Меню
Назад » » »
М.Мақатаев «Мен таулықпын»
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы : М.Мақатаев «Мен таулықпын»
Сабақтың мақсаты :
1. Ақынның өмірі , өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу,талдау.
2. Отаншылдыққа , туған жерге деген сүйіспеншілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
3. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушыны дайындау.
Сабақтың типі : аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті ,бүктеме, бейнетаспа
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Фантазия» өлеңін жатқа, сұрау.
1. Фантазия дегеніміз не ?
2. Фантастика дегенді қалай түсінесің ?
ІІІ. Ақын туралы білгендерін топтастыру.






ІУ. Мақсат қою
Нені білеміз ?
Нені меңгереміз ?
У.Жаңа сабақ
1. Тербетіліп тауымның аясында,
Өссіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым , тоясың ба ?
Тау менің несібеме , тиіпті ерек,
Үлкендер «Таудай бол» дейтін маған,
Таудай болғым келеді, биік керек.
Ақын тауда өскен, жүрегі таза, сезімі асқақ, жыры мөлдір бұлақ.
|Бейнетаспадан ақынның сүйікті тауы Хантәңірін көрсету|
Ақынның біршоғыр өлеңдері тау тақырыбына арналған. «Хаңтәңірі» , «Жігіттер демалайық тауға барып», «Тауда өстім», «Таудай болғым келеді», «Ығысыңдар , әй таулар, ығысыңдар», «Тау бір аңыз», «Түсіме тау кіреді» т.б. Осындай керемет , сыршыл , әсерлі өлеңдерінің бірі – «Мен таулықпын » өлеңі.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Бір – екі оқушыға мәнерлеп оқыту.
3. Мәтінде кездескен қиын сөздерге ,мәтінге талдау жасау.
Ақын тау баласы екендігін шынайы махаббатпен жырлайды.
Тау бір аңыз ,
Тау-дастан
Таусылмайтын әу бастан,
Ана жердің төсіне ,
Алып сәби жармасқан,-деген сөз өрнегімен шынайы жырлайды.
Ақын табиғаттың әсемдігін жырлай отырып , сол табиғатқа деген өзінің қатынасын білдіреді.
Ығысыңдар,
Ей таулар !
Ығысыңдар.
Орын сайла ортаңнан жұмысым бар,
Ата болып не маған ұрысыңдар,
Адам болып немесе ұғысыңдар - деп ,тіпті тауға өтініш айтып, қолқа салады.
(Асысаға тауынан табылған ақын бейнелі мүсіннің суретін оқушыларға көрсету )
6.«Мен таулықпын» өлеңіне талдау жасау \Оқушылар талдау жасап жатқанда ақынның өз даусымен оқылған өлеңін үнтаспада қосып қоямын\

4. Өлеңдегі бейнелі сөздерді дәптерге жазғызу
УІ.Сабақты бекіту:
«Хантәңірі» суреті бойынша шыңға өрмелеу ойынын ойнату.
«Тау баласы» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

УІІ. Бағалау
УІІІ. Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау (сурет салу) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему М.Мақатаев «Мен таулықпын» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 302 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar