Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» -

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 277 | Просмотров: 1669 | Размер: 40.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Жұмабаева Меруерт Сабырбайқызы
Астана қаласы, №56 мектеп-лицейі
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Ғасырлардың тоғысында қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер мектептік жүйедегі оқу пәндерін меңгерудің методологиялық негізгі мен дидактикалық шартынын бастап, ондағы білім мазмұнының, құрылымдық жүйесінің, оқыту әдіс-тәсілдерінің жаңа парадигмалық сипат алуын алға шығарып отыр. Адам баласының даму тарихында білім негізгі құндылықтардың бірі болып табылатындықтан,оны оқушының өмірлік ниеттілігі тұрғысынан жетілдіру қай уақытта болсын өзекті болып қала береді. Қазақстанның білім беру жүйесінің ұлттық құндылықтарға негізделіп оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделі бойынша жүзеге асқалы отырған қазіргі уақытта пән негіздерге озық технологияларды пайдалана отырып меңгеру жетекші мәнге ие болуда.
Технологияны қолдану мұғалім шеберлігі ерекше мәнге ие болып, олар тиесілі сапасын арттырудың маңызды шарты ретінде бірінші қоғамдық-әлеуметтік сай жетілдіріп отырады. Қай технологияны таңдау оқу үрдісіне мұғалім мен оқушы қатынасына тәуелді болады. Бұл балада шығармашылық күштерді босату әдісі, іздестіру, зерттеу, шығармашылық рухын оятатын және қолдайтын, баланы белсенділік күйіне жеткізетін әдіс болуы керек.
Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Баланы субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Сын тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шындалғанын ойлау әрекеті.
Мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болу үшін өз ісін дұрыс, тиянақты жоспарлардың маңызы үлкен. Сабақты дұрыс жоспарлау дегеніміз, менің ойымша, сын тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша, баланың сұранысын ескеріп, өз жоспарларынды өзгертуге дайын болу.
Оқушы санасын сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастырып, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамыту «Сын тұрғысынан ойлауда дамыту» жобасының ерекше екендігі өзімнің сабақтарда қолданғанымның айқын дәлелі.
СТО бағдарламасының әдіс-тәсілдерін пайдалану барысында қорқу-қуану, қиналу қатар жүрді. Әр сабақтан соң «Қай жерде қателестім?», «Қай әдіс нәтиже берді?», «Нені қалай жасау керек еді?» деген сұрақтар төңірегінде ойлана отырып, тек форма қуу емес,философиясына терең үңілу керек екендігін түсіндім.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын оқу үрдісіне қолданудағы:






Бұрын дәстүрлі оқыту жүйесінде менің міндетім тек түсіндіру болатын. Түсіндіруде тек бір сана,бір объект,сөз түр – монолог болып келетін. Білімді дайын күйде бере салатынмын. СТО стратегияларын қолдана отырып оқушылар жұмысты өздігінен істегенде тұлға жан-жақты өз бетінше білім алып,жұмыс істеуге дағдыланды.
Өз бойларында оқып-үйренсем деген іздемпаздық қасиет дамыды,ой белсенділігі артты. Әдебиет пәнін жаттанды түрде емес шығармашылық тұрғыдан оқып,өзінің қабілетін ұштай қанаттандыра түсуіне ықпал етеді.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы кез-келген мұғалімге сапалы сабақ беруге мүмкіндік жасайтындығымен,оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің көптігімен,сабақ кезінде барлық стратегиялар үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен ерекшеленеді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.