Меню
Назад » » »
Тұрақты сөз тіркестері
загрузка...

загрузка...
Сабақтың ұраны: Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой,
алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.
(Ғабиден Мұстафин)
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері
Сабақтың мақсаты:
білімдік Тұрақты сөз тіркестерінің табиғатын таныту, лексикалық және грамматикалық жағынан бөлінбейтін біртұтас тұлға екенін ұғындыру
дамытушылық Оқушылардың білім алудағы білік-дағдыларын жетілдіру; тілдік категорияларды талдау, түсіндіру, өзіндік пікір, бағалау беріп, дәлелді айта білуге үйрету
тәрбиелік Тіл қазынасын, сөз құдіретін танытуда тұрақты сөз тіркестерінің орнын таныту, соған сәйкес оқушының сөз шеберлігін қалыптастыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың әдістері: Блум технологиясына негізделген талдау, салыстыру, жинақтау әдістері, дамыта оқыту, топтық оқыту әдістері
Сабақтың жабдығы: З. Қабдолов «Сөз өнері», «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы, қазіргі қазақ тілінен жаттығулар жинағы, мақал-мәтелдер жинағы, кесте-таблица, деңгейлік тапсырмалар, сурет
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
І. БІЛІМ
1.М.Әуезовтің «Абай жолы» романының «Өрде» тарауынан үзінді.
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйлейді:
- Байлауын байладың. Енді, түге, жат жиынның алдында жас балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге еткен қызметтен бастарың кішіреймес. Араз-құразды ұмытыңдар адам болсаң! Тірісінде алғыс алмасаң,енді тым құрыса, әлі аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен келіндерім,сендер де төбеңмен жүр! Отымен кір, күлімен шық қонағыңның! Ердің сыны шабуыл мен шаптығуда емес- кішіпейіл мейірде! Шалдықсаң да қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабырап, желігіп те кетпеңдер! Жым-жырт, момын жүріп күтіңдер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой, міне, өл де маған! Бірі қырт, бірі дарақы, мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда- осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын!-деді!
ІІ. ТҮСІНУ
Жоғарыдағы үзіндіден тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағыналарын ашу.
Құрамдық мағыналық талдау жасату.
2 топқа карточка таратылып, сұрақтарға жауап береді.
1) Еркін сөз тіркесіне мысал келтір Дәлелде
2) Тұрақты сөз тіркесіне мысал келтір Дәлелде
3) Анықтама жаса.
1-топ Мысалы: үздік бітіру 2-топ Мысалы: қанатымен су сепкен
А) орындарын ауыстыруға келеді А) орындарын ауыстыруға келмейді
Ә) құрамындағы сөздердің жеке Ә)құрамындағы сөздердің мағынасын лексикалық мағынасы бар жеке қарастыруға келмейді
Б) әрқайсысының сөйлем ішінде қызметі бар Б)мағыналары тұтасып, бір ғана сөйлем
мүшесі болады.
Сөйдем ішінде: Назира жақсы талабының Қанатымен су сепкен ананың қасиетіне
арқасында биыл мектепті үздік бітірді. не жетсін!
Анықтама: Құрамындағы сөздердің орнын Анықтама: Құрамындағы сөздердің
ауыстыруға келетін, әрқайсысының жеке өз орнын ауыстыруға келмейтін, мағына-
алдына лексикалық мағыналары бар және лары тұтаса байланысып, бір ғана сөйлем
сөйлем ішінде жеке синтаксистік қызметі бар мүшесінің қызметін атқаратын сөз тір-
сөз тіркесін еркін сөз тіркесі д.а. кесін тұрақты сөз тіркесі д.а.

ІІІ. ҚОЛДАНУ
1.Сөйлем – эстафета. Бірінші топ жазған сөйлемді екінші топ талдайды да, бірінші топқа сөйлем жазады.(әр жағдайда келесі топ құрамында тұрақты сөз тіркесі бар сөйлеммен жалғайды)
2. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
1 деңгейлік тапсырма
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді дұрыс орналастыр. Мысалы: Басқандай таңба тайға т.с.с. (тайға таңба басқандай)
Тіркестің жалғасын тауып жаз. Мысалы: Сырты бүтін...., сүттей... т.с.с.
2 деңгейлік тапсырма
Тіркестің жалғасын тауып жаз. Мысалы: Сырты бүтін...., сүттей... т.с.с.
3 деңгейлік тапсырма
Берілген тұрақты сөз тіркесімен синонимдес мақал-мәтел ойла. Мысалы: тілі мірдің оғындай - Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады т.с.с.
3. Схема бойынша тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау, талдау.
4. Суретке байланысты жұмбақ ойлау.
ІV.ТАЛДАУ
1. Шешендер жарысы.
Әдет ету. Адам әдет етеді,
Әдет түпке жетеді.
Жағадан алу. Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады.
Аталы сөз. Аталы сөзді арсыз қайырар.
Әзілі жарасу. Әзілің жарасса атаңмен ойна.
Аузы дуалы. Көп аузы – дуалы, мал иесі – куәлі т.б.
V. ЖИНАҚТАУ
«Сөз өнерінің құдіреті» тақырыбына шағын эссе жазу.
VІ. БАҒА
1. Абай және Мұқағали өлеңдеріндегі тұрақты сөз тіркестеріне талдау, салыстыру, бағалау
2. Тақырыпты түйіндеу. 5,7 жолдан тұратын өлең. Ойды түйіндеп айту, жинақтау, қорытып қысқа сөзбен айту.
1) Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім.
2) Тақырыпқа байланысты екі сөз. Сын есім.
3) Іс-әрекетті көрсететін үш сөз. Етістік.
4) Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.
5) Тақырыптың синонимі.
Өнер Фраза
Шебер,көркем сұлу,шебер
Сөйлейді,сүйсінеді, Байытады, көркейтеді,
толғанады қолданылады.
өнер жігіт көркі екен. өнер алды-қызыл тіл
Байлық Идиома
Ақмола облысы, Степногорск қаласы,
№ 2 индустриалдық-техникалық колледжі.
Қазақ тілі пәні оқытушысы Құнанбаева А.А. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тұрақты сөз тіркестері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 592 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar