Меню
Назад » » »
Диктант «Қазақтың бас ақыны»
загрузка...

загрузка...
Қысқа мерзімді жоспар
№6 Күні: 10-сынып Қазақ тілі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовнаның қысқа мерзімді жоспары
Сабақ атауы Диктант «Қазақтың бас ақыны»
Жалпы мақсаттар «Сөз мәдениеті. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары» тақырыбы бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.
Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.
Оқыту нәтижелері Оқушылар өз белсенділігін көрсетуге тырысады;
теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады, күнделікті өмірде қимас адамдар болатынын біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.
Негізгі идеялар Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.
Мәтіннің жазылу стиліне назар аударту, Ахмет Байтұрсынов мақалалары жайлы мәлімет білгізу, жазушы стиліне жалпылама талдау жасау.
Дереккөздер, сілтемелер «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы»
Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл
Қызығушылығын ояту Еркін әңгімелесу.
Биыл неліктен күн ерте суытты деп ойлайсың?
Күн ерте суытпағанда қандай іс тындырар едің?
Адамдардың сүйікті жыл мезгілі туралы не ойлайсың??
Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.
Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.
Мағынаны тану 1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықса, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық - Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да , Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.
А.Байтұрсынов
Қосымша тапсырмалар: Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те, көргендердің айтуынан білеміз.
Сөз құрамына, сөйлем мүшесіне талдау.
Ой толғаныс Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.
«Әдебиет танытқыш» кітабынан 5 сөйлемге синтаксистік талдау.
Бағалау Суммативті бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Диктант «Қазақтың бас ақыны» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 338 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar