Меню
Назад » » »
Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
загрузка...

загрузка...
Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
2014-2015 оқу жылы
1. Мұғалімнің аты-жөні: Есмагамбетова Мейрамгуль Газизовна
2. Мектеп, сынып, пән: Май ауданының Майтүбек жалпы орта білім беретін мектебі, 7 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде
3. Тапсырмалардың құрылымы:
Тапсырмалар ІІІ критерийлер бойынша дайындалған
а) «Саяхат» тақырыбына диктант жазады, кейін критерийлер арқылы жұмыс жасайды.
ә) ІІІ. (А критериі) білу, түсіну, қолдану
ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау
І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Міндеті:
- Тұйық етістіктің жұрнақтарын білу;
- Тәуелдік жалғауды дұрыс қоя білу;
- Жай сөйлемге синтаксистік талдау жасай білуі;
- Туынды сын есімнің жасалу жолын білу;
- Морфологиялық талдауды жасай білу;
- Қорытынды жасап, эссе жаза білуі.

Саяхат
Бір күні біз тауға достарымызбен бірге шықтық. Тау етегі жасыл желекке бөлінген. Қызыл, сары гүлдері көзді қызықтырады. Менің көз алдыма әжемнің үйіндегі гүлдер елестегендей болды. Менің әжем гүлдерді жақсы өсіреді, ұнатады. Мен де әжем сияқты барлық гүлдерді ұнатамын. Дала гүлдерді құшағымды толтыра жиып алдым. Маған әлі аз көрінеді. Достарым да гүл терді. Күн ысыды, жел жоқ. Кешке қарай қарағай түбіне жиылдық.
Қызыл гүлдерді алып ауылға қайттық. Саяхат өте көңілді өтті.

(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 70 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ. (А критериі) білу, түсіну, қолдану
Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңдар
1. Бөлінген, қызықтырады, өсіреді 2. Шықтық, өтті, ұнатамын
Берілген сөздерді тәуелдеңдер
2. Достарым, әжем 2. Гүлдер, ауыл
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
3. Тау етегі жасыл желекке бөлінген. 3. Саяхат өте көңілді өтті
ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау
Берілген сөздерден туынды сын есім жасаңдар
1. Тау, жаз, еңбек, 1. Тұз, мемлекет, пайда
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар
2. Достарымызбен 2. Құшағымды
І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
«Жазғы демалыс» тақырыбына эссе жазыңдар.

Диктант бойынша қойылатын талаптар:
Бағалау нормалары.
Деңгей Дескрипторлар Баға
А
Білу, түсіну және қолдану Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 5-тен 9-ға дейін қатесі болса; «2» деген баға
Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 5 емле, тыныс белгісінен 6 қатесі болса немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі болса; «3» деген баға
В
Талдау, жинақтау Емле және тыныс белгілерінен 3 қате жіберілсе немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар немесе емледен 1, тыныс белгісінен 5 қате жіберілсе; «4» деген баға:
Ескерту:
С
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу Ешбір қатесі болмаса немесе емле, тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберілсе. «5» деген баға:

Бағалау кезінде қатерлердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылды. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есптеледі.

Грамматикалық тапсырма бойынша қойылатын талаптар:

Критерий Жетістік деңгейі Дескрипторлар
Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдыру
А
Білу, түсіну және қолдану 1 Сөздердің түбірін анықтау
3 Тұйық етістіктің жұрнақтарын дұрыс қоя білу
Берілген сөздерді тәуелдеу
2 Тәуелдік жалғауларын білу
4 Тәуелдік жалғауларды үндестік заңына сүйеніп қоя білу
Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
5 Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан жасалғанын анықтап, оның түрін ажырата алуы;
5 Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан жасалғанын анықтап, оның түрін ажырата алуы;
1 Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрін таба білуі.
1 Сөйлемнің сызбасын көрсетуі.
Барлығы 22
Берілген сөздерден туынды сын есім жасаңдар
В
Талдау және жинақтау 1 Сын есім сөз табын білу
1 Туынды сын есімнің жұрнақтарын білу
3 Туынды сын есімнің жұрнақтарын дұрыс қоя білу
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар
2 Сөз табын анықтай білу
2 Мағыналық түрлерін ажырата білу
3 Грамматикалық, лексикалық мағыналарын анықтап алуы
5 Сөйлемдегі қызметін анықтап алуы
Барлығы 16
«Жазғы демалыс» тақырыбына эссе жазыңдар.
1 - Стилдің түрін анықтап, оның негізгі белгілерін таба білуі;
2 - 4 аргумент мысал келтіре отырып, түсініктерді анық және толық қарастыра алуы;
2 - Қолданған түсініктері тақырыпқа сай болуы;
2 - Қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;
2 - Тақырыпты ашылуы, ой тұжырымдалуы;
2 - Лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;
2 - орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы;
5 - тақырып бойынша сөйлемдердің көлемі (8 сөйлемнен кем болмауы керек).
Барлығы 17
55

Балдарды бағаға айналдыру шкаласы
85-100% - «5» (45-55 балл)
70-84% - «4» (35-44 балл)
50-69% - «3» (27-34 балл)
49% және төмен – «2» (26 балл және одан төмен) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 694 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 3.0/1
Барлық пікірлер: 0
avatar