Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қасым Аманжолов «Бауыржан» -

Қасым Аманжолов «Бауыржан»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2894 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Қасым Аманжолов «Бауыржан»,
Жақсылық Сәттібеков «Ел үшін»
Мақсаты: 1. Балаларды «Бауыржан» өлеңімен таныстыра отырып, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру.
2. Баланың дүниетанымымен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетімен сөздік қорын және есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. 3.Оқушыларды ерлікке, батырлыққа, ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, фонологиялық талдау, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білімге әркез талпынған, ұстазым менің армысың.
Бірге оқып бір жүрген, сыныптастар армысың.
Шаттық шеңбер құрайық шаттанып кеп тұрайық .
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Абылай» өлеңін жатқа сұрау, Абылай хан туралы сұрау
3.Жаңа сабақты талдау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Бауыржан» өлеңімен, Жақсылық Сәттібеков «Ел үшін» мәтінімен таныс боламыз.
- Ел басына күн туғанда халықтың ар - намысын қорғай білген, әрбір қазақ жауынгеріне ағасындай ақыл айтып көсем бола білген, Бауыржан аталарың туралы деректі әңгімемен танысамыз.
- Осы мәтінді оқу барысында Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді елді сүюді, ұлттық ар-намысты қорғай білуді үйренеміз.

4. Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағлұмат беру.
«Бауыржан» өлеңін мәнерлеп оқыту, «Ел үшін» әңгімесін бөлімдерге бөліп оқу.
Тізбектеп оқушыларға оқыту.
Сұрақ-жауап: Қ. Аманжолов Бауыржанды қалай сипаттаған, жырдан тауып, оқып бер.
«Ел үшін» әңгімесіндегі баланың аты неге Бауыржан деп қойылған?
«Ел үшін» әңгімесіндегі кейіпкерлерді ата.
5. Дәптермен жұмыс
Ұлағатты сөздерді дәптерге жазу.
«Ерлік-елдің қасиеті,
Жүректілік жігіттің қасиеті.» Б. Момышұлы
Осы мақалдың мағынасын түсіндіру.
6. Қорыту.
Топпен жұмыс. Мақалдардың жалғасын табу:
1-топ. «Батыр майданда шынығады, болат...»
2-топ. «Ер туады халықтан, нұр...»
3-топ. «Ат шабысына қарай шабады, ер...»

7.Үй жұмысы:
«Ел үшін» әңгімесінің мазмұнын сұрау, «Бауыржан» өлеңінен үзінді жаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.