайды.)
165-жаттығу
Берілген жаттығу жұмысындағы ашық райлы етістіктерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
(Әрі қарай оқушылар тақтаға шығып, орындайды.)
5. Сабақты бекіту.
Берілген сөйлемдердегі АШЫҚ РАЙЛЫ етістіктерді тауып, оған морфологиялық сатылай кешенді талдау жасау керек
1. Астана қаласына саяхатшылар жер-жерден келеді.
Етістікті морфологиялық сатылай кешенді талдау үлгісі
Келеді -
1. Құрамына қарай: 3 құрамды кел-түбір, -е- көсемше жұрнағы, -ді- жіктік
жалғаудың І жағы, жекеше түрі.
2. Тұлғасына қарай: негізгі
3. Құрылысына қарай: дара
4. Лексикалық мағынасы – қимыл-іс әрекетке берілген атау
5. Етістіктің райлары - ашық рай
6. Етістіктің шақтары – ауыспалы осы шақ.
(Әрі қарай оқушылар тақтаға шығып, орындайды.)
Оқушыларды бағалау
7. Үйге тапсырма беру.
Жазбаша: оқулықтағы 168,169-жаттығулар;
Ауызша: “Ашық рай” ережесін оқып, түсінігін айту.
8. Қорытынды: - Оқушылар, біз ХХІ ғасырда, техниканың жете дамыған заманында өмір сүреміз. Содықтан да Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының мына сөздерін еске түсірейік:
XXI ғасыр мәдиниеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ.
Ол кісі бізге, осы ғасырдың ұрпақтары ретінде,жан-жақты бәсекеге қабілетті болуымыз керек екенін айтпақшы болған.
Ал, мына сөздері арқылы: «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» - ол білімді азамат болып өссін деген ой тастаған екен.
Демек, осы қанатты сөздерді мақсат етіп, ұстана отырып, біз өзімізді жақсы қырымыздан таныта білейік.

В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі

Гуманитарлық пәндер бірлестігі

А Ш Ы Қ С А Б А Қ




Мұғалім: Амедова
Алия Дарханқызы
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 7Б

2011/2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.