Меню
Назад » » »
Тәуелсіз Қазақстан Қазақ тіліне тән дыбыстар
загрузка...

загрузка...
Топ:112 оқытушы:Жакешева Б.К.
Өткізілетін күні: 12.10.15ж
Cабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Қазақ тіліне тән дыбыстар

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты , жаңа сөздерді меңгерту
І.Білімділік: Өткен тақырыты пысықтау, берілген материалды меңгерту,сөз тіркестерін мағынасын ұғындыру,дұрыс айтылуын қадағалау
ІІ.Дамытушылық:берілген тақырыпта сөйлеу білігін дамыту,өзіндік ой пікірлерін дамыту,сөйлеу қабілеттерін арттыру.
ІІІ.Тәрбиелік:Тілді үйренуге қажеттілікті туғыза отырып, ұлттық қасиетті сақтауға, халық мұрасын қастерлеуге,еліне деген патриоттық сезімдерін арттыру
Сабақтың түрі:жаңа білімді меңгерту
Типі:
Әдіс- тәсілдері: сұрақ –жауап, тест, баяндау, жазу,іздену, пікір таласу
Жұмыстың түрі: топтық, ұжымдық , дара
Пәнаралық байланыс: тарих,ағылшын тілі, музыка
Қолданылатын технологиялар: тірек сызбалар, модульдік технология,сыни тұрғыдан ойлау , деңгейлік т.б
Көрнекілік-құралдары: тест, тақырып, слайдтар, музыка,видео материал кестелер.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру-уәждемелік кезеңі: амандасу, түгендеу.сабақ мақсатымен таныстыру.
-өткен тақырып бойынша сұрақ- жауаптар қою/3мин\
1.І Сұрақ-жауаптар: 1.Қазақстанда мемлекеттік тіл- қандай тіл?
2.Тілдер күні қашан тойланады?
3.Мына мақалды жалғастырыңдар: Ең ащы да тіл,Ең .......; Ең қатты да тіл.......
4.Биыл Қазақстанда қандай мерей тойлар болды.
5.Қазақстан халқының Ассамблеясына неше жыл?
6. Қазақ хандығына неше жыл толды?
7. Қазақстан Конституциясы күніне неше жыл толды?
2.Өткен тақырыпты пысықтау:
2.І Өткен тақырып бойынша білім тексеруге, тест \өздері тексеріп бағалайды\.
2.2 Топтық жұмыстар: \үйге берілген тапсырманы баяндау\.
Қазақстан Президентінің Халқына жариялаған Жолдауы
\Үйге берген тапсырмаларынды тексеру Жолдау туралы не айтасындар?
2.3 Жаттығу орындау
1-топ: Жолдау, халық деген сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру
Жолдау- сөзіне фонетикалық талдау жасау.

2-топ:Халық,Президент деген сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру
Президент- сөзіне фонетикалық талдау

3-топ:Мемлекет, Президент деген сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру
Мемлекет сөзіне фонетикалық талдау
«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша: Блиц сұрақтары:
-Сендердің туған жерлерің қандай жер-\Қазақстан\
-Қайда тұрасыңдар-Қазақстанда
-Біздің Отанымыз-қай жер-Қазақстан
-Қазақстан қандай жер? \Тәуелсіз ел\
-Міне бүгінгі тақырып -Тәуелсіз Қазақстан

3.Жаңа тақырып:
3.1 Осы тәуелсіздігімізге қалай жеттік?\бейне фильм\
1 Жерімізді Жоңғарлардан қорғады-17\18 ғасыр
2. Неміс фашистерінен қорғады1941-45жылдары
3.Атом ядросынан қорғады 1961-1991
4.Желтоқсан оқиғасынан кейін 1991 жыл Тәуелсіздікке жеттік

«...Біз тәуелсіздікке аңсап,зарығып жеттік,.Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,және Әнұранын тұмардай қасиет тұту керек.»
Назарбаев Н.Ә.
3.2 Тәуелсіз Қазақстан -деген сөзді ассоциялау.
- не білесіңдер? \ жеке жұмыс\



3.2 \музыка би\
«Теле-көпір» каналынан Лондон студенттерінің қойған сұрақтарына жауап берейік.

3.3Мәтінмен жұмыс \топпен жұмыс\
1-топ
Біздің Отанымыз –тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылған. Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкіл
халықтық мереке. Тәуелсіздік -республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

ІІ-топ

Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды,белгіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.1991 жылы қазақ жігіт Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Ең бастысы тату- тәтті ынтымағы мол халқымыз бар.
Туған жерімізде талай- талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр

ІІІ топ

Қазақстанның ең үлкен жетістігі - Ұлтаралық келісім,бейбіт өмір.Қазақстан мемлекеті-дамыған елдердің қатарына жатады.Қазақстанның өз армиясы бар.
Бізідің елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Біздің республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі,.Қазақстан республикасы өзін демократиялық,құқықтық, әлеуметтік ел ретінде жариялады.


1. Мәтіндегі қара сөздерді аудару\жаңа сөздер\
2. Мәтінді 3-ке бөліп оқыту.
3. Мәтіннің әр бөлігіне 2 сұрақтан қойдырту.

3.4 Жаңа сөздермен жұмыс: \қазақ тіліне тән дыбыстарды атау.\

Тәуелсіздік-қандай? –дік жұрнақ, сын есім.
Син: тәуелсіздік-бостандық- дербестік:
Мәртебе- не? Зат есім
Ынтымағы- не? ы-тәуелдік жалғау зат есім
Син: ынтымақ- бірлік-татулық
Талай-талай-қандай? Сын есім
Син: талай-талай- бірнеше- көп
Жетістігі-не? –і тәуелд. жалғау
Жетістік-табыс
Дамыған –қандай? Сын есім түбір Етістік
ған бұрынғы өткен шақ жұрнағы
әлеуметтік-сын есім

4. Бекіту:
4.1 Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
1.Қазақстан тарихында алтын әріппен не жазылған?
2.Тәуелсіздік халыққа не әкелді?
3.Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
4.Тұңғыш Президент қай жылы сайланды?
5.Елтаңбамыз, туымыз,Гимн қашан бекітілді?
6.Астананың тұсаукесері қай жылы өтті?
7.Қазақстан өзін қандай ел ретінде жариялады?
8.Қазақстанның ең үлкен жетістігі не?\ дәптерлеріне жазғызу\

4.2 Деңгейлік тапсырмалар
1-топ
3- деңгей : жаңа сөздермен тәуелсіздік , еркіндік сөз тіркестерін құрастыру

2-деңгей : 1.әрбір, борышы, азаматтың, аман-сақтау, халықтарымыздын, бейбітшілігін.
2.дүниеде, бұл,бір, бар, Отанымыз,ғана. \2-сөйлем құрастыру\

І деңгей: берілген абзацты әңгімелеу
Біздің Отанымыз –тәуелсіз Қазақстан.
Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылған. Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкіл халықтық мереке. Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына Тәуелсіздік, бостандық әкелді.

ІІ-топ

3- деңгей : жаңа сөздермен ынтымақ ,талай-талай сөз тіркестерін құрастыру
2-деңгей : 1.әлемнің. астам, Қазақстанды, жүзден, таныды, елі.
2.дамыған, қатарына , Қазақстан, елдің, жатады.
І деңгей: Егеменді ел болып,халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды, Туымызды,белгіледі. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.1991 жылы қазақ жігіт Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.
Ең бастысы тату- тәтті ынтымағы мол халқымыз бар.
Туған жерімізде талай- талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр

ІІІ-топ
3- деңгей : жаңа сөздермен жетістік , дамыған сөз тіркестерін құрастыру
2-деңгей :1.республиканың, халықтары, барлық, үшін, Тәуелсіздік, болды,оқиға,тарихи.
2. арқасында, тәуелсіздігіміздің,тілімізді, оралттық, дінімізді, қайта.
І деңгей: Қазақстанның ең үлкен жетістігі- Ұлтаралық келісім,бейбіт өмір.Қазақстан мемлекеті-дамыған елдердің қатарына жатады.Қазақстанның өз армиясы бар.
Бізідің елімізде жер шарында кездесетін кен байлықтардың бәрі бар. Біздің республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі,.Қазақстан республикасы өзін демократиялық,құқықтық, әлеуметтік ел ретінде жариялады.

5.Сабақты қорыту:5.1 Қазақстан-қандай ел?сұрағына жауаптар алу.
1-тәуелсіз,2-егеменді,3-дербес,4-құқықты,--5-әлеуметтік,6-демократиялық т.б
5.2 оқушыларды бағалау: Бағалау парағымен бағаларын қою
Тапсырмалар Үстел Аты-жөні
І Ә
ІІ А
ІІІ Б

5.3 Сөзжұмбақ шешу:
6.Үйге тапсырма:
Эпиграфтағы Н.Ә.Назарбаевыңт сөзіне шағын пікірлеріңді жазып келіңдер
Тақырыпқа байланысты мәліметтер , сұрақтарға жауап дайындаңдар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіз Қазақстан Қазақ тіліне тән дыбыстар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 329 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar