Меню
Назад » » »
Күз айлары.Сапалық, қатыстық сын есімдер.
загрузка...

загрузка...
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
И.П. Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Курлеутова М.Т.

7- сынып Сабақтың тақырыбы: Күз айлары. Сапалық, қатыстық сын есімдер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көңілдерін табиғат құбылыстарына аударып, жыл мезгілдерінің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар екенін ұғындыру. Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Міндеттері:1.Күз туралы және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері жөнінде мәлімет бере отырып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.2.Сөздік қорларын молайту,оқушылардың білімдерін дамыту.3.Тапқырлыққа,ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін дамыту.Табиғатты аялауға, қорғауға баулу.
Әдіс –тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікіралмасу, жинақтау, топтастыру.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған кестелер, ватман, интерактивті тақта, оқулық, көкөністер мен жемістер, үлестірме материалы
Әдісі: Қайталау сабағы

Сабақтын барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
3.Мәтін бойынша жұмыс
4.Венн диаграммамен жұмыс
5. Семантикалық картаны толтыру
6. Ойын «Көкөністер мен жемістер»
7.Рефлексия
8.Қорытынды
9.Үй тапсырмасы

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,түгендеу.Сабаққа назарын аудару.
Балалар,бүгін бізге қонаққа ұстаздар келіпті.Сәлемдесу- әдептілік белгісі, алдымен оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын ұстаздармен амандасып алайық.
Балалар:
Армысың, Алтын күн! 1-слайд
Армысың, Жер ана!
Армысыздар қонақтар!
Армысыңдар достарым!
Аман болсын халқымыз,
Заман болсын ең тыныш!
Аман болсын аналар,
Аман болсын балалар!
«Шаттық шеңбері» тренингі ұйымдастыру. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі.
Балалар, енді «Жүректен жүрекке» дей отырып шеңбер бойына жиналып, бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.
Аспанымыз ашық болсын! 2-слайд
Еліміз тыныш болсын!

Ынтымағы жарасқан ел болайық!
Қазақстан гүлдене берсін!

. Күніміз жарық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Көк туымыз биік болсын!
Аналарымыз аман болсын!
Отбасымыз аман болсын!
Жеріміз бай болсын!
Әрқашан күн сөнбесін!
Балалар, айтқан тілектерің орындалсын, мен де сендерге бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеймін, - деп балаларды орындарына отырғызамын.
Жарайсыңдар!

-Біз бүгін топтық жұмыс жасаймыз.Ал, қазір сендер «Түрлі-түсті жапырақтар» арқылы 3 топқа бөлінесіңдер. Кімде жапырақ қандай түсті, сол топқа отырады.Мысалы, жасыл түсті- қыркүйек тобы, сары түсті-қазан тобы, қызыл түсті –қараша тобы.
1 топ-қыркүйек айы
2 топ –қазан айы
3 топ-қараша айы
-Бүгінгі сабақта балалар, өз білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Әр оқушының алдында бағалау критерийлері жатыр.Сол критерий бойынша өздеріңді бағалайсыңдар..
3.Ойлан, ойды бөлісу стратегиясы
-Қанеки балалар еске түсірейік. Мына сұрақтарға жауап берейік:
-Біз қайда тұрамыз?
-Жақсы, Қазақстан қандай ел?
- Қазақстан бай, үлкен, әдемі, көп ұлтты, тату, тәуелсіз ел.
- Қазақстан несімен бай?
- Қазақстанда көмір, мұнай, газ, түрлі – түсті металдар өндіріледі. Түрлі жемістер мен көкөністер өсіреді.
Егін өсіреді.
- Егінді қашан егеді?
- Қай кезде жинайды?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай жыл мезгілін ұнатасыңдар? Неге?
-Жазды ұнатамын,өйткені жазда күн ыстық,жылы болады.
-Қыс ұнайды. Қыста Жаңа жыл келеді,коньки, шаңғымен сырғанауға болады.
-Көктемді ұнатамын.Күн жылынады,ұзарады.
-Күзді ұнатамын,өйткені күзде менің туған күнім болады.

4.Қызығушылығын ояту. Фонетикалық шынықтыру. Бұл қай кезде болады? 3-слайд
Ал, енді тақтаға назар аударып, берілген өлеңді барлығымыз бірге оқиық.

Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап,тоңады.
Айтыңдаршы,бөбектерім,
-Бұл қай кезде болады?(Ш.Ахметов)
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін біз сендермен күз тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
5.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту. 4-5слайдтар

-Күздің неше түрі бар?
-Ерте күз, орта күз, алтын күз.
-Ерте күз дегеніміз не?
-Қыркүйек айын айтамыз.
-Орта күз дегеніміз не?
– Жапырақтар құрап жерге түскен кезі.
-Алтын күз дегеніміз не?
-Егіннің, көкөністер мен жемістердің піскен кезі

Осы тақырыптың аясында мен сендерге мәтіндер ұсынғым келіп отыр.

7.Мәтінмен жұмыс.Тапсырма : Мәтінді оқып,мағынысын түсініп,постер жасап, қорғайсыңдар.6-слайд 10 минут уақыт беріледі

-
8. Кластермен жұмыс. Венн диаграммасын толықтыру 7-8 слайдтар
-

Ал енді осы жыл мезгілдерін Венн диаграммасы арқылы салыстырайық.

Ортақ белгілері:
жыл мезгілі
еңбек ету
жаңбыр жауады
мерекелер болады

көктем жаз күз
егін егеді егін баптайды егін жинайды
табиғат оянады күн ыстық күн суытады
құстар келеді құстар балапан шығарады құстар ұшып кетеді
ауа райы жылынады жидек піседі жеміс піседі

Оқушыларға көктем,жаз бен күзді салыстыруға,орта қасиеттері мен айырмашылықтарын анықтауға ұсынамын.
Осы аталған жыл мезгілдерінің қасиеттері қандай сұрақтарға жауап береді?
9.Грамматикалық тақырыпты пысықтау.
-Сын есім дегеніміз не? 9-12 слайдтар
Тапсырма:
Мәтіннен сын есімдерді теріп,мағынасына қарай ажырату
Семантикалық картаны толтыру 13-15 слайдтар

10.-Балалар, күзде қандай мерекелер болады?
-Білім күні,Ұстаздар күні,тіл мерекесі.
-Тіл мерекесі қашан болды?
-Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-Көп тіл білетін адамды қалай айтамыз?
-Сондай адамдарды білесіңдер ме?

-Ал енді балалар бір ойын ойнайық.Ойының атты «Полиглот» 16-слайд
.Осы себеттен көкөністер мен жемістерді алып,аттарын қазақша-орысша-ағылшынша айту
14.Қорытынды.
Синквейн құрастыру 17-слайд
Күз туралы не білдік?
Ауа райы қандай?
Күзде не піседі?
Балаларға баға қою.
11.Үй тапсырма: шағын-эссе «Алтын күз».18-слайд Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Күз айлары.Сапалық, қатыстық сын есімдер. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Курлеутова Мақпал Тобыловна

И.П.Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 741 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar