Меню
Назад » » »
Синтаксистен өткенді қайталау
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Синтаксистен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты – білімділік: синтаксис саласы бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, алдыңғы сабақтарда өткендерді еске түсіріп қайталау арқылы оқушы білімін бағалау;
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту, ой ұшқырлығына баулу;
Сабақтың тәрбиелік мәні: ана тілін қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу, ата-баба салтын қадірлеу, өз ұлтының тілін құрметтей отырып, қызмет жасау, адамгершілік қасиеттерді бойна сіңіру;
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, үнтаспа, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тест.
Сабақтың түрі: қорытында сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І деңгей. «Ауылым – алтын бесігім» шығармаларын тексеру
ІІ деңгей. Биылғы мерейтой иелерінің өлеңдерін жаттап келу
1) Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – 120 жыл
2) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) – 120 жыл
ІІІ деңгей. Еңбек тақырыбына мақал-мәтелдер жаттап келу
ІІІ. Ең алдымен «Біліміңді байқап көр» сайысы
(теориялыр білімін тексеру)
- Синтаксис нені зерттейді?
- Сөздердің байланысу тәсілдерін ата?
- Сөздердің байланысу түрлерін ата?
- Сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөз тіркесінің айрықша белгілері қандай?
- Сөз тіркесі, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді ата. Мысал келтір.
- Сөз тіркесінің түрлерін ата? Есімді,етістікті сөз тіркесі дегеніміз не?
- Сөз тіркесінің құрылысын ата?
- Матасу, меңгеру, қабысу, жанасу дегеніміз не?
- Сөз тіркестері қандай синтаксистік қатынасты білдіреді?
- Синтаксистік қатынастарды ата?
- Анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастар дегеніміз не?
Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
1) Проблемаларды шешу құзыреттілігі
- Өздігінен шешім қабылдайды
- Сөздік қорын өз бетінше толықтырады
2) Ақпараттық құзыреттілігі
- Ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды
- Шығармашылық жұмыстарды орындайды
3) Коммуникативтік құзыреттілігі
- Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді
- Грамматикалық нормаларды ұсынады
Сынып екі топқа бөлінеді:
І топ: «Абай» ауылы
Ұраны: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
ІІ топ: «Ыбырай» ауылы
Ұраны: «Еңбек – адамның екінші анасы»
І. Шығармашылық жұмыс
Үнтаспадан Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Мен – қазақ» өлеңдерін тыңдатып, сөз тіркесінің түрлерін тапқызу.
І. Деңгейлік тапсырма
Синтаксистік талдау жасау
1. Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр. 2. Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. 3. Әкем сөзімді үндемей отырып тыңдады. 4. Бейсен Жомартпен ауылға қайтты.
ІІ. Деңгейлік тапсырма
Сөз тіркесін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді топтап жазыңдар.
Екінші басылым, көзді ашып жұмғанша, келе жатыр, қоян жүрек, қара ала, әдемі киіну, кішкентай бауыры, қара жүрек, Арал теңізі, бармағын тістеді.
Сөз тіркесі Тұрақты тіркес Күрделі сөз


ІІІ. Деңгейлік тапсырма
Мына сөздерге басыңқы сөз тіркеп есімді тіркес жасаңдар.
Қара ... , оқыған ... , жақсы ... , жаңа ... , жайнаған ... , мейірімді ... , сұлу ... , шөкім ... , суық ... , еңбектенген ... .
ІІ. Кім тапқыр?
І топ: «Абай» ауылы
1. Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың көзін табады.
2. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
3. Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
4. Артық байлық –
адамды аздырады.
5. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
6. Артық күлкі –
жиреніш қоздырады.
ІІ топ: «Ыбырай» ауылы
Мақал – мәтелдерден сөз тіркесінің түрлерін табыңдар
1. Татулық – шаңырақ шаттығы,
Ынтымақ – көңілдің пәктігі.
2. Ұяты бар ертеңін ойлайды,
Ұятсыз әдетін қоймайды.
3. Жақсының сәлемі жоғалмайды,
Жаманның пәлегі оңалмайды.
4. Өсиет айту – нұрға батырады,
Өсек айту – күнәға батырады.
5. Жомарттық – жоғалмас қасиет,
Жамандық – жазылмас қасірет.

ІІІ. Сәйкестендіру тесті
І топ: «Абай» ауылы
Қиысу баланың жақсысы

Матасу кештете келді

Қабысу мен айтамын

Меңгеру адал ниет

Жанасу суды төкті
ІІ топ: «Ыбырай» ауылы

Қиысу көршінің қызы

Матасу суды төкті

Қабысу мен жазушымын

Меңгеру әдейі келді

Жанасу алтын сағат

IV. Өзіндік жұмыс
Синтаксистік қатынастың түрлерін табыңдар
Анықтауыштық қатынас:

Пысықтауыштық қатынас:

Толықтауыштық қатынас:

Аянның добы, сөзге шебер, үйдің есігі, гүлді суару, биыл ашылды, алыс жер, көзбен көру, зорға ашылды, терезеде тұр, сенен алды, бес қағаз, ауылда қалды
V. Семантикалық карта
І топ: «Абай» ауылы
Мысалдар Есімді тіркес Етістікті тіркес
Қызықты кітап
Мәнерлеп оқу
Асыл тас
Оқыған адам
Білім қуу
Мысал жазу
Ізденген оқушы
Нұрын сепкен күн
Тіл меңгеру

ІІ топ: «Ыбырай» ауылы
Мысалдар Қиысу Меңгеру Матасу Қабысу Жанасу
Мен үйрендім
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі
Ерте туып, кеш қалған
Темір күрек
Үйді көрдім
Сабақты бекіту: Лездік сұрақтар.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Менің қиялымдағы болашақ Қазақстан» тақарыбы бойынша ойтолғау жазып келу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Синтаксистен өткенді қайталау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 453 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar