Меню
Назад » » »
Төл сөз бен автор сөзі.Төлеу сөз
загрузка...

загрузка...
Ұ.Кекилова
№36 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Шымкент қаласы
Төл сөз бен автор сөзі.Төлеу сөз

Сабақтың мақсаты
Білімділік:төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы тиянақтау, оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: ана тілін сүйіп құрметтеуге, ұлтжандылыққа, Отанын,елін, жерін сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өзіндік ой түйе білуге үйрету, пікірін жүйелі айта білуге қалыптастыру, жан-жақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі:дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, іздену.Сабақтың көрнекілігі: кестелер (төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі), сызбалар, электронды оқулық, тестер жинағы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) түгелдеу;
б) сабаққа даярлау;
г) зейін аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткенді қайталау, пысықтау.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
- Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Жай сөйлемнің түрлерін ата?
- Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?(жауаптары көрсетіледі)




Сөйлем
Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы

Айтылу мақсатына қарай
↓ ↓ ↓ ↓
Хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем бұйрықты сөйлем лепті сөйлем
- Ендеше, біз сөйлем туралы толық білгеннен кейін, төл сөз бен төлеу сөзге тоқталамыз.
III.Жаңа сабақ
Төл сөз бен автор сөздерін сөйлесу, әңгімелесу әдістері арқылы практика жүзінде түсіндіру керек. Атап айтсақ, дана, көрнекті адамдардың айтып кеткен нақыл сөздерін келтіріп, ол ойларға өз сөзімді қосып, байланыстыру сөйлеу үстінде түсіндіремін. Алынатын сөздер тұжырымды, нақты болу керек. Төл сөз бен автор сөзін түсіндірген кітап текстерін пайдалануына болады. Мұнда оқу әдісі қолданылып, оқушылар қатыстырылады. Төл сөзбен автор сөзіне нақыл сөз жазылған сызба кестелерді пайдаланамын..Ребус шешу.
1. Кел,балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! – деді Ыбырай Алтынсарин.
2. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан! – деген Абай атамыз.
Ең алдымен, ребусты шешу жолдары, келтірілген нақыл сөздердің мазмұны, сюжеті түсіндіріледі. Осыдан соң барып, бұл сөздерді кімдер айтқанын түсіндіру керек.
Сөйтіп, ешбір өзгертілмей айтылған біреудің сөздерін әрі оқып, әрі көрсетіп олардың төл сөз деп аталатынын ескертемін.Ал осы сөздер кімдердікі екенін (автордың) білдіріп тұрған соңғы сөз тіркесінің автор сөзі деп аталатынын ескертемін.
Төл сөз бен автор сөзіне мәлімет берілген соң, олардың да өздеріне тән арнаулы тыныс белгілері және белгілі тұратын орындары ескертілуі керек.
Жоғарыда келтірілген мысалдарға қайта оралып, төл сөз бен автор сөздерінің өзіндік орны, тыныс белгілері мынадай баспалдақтық жүйелермен түсіндіріледі.
Төл сөзді сөйлемнің құрылысы негізінен төрт түрлі болады:
1) төл сөз автор сөзінің алдынан келеді;
2) төл сөз автор сөзінің соңынан келеді;
3) төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Мұндай жағдайда төл сөзден кейін де,деді, деген,т.б етістіктердің бірі келеді;
4) төл сөз автор сөзінің екі жағынан келеді.
Төл сөз сөйлемнің құрылысын, тыныс белгілерін төмен,........................................................................................болады.
1. -

2 :

3 : -


Осы сызбаны таратып айтар болсақ, мынадай ережелер шығады.
Егер төл сөз автор сөзінен бұрын айтылса, ол бас әріппен басталып, тырнақшаға алынады да, соңынан тырнақша жабылып, үтір мен сызықша қойылады да, автор сөзі кіші әріптен басталып жазылады.
Осы айтылғандарды кестемен мысалдар арқылы көрсетейік:
Кейде төл сөз тырнақшаға алынбай, сызықшамен басталып


↓ __________________________________________________________________
↓ ↓ ↓ ↓

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.
«Төл сөз», - автор сөзі Автор сөзі: «Төл сөз» Автор сөзі: «Төл сөз» «Төл сөз», - автор сөзі,-төл сөз».
Балалармен ақылдасып көрейік, - деді Ақылбай Балтабай былай деді: «Балалармен ақылдасып көрейік» Балтабай: «Бала- лармен ақылдасып көрейік» «Балалармен,- деді Балтабай, -ақылдасып көрейік
Төл сөз – автор сөзі Автор сөзі: - Төл сөз. Автор сөзі: «Төл сөз – автор сөз» -Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз
-Ол сенің інің бе? – деп сұрады Сағи. Сағи былай деп сұрады: - Ол сенің інің бе? Сағи: - Ол сенің інің бе? – деп сұрады -Ол, - деп Сағи, - сенің інің бе?

жазылады. Мысалы:
- Музыка көп мағыналы, - деген болатын А.В.Луначарский.
- Абайға ұзақ қарап былай деді: - бері таман келші (М.Әуезов).
Сабақты бекіту:
- Төл сөз дегеніміз не?
- Автор сөзі дегеніміз не?
- Төлеу сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Тыныс белгілері туралы айтып беріңдер.
- Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.
Жаттығулармен жұмыс.
156-жаттығу.Берілген мысалдардан төл сөзді өз алдына, төлеу сөзді өз алдына топтап жазыңдар да, төл сөз бен төлеу сөздің астын түзу сызықпен, автор сөзінің астын ирек сызықпен сызып, олардың жігін көрсетіңдер.
157-жаттығу. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңдар.
158-жаттығу. Көшіріп жазып, төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар, олардың арасын байланыстыру үшін де етістігінің қалай түрленіп қолданылып тұрғандығын айтыңдар.
Автор сөзінің ыңғайына қарай төл сөз айтылған сөз түрінде ме, ойланған ой түрінде ме, болмаса айтуға оқталған сөз ретінде ме, соған түсінік беріңдер. Қандай жағдайда да төл сөз тырнақшаға алынбаған (алдынан сызықша қойылған), қандай жағдайда төл сөз тырнақшаға алынған.
«Даналық ағашы» ойынын өткізудегі мақсат – оқушылардың қазақ халқының ұлы адамдарының, ғұламаларының, данышпандарының нақыл сөздерін оқып-үйреніп, мазмұны мен мағына бірлігін таныта білу, даналық сөздерін дән іздете білу. Сөз қадірін, тіл құдыретін ұғындыру. Ойынның шарты бойынша оқушылар «Даналық ағашы» деп аталатын бәйтеректің бұтақтарына жапсырылған конверттегі жазылған нақыл сөздерді авторлары кімдер екенін тауып, алып бәйтеректің бұтағын жаю.
Мысалы: «Тәрбие басы - тіл» (М.Қашқари), «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» (Абай), «Тіл – өнердің тілмашы» (С.Дөнетаев), «Ол өнердің ұшар биігі де, қонар жайсаңы да – біздің қазіргі өміріміз» (М.Балақаев).
1. «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» (Абай).
2. «Тіл – өнердің тілмашы» (С.Дөнентаев)
3. «Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі» (Ж.Жабаев)
4. «Абайдың сөздері – қазақтың бой тұмары» (Н.Назарбаев)
5. «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» (Б.Момышұлы)
6. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Белгісі боп бабам тілі сен қалдың. (М.Жұмабаев)
Тапсырма: авторларын табу, төл сөз бен автор сөзін ажырату. (жауабында ақындар суреті көрсетіледі).
Қосымша тапсырмалар, тақтамен жұмыс.
I . Төл сөз бен автор сөзінің сызбасы бойынша сөйлем жазыңыз.
1 . «Төл сөз», - автор сөз____________
2 . Автор сөзі «Төл сөз!» - автор сөзі.___________
3. Автор сөзі «Төл сөз!» - автор сөзі.____________
4. «Төл сөз, - автор сөзі, -төл сөз»_______________
5. Автор сөзі: «Төл сөз?»___________
II. Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңыз.
1. Айжан: «Менің үйім алыс еді, ертерек қайтайын», - деді._________
2. Ұста: «Бұны қайдан көрдім?» - деп ойлады._______
3. «Көкпарда өлген жылқының еті – көптігі!» - деді бір адам.________
4. «Биік мансап – биік жартас», - дейді Абай._________
5. – Қап, әттеген-ай! – деді балалардың біреуі._________
Сабақты қорыту:
Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып не жазып отырады.
Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір, нүктесіне дейін солай қолданса, ол төл сөз болады: «Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты ана тіліне үйретуге тиіспіз», - деді баяндамашы.
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Осы екеуін де басқаға жеткізетін, түсіндіріп беретін сөзді автор сөзі дейді.
Төл сөздің баяндаушы өткен шақты немесе нақ осы шақты білдіретін етістік формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда, ол есімшенің – ған, - ген, - қан, - кен жұрнақтары арқылы беріледі. Мысалы: «Автобус күтіп тұр», - деді Омар. Омар автобус күтіп тұрғанын айтты.
Егер төл сөз етістіктің келер шақ немесе ауыспалы осы шақ формасында айтылса, төлеу сөзге айналғанда – атын, - етін, - итін, - итын жұрнақтары есімше арқылы беріледі.
Мысалы: «Ол ертен келеді», - деді Омар. Омар оның ертен

1. «Баланың жұмысы қиын болғандықтан көмектестім», - деді. («Егемен Қазақстан») Төл сөз автор сөзінің алдынан келіп тұр.
2. Киізі қырық жамау күркесіне келіп Жиренше: «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - депті. («Жұлдыз») Төл сөз автор сөзінің ортасында келіп тұр.
3. Мұғалім былай деді: «Абай – қазақ халқының мақтанышы, сүйіспеншілік адал ұлы». Төл сөз автор сөзінен кейін келіп тұр
4. Шешесі: «Үйімізден дәм-тұз татып кетсін, - деп – сол кісіні шақыр», - деді. Төл сөз автор сөзімен араласып келіп тұр

Тест сұрақтары:
1 Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Қарағым, тоқтай тұршы
В) Пай-пай, шабысының қаттысын-ай
С) Сен жазып келген шығарсын
Д) Дала айдай жарық
2 Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.
А) Игіліктен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді.
В) Біз үйден шыққанда, күнде сәскелекке жақындап еді
С) Олардың сөзін тыңдағандай болып, мен үндемей отыра бердім.
Д) Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсын
3 «Кең зал құжынаған халық» - қандай сөйлем?
А) Жақты сөйлем
В) Жақсыз сөйлем
С) Жайылма сөйлем
Д) Атаулы сөйлем
4 Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.
А) Бүгінгі емтиханға дайындалу керек.
В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінді
С) Ойнап сөйлесеңде ойлап сөйле
Д) Ауыл маңы тыныш
5 Төлеу сөз дегеніміз не?
А) Бөгде сөздің айтылуы
В) Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуі
С) Бөгде біреудің сөзі өзгермей сол қалпында берілуі
Д) Бөгде біреудің сөзін өз сөзінде өзгертпей беретін сөз.
6 Төл сөзді көрсетіңіз
А) Сен дегенде сөз барма
В) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ
С) Балалардың соңғы ермегі – «Ақ сүйек», «Соқыр теке»
Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл», - дейді.
7 Төл сөзінің тыныс белгісінің дұрыс қойылғанын табыңыз
А) – Шырағым, жол болсын! – деді.
В) – Шырағым, жол, болсын. – деді.
С) «Шырағым жол болсын», – деді.
Д) « Шырағым, жол болсын!» – деді.
8 Төлеу сөзді табыңыз
А) Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты
В) Жұман отыратын жерге бір әулие келіпті
С) Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті
Д) Әжем алысқа қарап тұрып малдың өрістен қайтқанын айтты
9 Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз
А) Туған жер – алтын бесік
В) – Білмеске сөзің қор боп кетер, - деген М.Дулатұлы
С) Бұл ойланатын нәрсе
Д) Бала жігіт бұйрықты екі етпеді
10 Төл сөзде «мен» деп берілген сөз төлеу сөзде қандай өзгеріске түседі?
А) Маған
В) Мені
С) Өзіңіз
Д) Оның

Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 157-жаттығу. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Төл сөзі. Автор сөзі. Төлеу сөз. Анықтамаларды қайталау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Төл сөз бен автор сөзі.Төлеу сөз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 708 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar