Меню
Назад » » »
Сөзжасамнан өткенді қайталау
загрузка...

загрузка...
Сөзжасамнан өткенді қайталау

                                                    (5-сынып)

Сабақтың міндеттері: 1) Көкшетау өңіріндегі атаулардан күрделі сөздерді

тапқыза отырып, Көкшетау маңындағы көлдер, шөптер,құстар жайында

мағлұмат беру,оқушылардың теориялық білімдерін пысықтау.

2) Практикалық білім дәрежесін одан әрі кеңейту, оқушылардың ой-

өрісін,сауаттылығын тілін дамыту;

3) Оқушыларды өзара сыйлауға үйрету, табиғатты сүюге, туған жерін, елін

құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақ көрнектіліктері: кодоскоп, карточкалар, суреттер, Венн диаграммасы,

Сызылған плакаттар, т.б.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс, т.б.

Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды пысықтау.

Пәнаралық байланыс: биология, география, музыка, әдебиет, т.б.

Сабақтың барысы.

 Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

1. Ой шақыру стратегиясы

С.Сейфуллиннің «Көкшетау» дастанынан үзіндіні жатқа айта отырып,

Оқушылардан Көкшетау жайлы (орналасқан орны,өсімдігі,табиғаты,таулары,

көлдері, т.б.) сұрау.

- Мен неліктен осы сабақта С.Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңін оқып тұрмын?

Кім не ойлады? Оқушылар назарын «Көкшетау» суретіне аударамын.

- Йә, талайды тамсандырған сұлу Көкше өңірінде небір аңыздар бар. Біз бүгін Көкшетаудың сұлу табиғатына  тамсана отырып, сол өңірдегі көлдер,шөптер,балықтар жайлы мағлұматтар аламыз және күрделі сөздерді тауып, құрамына, тұлғасына қарай ажыратамыз.

Әр оқушының жанында қоржындары бар, соған сабақта кездескен барлық күрделі сөздерді салып отырады.Күрделі сөздер үйден ой-толғау жазуға қажет болатындығын ескертемін.

 

 

 

 

2. Топтастыру стратегиясы.

 



 



 



 

 Түбір                                     туынды                                біріккен



 

 

                                            Сөз тұлғасына

                                                 қарай



 



 



 

 



 



 

тіркесті                                   Қос сөз                                 қысқарған

 

                             қайталама              қосарлама

 

Үй тапсырмасын сұрау. Карточка беремін, сыртында киіз үй, білезік

бейнеленген. Ішкі жағындағы тапсырманы орындайды. Сөздерді құрамына, тұлғасына қарай ажырату.

        І топ                                                                  ІІ топ

Құздың                                                              Тауға

Сарыарқаны                                                      Қарағайлы-қайыңды

Айнала-төңірек                                                    Көкшетау

Киіз үй, білезік суреттеріне қарай отырып, күрделі сөздерді тапқызу;

3. Венн диаграммасы

Екі топқа да бір-бір жаңа плакат беремін, өздері ақылдаса отырып, Венн диаграммасын сызады.

І топ. Қос сөз бен қысқарған сөздерді салыстырады, яғни ұқсастығы мен ерекшеліктерін жазады.

ІІ топ. Біріккен сөз бен тіркесті сөзді салыстырып, ұқсастықтары мен

ерекшеліктерін жазады.

4.Еркін жауап.

Тақтаға төмендегідей кесте сызамын, әр оқушы өзіне берілген карточкадан күрделі сөзді тауып, кестеге жазады.

   Күрделі сөздердің жасалу жолдарын ауызша айтады.

 

Қос сөз

Біріккен сөз

Қысқарған сөз

Мысалы: қарағайлы-

Қайыңды, жартасты-

Жарқабақты, физика,математика, т.б.

Көкшетау,

Бурабай,

Жұмбақтас, т.б.

Пединститут, км., т.б.

физика,математика, т.б.

   

 

Карточкадағы сөйлемдер

№1 Көкшетау – Сарыарқаның солтүстік бөлігінде оқшау жатқан қырат. Ол

Батыстан шығысқа қарай 400-500 км-ге созылып жатыр.

№2 Таудың бергі баурайында беті айнадай мөлдіреген Бурабай көлі көрінеді.

Көлде ақтабан,алабұға,шабақ,сазан,шортандар бар.

  Көлге сұғына енген әсем Қызылтас сияқты мүйістер,сыңсыған

Қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді.

№3. Бурабайдың солтүстік бөлігінде жартасты-жарқабақты келген

«Жұмбақтас» аралы орналасқан.

№4. Құртқашаш, қаражидек, қиякөлең,мыңжапырақ, көкшағыр – Көкшетау

өңірінде өсетін өсімдіктер.

Ақжон,аққанат,көксала құстары Көкшетау қыраттарында кездеседі.

№5. Көкшетау жеріндегі Майлысор,Айдабол,Көлшүмек –тұйық,тұзды

көлдер.

№6. Көкшетаудың оңтүстік етегінде  «Оқжетпес» демалыс орны орналасқан.

«Бурабай» демалыс орнындағы негізгі ем – қарағайлы-қайыңды орман,

шипалы таза ауа, сұлу табиғат.

  Әр карточкадан кейін оқушыдан не туралы айтылғанын сұрап аламын,

содан соң сол күрделі сөзді «Көкшетау» бейнеленген суретке апарып ілемін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сөзжасамнан өткенді қайталау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Кузембай Корлан Сергазыкызы

Ақсу негізгі орта мектебі

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 649 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar