Меню
Назад » » »
Сүйікті жемісім- алма
загрузка...

загрузка...
СҮЙІКТІ ЖЕМІСІМ - АЛМА

Марзуова Гульмира Амангельдиевна Шымкент қаласы, № 28 жалпы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Сүйікті жемісім- алма
Сабақтың мақсаты:
1. Адам және табиғаттың байланысты екендігін пысықтау.
2. Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде алма жемісі
туралы түсініктерін кеңейту.
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялар арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Көрнекіліктер: Алма түрлері және суреті, таблицалар, карточкалар,кітаптар т.б. заттар.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
3.Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен ұлағатты ұстаздар мен оқушылар.
Салеметсіздерме!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру

1. Ет тағамдарына қандай тағамдар жатады?
2. Қазақ халқының ұлттық тағамы қандай тағам?
3. Сүт тағамдарына қандай тағамдар жатады?
4. Қандай ботқаларды білеміз?
5. Қандай салаттарды білеміз?
6. Күздің бір күні, қыстың алты айына татиды деген мақалды қалай түсінеміз?

Жаңа сабақ. Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын топқа бөлініп алайық

Топқа бөлу.
1 –топ «Қызыл алма»
Топ ұраны.
Нарттай қызыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем

2- топ «Жасыл алма»
Топ ұран.
Мен алмамын, алмамын
Таңдай татар бал дәмім.
Мен алмамын, алмамын,
Аузындамын бар жұрттың.

3- топ. «Сары алма»
Топ ұраны.
Табиғатты қорғаймыз
Ағашты сындырмаймыз
Жапырағын баптаймыз
Жемістерін баптаймыз.

1. Топпен жұмыс: (Ой толғаныс). Карточка таратылады. Сурет бойынша мәтін құрастыру



2. «Кім тапқыр» ойыны
(4- тапсырма бойынша суреттерді орындарына қою)

Айбек... жақсы көреді.
Валя ..... жинайды.
Катя ..... алды.
Досбол ..... жуды.
Женя .... жақсы көреді.

3.«Өрмекші торы» әдісі (сөздікпен жұмыс)

Алма бағы – яблоневый сад
Домалақ- круглый
Дәрумен- витамин
Дәмі- вкус
Жинау- собирать
Тағамдар- блюда
Дәмді- вкусный
Дастарқан-скатерть
Қой еті- баранина
Жылқы еті- конина
Сиыр еті- говядина
Сорпа- бульон
Палау- плов
Той- праздник
Қуырма- жареный
Мейіз- изюм
Орамжапырақ- капуста
Қызылша- свекла
Сүт кеспе- молочный суп
Балмұздақ- мороженное
Тәтті- сладкий


4. Сергіту сәті. Көктемгі серуен.

5. Семантикалық картамен жұмыс.

Кімнің сүйікті тағамы қандай?
борщ палау мәнті тұшпара






Кімге қандай салат ұнайды?
«Оливье» салаты «Сәбіз» салаты «Қызанақ» салаты «Қияр» салаты






Кім нені жақсы көреді
етті
борщты
мәнтіні
тұшпараны

6. Кластер қорғау

7.Сабақты қорыту.
8.Бағалау кезеңі.
9.Үйге тапсырма: Өздері жақсы көретін жемістерінің суретін салу, сол туралы шағын әңгіме жазып келу Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сүйікті жемісім- алма можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 695 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar