Меню
Назад » » »
Санамақтар.
загрузка...

загрузка...
Санамақтар.
1. Мамам, папам екеуі,
Үш ұл, тоғыз немере.
Неше шеге жетеді
Киім ілсек шегеге?

2. Шөбі шалғын еңісте,
Жайылып жү өрісте –
Әңгі есек – жеке,
Екі теке,
Үш түйе,
Төрт бие,
Бес қошқар,
Сиыр – алты,
Барлығы қанша жалпы?
(Барлығы 21)
Бұларда бар:
Қанша құлақ,
Қанша тұяқ,
Қанша табан,
Қанша сақал,
Қанша мүйіз,
Қанша өркеш,
Қанша емшек?
Санап көрсек...
(42 құлақ, 72 тұяқ, 12 табан, 2 сақал,
26 мүйіз, 6 өркеш, 38 емшек)

3. Қанша бала?
Бір топ бала тоғаннан,
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде, олардан,
Тиді әркімге үш балық.
Айтыңдаршы, ал енді,
Бала саны қанша еді?
(5 бала)

4. Неше қаз?
Көлде ұшты жеті қаз,
Қайта қонды үшеуі.
Шешіңдерші қанеки,
Ұшып кетті нешеуі?
(4 қаз)

5. Қанша жаңғақ?
Жанқалтамда әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пенен Маратқа,
Самат пенен Қанатқа,
Апасына Қанаттың,
Екі – екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаным?
(Жаңғақ)

6. Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі –
Отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім,
Саны қанша, айта ғой,
Үйдегі бар кісінің?
(10 кісі)

7. Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта
Және екі тыс қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте,
Кәне, ал,
Менің неше қалтам бар?

8 Ақ қалпақ, көк қалпақ!
Барлығы – алты қалпақ.
Ақ қалпақ бесеу болды,
Көк қалпақ нешеу болды?

9. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қоян, бір түлкі –
Бәрі нешеу, кім білді?

10. Бес бұтақты ағашта –
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Азатқа,
Сонда қалмақ неше алма?

11. Алдында үш балапан,
Артында үш балапан,
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын, балақан?

12. Көлден ұщты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Кәне, кім тез шешеді?

13. Ауылда – бес үйрек,
Қорада – үш үйрек.
Су іздеп балпаңдап,
Жөнелді екі үйрек.
Қора мен аулада
Санашы неше үйрек?

14. Биік терек алда тұр,
Басында көп алма тұр.
Бұтақ сайын бес алма,
Бес бұтақта неше алма?
Кәне, ойлап бағайық,
Шешімін тез табайық!
(Алма теректе өспейді)

15. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы неде?

16. Бір күні қасқыр мен түлкі екеуі бір себет балықты бөліп жемекші болды.
Сонда қасқыр:-Сен, маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықты сен бөлші, - дейді түлкіге.
Сонда түлкі: - Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған, бесеуі саған, алтауы маған, жетеуі саған, сегізі маған, тоғызы саған, оны маған.

17. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда 15 килі тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

18. Меніменен алты қыз
Бірге қырдан асты.
Төрт қыз, бес ұл қосылып
Неше болды, тапшы?

19. Екі алма қолға алдым,
Екі алма қалтаға салдым.
Үшеуін алды Айша
Бәрі сонда қанша?

20. Інім жеті жаста,
Ағам жиырма жаста.
Інім ағамнан
Кіші қанша жасқа?

21. Үй мен мектеп арасы
Үш шақырым шамасы.
Барып келгенде жаяу
Қанша жүріпсің санашы?

22. Үйде аға-жеңгем,
Үш әпке, жездем.
Апам, әкем, шешем,
Інім және мен.
Келді досым Төкен,
Еріп келді Бекен.
Барлығымыз қанша?
Айтшы санын көкем!
23. Екі киіз,
Алты мүйіз,
Сегіз балта,
Тоғыз қалта,
Отыз малта.
Жаңылма, бала,
Түгендеп сана.

24. Өсіп тұрған бір қайың ағашы тәулігіне 40 литр су ішеді екен. Ал осындай екі қайың ағашы 80 литр суды қанша уақытта ішуі мүмкін?

25. Үстелге он үш алма,
Он үш алша үйілді.
Алты алма мен жеті алшаны
Балта алса,
Алматқа қанша алма,
Қанша алша бұйырды?

26. Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар.
Бір қарт арқар бар.
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға қарт арқарды,
Қосса, қанша арқар бар? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Санамақтар. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 332 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar