Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дарынсыз  бала  болмайды -

Дарынсыз бала болмайды

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1415 | Размер: | Автор: гость
. Аймағамбетова Лиза Сакитжановна,
Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Дарынсыз бала болмайды

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесі ұстаздан әлемнің озық тәжірбиелерін батыл енгізе отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеп шығаруды міндеттеп отыр. Өйткені, күн санап дамып, өркендеп, өсіп жатқан бүгінгі жаңа технологиялар заманында бүгінгі ұрпақтың өзін-өзі даму қабілетін арттыра отырып, барынша жан-жақты жетілуі ұлттық және әлемдік мәдениетпен үйлесуге алып бармақ.
Білім мен ғылымның еліміздің дамуына әсер ету үшін оқыту мен оқуды одан әрі жетілдіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындауда. Аталған міндеттің үдесінен шығу мақсатында қазіргі уақытта өтіліп отырған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары бұрынғы пән бойынша өтетін курстардан өзгеше. Себебі, Кембридж университетінің білім берудегі тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, біз қазір орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, білім беру әдістемелері арасында теориялық оқытуға негізделген кең таралған жеті модуль тәсілі аясында білімімізді жетілдіру мүмкіндігіне ие болдық. Курс арқылы сындарлы оқыту теориясымен танысып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, пәнді терең түсіну қабілетін, алған білімдерін кез-келген жағдаяттан шығуда қолдануға мүмкіндік жасау керек екендігін түсіндік.
Жалпы, бұл бағдарлама мұғалімнің алдына оқушының жандүниесін жақсы түсініп, оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп, бағалай алуына баулуды міндеттейді. Сондықтан мұғалім жаңалық жаршысы ретінде оқытудың тиімді тәсілдері мен озық тәжірбиелерді сараптап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Осы мақсатта ұйымдастырылған мұғалімдердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлі курсының жүгі жеңіл емес. Жасалынып жатқан игі істер мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Осындай тұлғаны дамыту үшін мен де курс барысында алған білімімді тәжірбиеде іске асыруға тырыстым.
Басында балалар сабаққа көп қызыға бермейтін, оларды қалай қызықтырсам, сағатымды қалай тартымды өткізсем деген ой маған маза бермейтін. Осы сұрақтардың шешімін қалай табамын деп жүргенде, мені ойламаған жерден үш айлық Кэмбридж бағдарламасының курсына жіберді. Сол үш айлық курста балаларды сабаққа қызықтырудың әдіс-тәсілдерінің көп екенін білдім.
Біз көбінесе балаларға шектеу қойып, сабақ барысында мұғалім 80 пайыз өзі сөйлеп, оқушыларға тек оқулық көлемінде білім береді екенбіз. Қазір байқағаным, балаларға еркіндік берсем, өз бетімен білім алуға жағдай жасасам, оқушы білім алуға соғұрлым көп қызығады екен. Өздері ізденеді, өздері керегін табады. Өз еңбектерімен оқып, ізденген соң, өз білгенін ішіне жасырып өзі ғана біліп отырмай, жанындағы жолдасына үйретуге тырысады. Өз білімімен бөліскісі келіп тұрады. Шынымен де балалардың сабаққа деген белсенділігі, қызығушылығы артты...
Бір сөзбен, Кембридж бағадарламасы іздегенге сұраған әдіс болады. Жалпы, бұл бағдарлама бұрыннан оқытылып жүр. Бірақ, соны дұрыс пайдалана алмаппыз. Мысалы, «сыни ойлау» да бізде бұрыннан бар, бірақ, біз балаларға еркіндік берген жоқпыз. Ал мұның басты бағыты - балалардың өз бетінше ізденіп, білім алуына мүмкіндік беру. Біз оған шектеу қойып келгенбіз. Ал қазір менің сабағымда барлық оқушы өз ойын еркін айта алады.
Жалпы, дарынсыз бала болмайды.Тек ұстаз әр баланың ерекшелігін дер кезінде тани білуі керек. Ол үшін әр баламен жеке-жеке жұмыс жасау керек. Мен өзім оқыған курстан үйренген әдіс-тәсілімді пайдаланып көргенде, осыған дейін байқамаған көп нәрсені көрдім. Бір оқушымның бойында сурет салуға деген талпыныс бар екен. Біз көбіне тек бейнелеу сабағында ғана сурет салдырамыз. Сондықтан, бізде бала бойындағы қасиеттерді бақылап, зерделеуге уақыт болмады. Ал енді топқа бөлініп жұмыс жасағанда баланың бойындағы әлгіндей қабілеттерді анық байқауға мүмкіндік туды. Сол қабілет- дарынды әрі қарай дамытсақ, болашақта сол оқушыдан керемет сәулетші не суретші шығуы ғажап емес.
Я.Коменскийдің: «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана,» - деген екен. Мен мұны бүгінгі күннің жаңашыл ұстаздарына арналған қағида деп білемін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.