Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрақты тіркестер -

Тұрақты тіркестер

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 398 | Просмотров: 5756 | Размер: 365.0 Kb | Автор:
. Күні:20.11.15
Пәні:қазақ тілі
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрақты сөз тіркесінің біртұтас тілдік құбылыс екендігін түсіндіру.Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Дамытушылық: өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік мәні: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрден тыс сабақ
Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, толықтыру, болжау, салыстыру, сәйкестендіру.
Көрнекілігі: суреттер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта
Күтілетін нәтиже: тұрақты тіркес пен еркін сөз тіркестерін ажырата алады.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Сенбе жұрқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қуатың екі жақтап.
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығына көңіл бөлу.
Сыныпты түгелдеу, назырын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
-Балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыптарды өттік? Өткен сабақтарды «Блоб ағашында» берілген сұрақтарға жауап беру арқылы еске түсірейік.
1.Табу дегеніміз не? Табу сөзінің тууына қандай жағдай себеп болды?
2.Қазақтың тиым сөздерін ата.
3.Жағымсыз сөздердің сыпайы сөздермен ауыстырылып айтылуын қалай атаймыз?
4.Ауызекі сөйлеуде қолданылатын дөрекі сөздер тобы қалай аталады?
5.Берілген сөздердің эвфемизмдік баламасын тап:топас, соқыр ,өлді.
6.Аталмыш сөздің табу сөз ретіндегі баламасын айт: шешек ауруы
7.Біркелкі дыбысталып, бірақ мағыналары басқа сөздер тобы қалай аталады?
8. Қорқақ сөзінің синонимдік қатарын тап.
9. Омоним мен көп мағыналы сөздердің айырмашалығын ата.
10. Антонимдер дегеніміз не?

11.Кілт,тіл сөздерінің ауыспалы мағыналарын тап.
ІІ.Жаңа сабақ. Ой қозғау.
-Балалар, тұрақты сөзін қалай түсінеміз? Мағынасы қандай?
Тұрақты сөз тіркестері - құрамындағы сөздердің орнын ауыстырып немесе
басқа сөзбен алмастыруға болмайды. Демек, бүгінгі өткелі отырған сабағымыз, аты айтып тұрғандай екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалып, бір ғана мағына беретін сөздерді фразеологизмдер деп атаймыз. Мысалы, қас пен көздің арасында –лезде, жылдам, тез. Қаймағы бұзылмау- тату, төбе шашы тік тұру- қорқу, тонның ішкі бауындай- тату, бармағын тістеді-өкінді. Төбе шашы тік тұрды сөзінің мағынасы неде?
Әр сөзде бір - бірімен байланыс бар ма?.
Әр сөзге жеке сұрақ қойыла ма?
Тұрақты сөз тіркестері тұтасып, бірнеше сөз бірігіп бір ғана мағынаны береді және бір ғана сұраққа жауап береді.
Тілімізде еркін сөз тіркесі деген ұғым бар. Тұрақты тіркес пен еркін сөз тіркестерін ажырату керек.

Тұрақты тіркестер Еркін сөз тіркестері
Құрамындағы сөздердің орнын аусытыруға болмайды, бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Тіркестеріндегі сөздердің орнын басқа сөзбен алмастырып, ауыстырып қолдануға болады. Мысалы, жасыл қала- әдемі қала,қызыл кітап-қоңыр кітап.

Тұрақты тіркестердің синонимдік баламасы болады, яғни олардың мағыналары бір- біріне жақын болып келеді. Мысалы, көз ілмеді- көрер таңды көзімен атырды. Тұрақты тіркестердің антонимдік қатары да болады. Мысалы, ат ізін салмау- ат ізін суыту.
Ендеше тапсырмалар орындап, бағаланайық. Ол үшін сынып оқушылары үш топқа бөлінеді. Тапсырмалар 11 кезеңнен тұрады.
І кезең. «Тауып жаз». І топ. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркестерді тауып, мағыналарын жаз. Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде екі өзен алақанға салғандай болып көрінеді.
ІІтоп. Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы баласы ауылға ат ізін салмады.
ІІІтоп. Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты. Марат бұл хабарды естіп, жағасын ұстады.

ІІ кезең. «Сәйкестендіру тесті».
І топ.
қуану
үндемеу
әндету
ұрысу




ІІ топ.
Тайға таңба басқандай күдік
алыс
жақын
анық
ІІІ топ.
Ит арқасы қиянда төменде
алда
алыс
жолы болды

ІІІ. кезең. «Суретіне қарап, сөзін таны» кезеңі. (суретке қарап, тұрақты тіркес құрастыру).
І топ.


ІІ топ.



ІІІ топ.



IV.кезең «Бейнелеп көр».
І топ. Мұғалім Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін істей алады.Ол суретші, жүргізуші, аспаптарда ойнап, билей алады. Ондай адамдарды қалай атайды? ( қолынан өнер тамған адам)
ІІтоп. Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып отыруды не дейді? (аузынан тастамай айту)
ІІІ топ. Жақан концертке барса, адам көп, тығыз, отырарға орын жоқ екен. Жақан күрей алмай, үйге келді. «Неге кіріп отырмадың?»- деген інісіне ол не деді?
V.кезең. «Жеке жұмыс» .Берілген сөйлемдерді әдебиет сабағында қай тақырыптарда өттік?
І топ. Келінім ақылды екен,бекер тілін алмаған екенмін. (“Ер Төстік”)
ІІ топ. Атқа тіл бітеді. (“Керқұла атты Кендебай ”)
ІІІ топ. Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір соқты. (“Ер Төстік”)
VІ.кезең. Жалғасын тап. Тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
І топ. ..............түгі бар.
..............ын шүйіру.
...............нан қар жауды.
ІІ топ. .............ына құм құйылу.
.................орақ орған.
................... соғып қалу.
ІІІ. топ. .......толмау.
............нан шығып кетті.
құлақ....... жеу.
VІІ. Оқулықпен жұмыс. 111-112 жаттығу. Әдеби кейіпкерлерге тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, мінездеме беру.
VIII. Мәтін құру. Берілген суреттер бойынша әр топтың екі оқушысы тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, мәтін құрады. І топ.


ІІ топ.


ІІІ топ.

ХІХ.Алты ойшыл қалпақ әдісі
Әр топ алты қалпақтың бірін таңдап, берілген кеспе қағаздарға жауап береді.
Қызыл қалпақ. Берілген тұрақты тіркестің мағынасын қалай түсніесің?
Бетінен оты шықты.
Мылжың сөзінің эвфемизмдік баламасын тап.
Ертеде қазақ халқы жай түсудің апатынан сақтанып, жайдың атын басқаша қалай атаған?
Сары қалпақ. Жаны құмар тіркесінің антонимдік баламасын тап.
Сөйлемнен дисфемизмді тауып, эвфемизмдік балаамсын айт.. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай?
Жасыл қалпақ. «Әліңе қара» дегенді сөз тіркесі түрінде қалай айтады?
Ерте кезде адамдар қасқырдың атын тура атамай, өзгеше қалай атаған. Себебін түсіндір.
Төрт түліктің пірін ата.
Х .Жинақтау кезеңі
І топ.Қай сөз әділ деген мағынаны білдіреді?\
А. он саусағынан бал тамған
В. қара тілді қақ жарған.
С. тонның ішкі бауындай
ІІ топ. Антонимдік фразелогизмдерді тап.
А. мойнына су кету, ит өлген жер.
В.көз жұмды, жүріп кетті
С.су жүрек жүрек жұтқан.
ІІІ топ. Қай сөз қорқу мағынасын білдіреді?
А. ит арқасы қиянда
В. ат тонын ала қашу
С. төбе шашы тік тұрды.
113- жаттығу. Мәтінге ат қою, тұрақты тіркестерді олардың синонимдерімен ауыстырып жазу. Үш ұйықтаса түсіне кірмеу. Қуанышы су сепкендей басылу. Әр сөздің басын шату.
Барлық топтарға қызықты, қисық сұрақтар:
Адамның төбесі аспанға жете ме?
Сөйлеген сөз ауыздан түсіп қалуы мүмкін бе?
Екі аяқты бір етікке тыға ма?
Неге қақпақ қойылмайды?
Қар жана ма?
Қорытынды. Жинақтау стратегиясы


Үйге тапсырма. 115- жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.