Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«БАҚЫТТЫ СӘТ» ойыны -

«БАҚЫТТЫ СӘТ» ойыны

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1646 | Размер: | Автор: гость
. Қызыл Әскер» жалпы орта мектебі
«БАҚЫТТЫ СӘТ» ойыны

Өткізген: Садикова Г.Ш

«Бақытты сәт» ойыны.
Сабақ тақырыбы: Сөз таптарынан өткенді қайталау

Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
2. Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ.
Жоспары: 1. «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»
2. Бой сергіту.
3. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!
4. «Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің!»
5. Сен маған, мен саған.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 2 топқа бөлінді.(жемістер арқылы бөліну)
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен текке жоймайық!
Ойнайық, ойлайық та ойнайық!
Білімділік көрсетейік сынайық,
Жеңсе де, жеңбесе де ренішсіз болайық,
Қаймықпай көңілді боп тарайық!

Ойынымызды бастамас бұрын, қазақ тілі пәнінен «Сөз таптарынан өткенді қайталау» сабағының өткізілу тәртібімен танысыңыздар: :
1. «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»
2. Бой сергіту.
3. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!
4. «Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң кем көсерсің!»
5. Сен маған, мен саған

1. «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»
1 топқа
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Зат есім дегеніміз не?
3. Зат есімнің сұрақтары қандай?
4. Сын есім дегніміз не?
5. Сын есімнің сұрақтары қандай?.
6. Сан есім дегеніміз не?
7. Сан есімнің сұрақтары?.
8. Етістік дегеніміз не?
9. Етістіктің сұрақтары.

ІІ топқа

10. Есімдік дегеніміз не?
11. Есімдіктің сұрақтары.
12. Үстеу дегеніміз не?
13. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?
14. Шылау дегеніміз не?
15. Шылау сөздер нешеге бөлінеді?.
16. Еліктеу дегеніміз не?
17. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
18. Одағай сөздер дегеніміз не?
19. Одағай сөздердің түрлерін ата.

2. Ой сергіту. Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптары бойынша мысалдар жазып кестені толтырады.
қ/с Сөз таптары Сөз ойла, тез ойла, сөйлем құра
1 Зат есім
2 Сын есім
3 Сан есім
4 Етістік
5 Есімдік
6 Үстеу
7 Шылау
8 Еліктеу
9 Одағай

3. «Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп!
ІІІ тур. Полиглот.
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (Қазақ үй - юрта.)
2. Қос құлақгы, жүз тісті,
Жүзінен бір-ақ із түсті. (Ара - пила.)
3. 1 санға өсірді,
Өзі қалып орнында,
Бізді алға көшірді. (Сынып - класс.)
4. Сақталады 6 ай жаз,
Сандығымда сары аяз. (Тоңазытқыш - холодильник.)
5. Қалқиып 2 құлағы,
Елеңдеп корқып тұрады. (Қоян - заяц.)
6. 2 аяқпен кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (Доп - мячик.).
7. Ағайынды 5 туыс,
Жамылатын тоны бар.
Бесеуінде бір қуыс,
Сырттан кірер жолы бар. (Қолғап - перчатки.)
8. Кіп-кішкентай екі көзі,
қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді. (Піл - слон.)
9. Бір қораға қамалғандар,
Жаны үшін жаралғандар.(Сіріңке - спички.)
10.Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (Ай, күн - луна, солнце)

Сергіту сәті:
Қимыл – қозғалыстағы би

4. «Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем көсерсің!»
Әр топ оқушылары ақылдасып,І топ«Зат есім», ІІ топ «Сын есім»ді жан – жақты талдау , қорғау
5. «Сен маған, мен саған».
Бұл кезеңде оқушылар үйде құрап әкелген сөзжұмбақ, ребустарын алмастырып, шешімін табады.

Қорытынды : Бағалау

Оқушылардың алған ұпайларын геометрик фигуралар арқылы топты бағалап бару;
Рефлексия: Бүгінгі сабақта мен... әр оқушы өз пікірлерін жазып тақтаға жабыстырады.
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма?
Ойын –сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы білімның
Кілтін аша алар ма?
Білім мұхит кемесін
Мінер ұрпақ болар ма?
Барша адамдар жиылған,
Сіздерге әнім ұнай ма?
Білгің келсе ол жайлы
Дұрыс қара жарысты
Құстай ұшқан жаңа ойды
Қоржынға сал көп қауым!

1. «Тіліңмен жүгірме, Біліміңмен жүгір!»
1 топқа
20. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
21. Зат есім дегеніміз не?
22. Зат есімнің сұрақтары қандай?
23. Сын есім дегніміз не?
24. Сын есімнің сұрақтары қандай?.
25. Сан есім дегеніміз не?
26. Сан есімнің сұрақтары?.
27. Етістік дегеніміз не?
28. Етістіктің сұрақтары.

ІІ топқа

29. Есімдік дегеніміз не?
30. Есімдіктің сұрақтары.
31. Үстеу дегеніміз не?
32. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?
33. Шылау дегеніміз не?
34. Шылау сөздер нешеге бөлінеді?.
35. Еліктеу дегеніміз не?
36. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
37. Одағай сөздер дегеніміз не?
38. Одағай сөздердің түрлерін ата.

3. Ой сергіту. Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптары бойынша мысалдар жазып кестені толтырады.
қ/с Сөз таптары Сөз ойла, тез ойла, сөйлем құра
1 Зат есім

2 Сын есім

3 Сан есім

4 Етістік

5 Есімдік

6 Үстеу

7 Шылау

8 Еліктеу

9 Одағай

4. Ой сергіту. Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптары бойынша мысалдар жазып кестені толтырады.
қ/с Сөз таптары Сөз ойла, тез ойла, сөйлем құра
1 Зат есім

2 Сын есім

3 Сан есім

4 Етістік

5 Есімдік

6 Үстеу

7 Шылау

8 Еліктеу

9 Одағай
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.