Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрмыстық заттар -

Тұрмыстық заттар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2736 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық заттар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: тұрмыстық заттармен таныстыру. Жаңа тақырып бойынша сөздерді меңгерту, сөздік қорын молайту .Да,де, та,те жалғаулық шылауларының қолдану аясын түсіндіру.
2. Дамушылық: өткен сабақты бекіту, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін тексеру. Сұрақ – жауап арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру,
3. Қазак тіліне деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйіспеншілік сезімін ояту. Жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.

Көрнекіліктері: слайдтар, кестелер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқу, сұрак-жауап
.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен амандасу.
-Оқушыларды түгелдеу.
-Балалар, біз бүгінгі сабақты бір-бірімізге деген жақсы тілектерімізбен бастайық. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін жолдайды.
-Көңіліміз көтеріліп қалды, олай болса, сабағымызды көтеріңкі көңілмен бастайық.
ІІ. Ұй жұмысын тексеру
-Үйге қандай тапсырма берілді?.
- «Сауда-саттық » деген мәтінді қысқаша әңгімелеу.
-Сұрақтар:
1. Сауда жасағанда неге көңіл аудару керек? (сапасына,бағассына, түсіне)
2.Азық-түлік алғанда неге назар аудару керек? ( сақтау мерзіміне)
3. Дүкеннен зат сатып алғанда сапасы мен бағасына көңіл аударасыз ба?

ІІІ. Жаңа тақырып.
Мұғаллім: Біздің жаңа тақырыбымыз «Тұрмыстық заттар». Саудалыққа байланысты тақырыпты жалғастыра отырып, біріншіден, жаңа сөздермен танысып кетейік.

1. Жаңа сөздер:
-қорап - коробка
-қолшатыр - зонт
-бейнетаспа – видеопленка
-таразы – весы
-белбеу – ремень
-еттартқыш – мясорубка
-ыдыс–аяқ – посуда
-жүзік – перстень

-қасапхана-бойня, скотобойня
-кепілдік-гарантия
-несие-кредит
-жалғаулық, жалғаулық шылау-союз
-сіріңке-спички

1- тапсырма
- Мұғалім: Енді 48 беттегі №1 тапсырманы орындайық. Суреттер мен атуларын жұптастырыңыз. Әр суреттің нөмірін аудармасының қасына жазыңдар.(Қарындаштарыңызды алып жазыңыз).
- Тексеру.

2. Мұғалім: Екінші тапсырманы орындамас бұрын мына суреттерге назар аударыңыздар. Суретте нелер бейнеленген? Сөздерді атап, аударыңыздар.(теледидар, ет, жеміс- жидек, дәрі, қалам).
- Қасапхана деген не? (бойня, скотобойня)
-Мұғалім: Ал енді осы суреттерге байланысты №2 тапсырманы орындаймыз. Осы заттарды қайдан сатып алуға болады?

3 тапсырма. Мұғалім:
- Сұраққа қалай жауап беруге болады? (толық, қысқа),
(кепілдік-гарантия, несие-кредит)
-Енді №3 тапсырмадағы сұрақ-жауаптарды оқып, аударайық.

Мұғалім: Сонымен жауаптың қандай түрлері болады? (толық,қысқа)
- Cен нешінші сыныпта оқисың?(толық)
-Сен неше жастасың? (қысқа)

Мұғалім: Сергіту жаттығуын жасайыққ. (физминутка)

IV. Грамматика: да, де, та, те жалғаулық шылаулар (жалғаулықтар).

1. да, де, та, те жалғаулық шылаулар (жалғаулықтар) бірыңғай мүшелердің арасында келеді.
Марат та, Жандос та тәртіпті балалар.
2. Да, де, та, те жалғаулық шылауымен келген бірыңғай мүшелерге қосымша бірдей жалғанады.
Әлияға да, Сәулеге де бүгін жақсы баға қойды.(Б,с.)
Менің де, сенің де бойымыз бірдей.(Іл.с.)

3. да, де, та, те жалғаулық шылауы екі сөйлемді байланыстырады
Мысалы: Жанат сыныпқа кірді. Ол орнына отырды.
Жанат сыныпқа кірді де, орнына отырды.

4. де, де, та, те жалғаулық шылауы кейде күшейткіш мағынаны білдіреді.
Мысалы: Бүгін Айнур да бес алды.
Ол ертең де футбол ойнайды.

Жаттығуларды орындау.

5-тапсырма. Бос орынға «да, де, та, те» жалғаулық шылауларды жазыңыз
Тексеру.
6- тапсырма. Сөйлемдерді «да, де, та, те» жалғаулық шылауымен байланыстырыңыз.
Тексеру.

V. Үйге тапсырма:
1. Ережені жаттау.
2. Ережеге байланысты 4 мысал келтіріп, дәптерге жазу.
3. Жаңа сөздерді жаттау, жаңа сөздерге байланысты ауызша сөйлемдер құрастыру.

V. Қорытынды:
1. Балалар, бүгін қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
2. Ол заттарды қайдан сатып алуға болады?
3. Сұраққа қалай жауап беруге болады?
4. –да, де, та, те жалғаулық шылауының ережелерін айтып беріңзші.

VI. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.