Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау -

ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1817 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Төлеуова Аманжан Талғарқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
С.Ғаббасов атындағы ЖОББМ КММ



ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындау
Мақсаты: ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту. Бір-біріңе деген қарым- қатынасты нығайту.

Көрнекілігі: плакат, карточка, тақта, бор, табиғат суреттері, түрлі- түсті қағаздарға жазылған сөздер, газет, шар,

Өтілу барысы: 1 Топтық сәлемдесу
2 Стресс туралы түсінік
3 «Қатаю, күштену хош бол» жаттығуы
4 «Ашулы шарлар» жаттығуы
5 Аутогендік жаттығу.
6 Релаксация
7 «Біздің сыныптың жүрегі»
8 Қорытынды

Бүгінгі тақырыпты алып отырудағы мақсат ҰБТ-ға байланысты сенімділікке үйрене отырып, бойымыздағы стрестік қалыптан арылу, бір-бірімізге деген қарым- қатынасымызды нығайту.
«Сәлем- сөздің айнасы» , «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді »деп жатамыз. Сәлем сөзінің өзі бізге араб тілінен енген екен. Бізше «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынаны білдіреді. Ендеше, 4 топ бір-бірімізбен сәлемдесейік. (Жылдың төрт мезгіліне байланысты суреттерді таратамын. Әр топтың міндеті- мимикамен, ым- ишара арқылы басқа топтарға сәлем түрлерін көрсетеді.)
Міне , бір- бірімізбен сәлемдестік. Сәлемдесу, хал –ахуал сұрасу әдепке, көргенділікке жатады.
Өздерің ертеңгі күні ҰБТ тапсыруға барасыңдар. Қазірден бастап мазасызданасыңдар, уайымдап қорқасыңдар.Осының бәрі ойларыңды жинақтауға кедергі келтіреді. Ендеше, біз бүгін өздеріңмен стресті жеңуге көмектесетін бірнеше жаттығулармен танысайық.

2 Стресс туралы түсінік.
Стресс қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс қобалжу деген мағынаны қамтиды. Ғылымға ең алғаш стресс ұғымын кіргізген канадалық физиолог Ганс Селье.

Стресс үш кезеңнен тұрады:
1 Үрейлену- жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауа
птың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады.
2 Төзімсізділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзе білу.
3 Әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация пайда болады.

Стрестің алдын алу үшін не істеуіміз қажет?
1 Терең демалыңыз
2 Шай ішіңіз
3 «С» витаминін ішіңіз. «С» витамині адам ағзасындағы стресс гармондарының азаюына ықпал етеді.
4 Күліңіз.Ұялмаңыз. Бар дауысыңызбен еркін күліңіз, өйткені күлкі стреске қарсы ең жақсы тәсіл.
5 Жоқ дегенде күніне бір банан жеңіз.Бананды «Бақыт» гармоны деп атайды. Онда барлық витаминдер бар.
6 Дене жаттығуымен айналасыңыз.Жаттығулар қан айналымын жақсартып, денсаулықты күшейтеді.
7 Балмұздақ жеңіз. Жүйке жүйесін тыныштандырады, көңіл күйді көтереді, ұйқыңыз дұрысталады.
8 Би биле, өлең айт. Ол да бойыңдағы қобалжу мен абыржуды босатады.

«Қатаю, күштену хош бол» жаттығуы
Енді бір ойынның ыңғайы келіп отыр. Ол «Қатаю, күштену хош бол» жаттығуы. Ол үшін әркім жаман парақ алып, өз қысымыңызды, бүкіл күшіңізді қағазды мыжуға пайдаланыңыз. Оны мүмкіндігінше кішкентай етіп мыжып, қоқыс жәшігіне тамтаңыз. Осы жаман парақпен бірге жаман энергетика, барлық стресс кетсін деңіз.
Өзіңді қалай сезінесің?
Өз қатаю сезіміңнен арыла алдың ба?

«Ашулы шарлар» жаттығуы
Әр адамның стрестен құтылу тәсілі әр қилы. Мәселен бір адам жыласа, екіншісі күледі, енді бірі айқайлайды, бірі өз ойымен бөліседі. Кей сәтте стрестен былай құтылуға да болады екен. Ортаға төрт оқушы шықсын. Шарды үрлеп , оны аяқпен жару. Алған әсерлерің қандай? Жарылған шар агрессия білдірді, ол қатерлі жол.
Келесі төрт оқушы шарды үрлейді, оны байламай ұстап тұрып, біртіндеп желін шығарды. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Бұл нені білдіреді? Егер
ашуды бақылап шығарса , ол ешкімге зақым келтірмейді. Ашудың қауіпсіз жолын табу- әр адамның өз қолында.

Келесі кезекте мектеп психологы Гүлбаршын Ақылқызын ортаға шақырғым келіп тұр.

Аутогендік жаттығулар.
Мен сабырлымын., менде бәрі жақсы.
Менде барлығы сәтті өтеді.
ҰБТ-на ойдағыдай тапсырамын.
Менің әрқашан жолым болады- деп сеніммен қайталаңдар.

Релаксация
1 Ыңғайланып отыр, көздеріңді жұмып, терең демалыңда.
2 Бар зейіндеріңді жарқырап тұрған күнге аударыңдар. Терең , баяу демалып, демдеріңді сыртқа шығарыңдар.
3 Бүкіл денелерің алтын нұрға малынып тұр деп ойлап, 5 рет баяу тыныс алып, демдеріңді сыртқа шығарыңдар.
4 Алдарыңда ақ нұрға бөленіп, кеудеңізге шуақ шашып тұр деп ойлаңыз, өзіңізді сағым арасында, жайғылған гүлдер арасында жүрмін деп елестете отырып, баяу дем алыңдар. Өздерің «қазір мен көзімді ашқанда өзімді сергек сезінемін»,- деп 2 рет қайталаңдар.

«Біздің сыныптың жүрегі»
Мына ілініп тұрған ақ жүрек. Кеңпейіл, ақкөңіл адамды біз ақ жүрек екен дейміз. Осы жүрекке өмір берейік.Тілекті кімге арнайсың, атын жаз, әрі тілегің қысқа болсын.

Қорытынды
Міне , балалар, біз бүгін ҰБТ- ға психологиялық тұрғыдан дайындық жайлы айттық. Елбасы «Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында» десе, Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін» депті. Ендеше алдағы үлкен сынақтан әрқайсыңа сүрінбей өтуге , пәк жүректі, ақ ниетті ата-анаңның сенім артар азаматы мен азаматшасы болады деп мен де сенім білдіремін. Сабаққа қатысқан ұстаздарға, Гүлбаршын Ақылқызына , сендерге де көп рахмет.Осымен сабағымыз аяқталды.Сау болыңдар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.