Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Синонимдер 5 сынып -

Синонимдер 5 сынып

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2248 | Размер: | Автор:
. Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті
№19 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сейталиева Шамшырақ Әділханқызы.
Сыныбы: 5 «в»
Сабақ тақырыбы: Синонимдер
Сабақ мақсаты:
1)оқушыларға синонимдер туралы түсінік беру,сөздерді лексикалық жолмен талдай білуге үйрету;
2)оқушылардың мысалдар арқылы ереже шығара білу, ойлау қаблеттерін дамыту;
3)оқушыларды сауатты,таза жазуға, синоним сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, шағармашылық жұмыс, постер қорғау, интервью.
Көрнекілігі: плакаттар, кеспе қағаздар, суреттер, стикерлер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.Зейіндерін сабаққа бөлу.
Шаттық шеңбері: Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Менің жанұям» тақырыбында омоним сөздерді қатыстырып мәтін жазу.
«Интервью» әдісі арқылы омоним тақырыбын еске түсіру.
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
3. Жаңа сабақ.
Зат есім Сын есім
Кім? Қандай?
Мұғалім Ажарлы
Ұстаз Келбетті
Оқытушы Сұлу
Педагог Әдемі
Етістік Үстеу
Не істеу? Қашан?
Кідіру Жуырда
Аялдау Жақында
Тосу Таяуда
Күту Жуықта
Әр бағандағы сөздерге сұрақ қойып бір-бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстыра отырып синонимдердің ережесін шығару.



Жаңа сабақты пысықтау
Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?» ойны.
Суреттерге қарап оқушылар синонимдер қатарын тізбектеп шығарады.
Ұстаз,мұғалім,оқытушы Нәресте, сәби, бөбек, бала, перзент

Ер бала, жігіт, ұл Тамақ, ас, ауқат, тағам, дәм

Қандай көңіл-күй?
Қуану,шаттану, мәз болу

4.Оқулықпен жұмыс
70-жаттығу.
Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдалана отырып, әр синоним сыңарларын бір вагон деп есептеп, өздерің теріп алған синоним қатарларынан пойыз жасаңдар.Содан кейін сол пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
71-жаттығу.
Мәтінді оқып, оның мазмұнын өз ойларыңды қоса отырып әңгімелеңдер.
Ғажайып, шақ, қараулық, уәде, айла, жан сөздерінің синонимдерін тауып,олардың орнына қолданып көріңдер.
Синонимдік қатар құру.
Әрқатарға сөздер беріледі. Сөздерге синонимдер табады.
1 қатар:туысқан- туыс,тума, ағайын
2 қатар:данышпан-дана, ұлы, ғұлама, ойшыл
3 қатар: азайту- алу, кеміту,шегеру, қысқарту
5.Сабақты бекіту.
Постер қорғау.
Сабақты толық түсінген,өзгеге көмек бере алатын оқушы қызыл түсті стикерді жабыстырады,мен тақырыпқа түсіндім,синонимдерді таба аламын деген оқушы жасыл түсті стикерді,мен тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет деген оқушы сары түсті стикерді жабыстырады.
Сабақты толық түсіндім,өзгеге көмек бере аламын Тақырыпқа түсіндім,синонимдерді таба аламын Тақырыпты түсінген сияқтымын, бірақ маған көмек қажет


6.Үйге тапсырма.
72-жаттығу.
Синонимдер тақырыбын оқу.
7.Бағалау.
Оқушыларды сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.