Меню
Назад » » »
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
загрузка...

загрузка...
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

1.Мұғалімнің аты-жөні: Мирманова Лағыл Балтабекқызы
2.Мектеп, сынып, пән: Качир ауданы, Октябрь ЖОББМ, 8 сынып, қазақ тілі, оқыту орыс тілінде
3.Тапсырмалардың құрылымы:
Тапсырмалар ІІІ критерийлер бойынша дайындалған
а) «Тырна» тақырыбына диктант жазады, кейін критерийлер арқылы жұмыс жасайды.
ә) ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану
ІІ. (В критерийі) талдау, жинақтау
І. (С критерийі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Міндеті:
 мәтінге күрделі сұрақ құрастыра алуы;
 тұйық етістікті дұрыс ажыратып, тәуелдей алуы;
 құрмалас сөйлемдерді дұрыс ажырата алуы;
 күрделі сөздерді топтастыра алуы;
 морфологиялық талдау жасай алуы;
 шағын әңгіме жаза білуі.
Тырна

Қар еріп, сай-сала бұлақ сылдырына толғанда, көгілдір көктемнің көктегі жаршысындай болып тырналар келеді. Оның алыстан талып жеткен үнін естігеніңмен, көзіңе бірден шалына қоймайды.
Көк аспандағы әсем үн бірте-бірте айқындала түседі. Сонау көз ұшында тізбектеле ұшқан тырналарды сонда ған көресің. Олар өткен күзде тастап кеткен мекндеріне бір-бірімен тыраулай, қалықтап бара жатады.
Күн ұясына қона тырналар аялдама жасайды. Ұзақ жолдан шаршаған олар түні бойы қонақтап, ертеңгі сапарға күш жинайды.
Тырна -өте сақ құс. Күзетте тұрған жақындап келе жатқан адамды сезіп қалса болды, тыраулап, қатер белгісін бере қояды.
(Интернет желісінен) (85 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:

І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ. (А критерийі) білу, түсіну, қолдану
1. 1. 1, 2 -ші абзац бойынша 3,4-ші абзац бойынша
сұрақ дайындаңыздар.
2. Мына етістіктерді тұйық етістікке айналдырып, тәуелдеп жазу.
Келеді, қояды Жатады, түседі
3 .Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастырыңыз
І-нұсқа. Тасбақа, қараторғай, үлкен-кішілі, бәйшешек, аққу, белбеу, көк ала,қарақұс.
ІІ-нұсқа.Түйеқұс, қырықаяқ, көлбақа, биыл, орман-тоғай, бүгін,түлкі тымақ, қоңыр ала.
ІІ. (В критериі) талдау, жинақтау
1. Берілген құрмалас сөйлемдердің жалғасын тауып, түрін ажырату
І-нұсқа. Күз түсіп,..................... әкемнен сұрандым.
Меруерт кешке қаладан қайтқанда,................... құстар ұшып кете бастады.
Стадионға бармақ болып,.............. шешесі үйде болмады.
ІІ-нұсқа. Сәкен ауылға ертерек келсе, .............. кеше белі ауырды.
Атам көп жүргендіктен,................ ........сынып сағаты болмады
Сынып жеткші келмегендіктен,........... .шөп шабуды бастаймыз..

2. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І-нұсқа. Көк аспандағы әсем үн бірте-бірте айқындала түседі.
ІІ-нұсқа. Күн ұясына қона тырналар аялдама жасайды.

І. (С критериі) сын тұрғысынан ойлау және зерттеу
«Табиғат – туған бесігің» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Грамматикалық тапсырма бойынша қойылатын талаптар:
Критерий Жетістік деңгейі Дескрипторлар
Мәтіндегі сөйлемдерге күрделі сұрақ қоюы
А
Білу, түсіну және қолдану 0 Сұрақты құрастыра алмауы.
3 Дұрыс сұрақ құрастыра алып, орынды қоя алмауы.

4 Сұрақты сауатты жазуы.
5 Сұрақ құрастырғанда сөйлемдегі сөздің орын тәртібін сақтау.

Тұйық етістікті дұрыс ажыратуы

0 Тұйық етістікті дұрыс ажырата алмауы
2 Сөздің негізгі түбірін тауып,тұйық етістіктің жұрнақғын білуі.
3 Іс-әрекеттің қай мезгілде орындалып жатқанын анықтау.
5 Тәуелдік жалғаудың мағынасына қарай бөлінуіне мән беріп, дұрыс ажырата алуы.
Күрделі сөздердің түрін анықтап, топтастыруы
0 Күрделі сөздерді ажырата алмауы.
3 Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай дұрыс ажырата алуы.
5 Күрделі сөздердің түбірін анықтап, қосымшаларын ажырату.
Барлығы 30
Құрмалас сөйлемді талдауы
В
Талдау және жинақтау 5 Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату
5 Екі құрамды құрмаластардың құрамындағы компоненттердің бір-бірімен грамматикалық байланысу тәсіліне қарай дұрыс ажыратып, толықтыру.
5 Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісін дұрыс ажыратып, сұрақ қоя алуы.
0 Құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата алмауы.
Морфологиялық талдау жасауы
1 Сөз табын дұрыс анықтауы
1 Бастапқы формасын анықтауы
3 Тұрақты белгілерін анықтауы
4 Тұрақсыз белгілерін анықтауы
5 Синтаксистік рөлін анықтауы
0 Талдауды жасай алмауы
Барлығы 30
Шағын әңгімі жазуы
С
Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу 5 Мазмұнында қате болмауы керек
5 Сауаттылығында орфографиялық және пунктуациялық қатенің жоқтығы
5 Мәтіннің негізгі түйінін ашу
Барлығы 0 Шағын әңгімені мүлде жаза алмауы
15
80

Балдарды бағаға айналдыру шкаласы
85-100% - «5» (65-80 ұпай)
64-84% - «4» (50-65 ұпай)
53-68% - «3» (34-49 ұпай)
52% және төмен – «2» (33 ұпай және одан төмен) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ІІІ ТОҚСАНДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 412 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar