Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіл көрнектілігі -

Тіл көрнектілігі

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3818 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Тіл көрнектілігі
Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік: Оқушылардың тіл тазалығын сақтауға үйрету, сөзді анық, таза, дәл айтуға үйрету. Көркем тілдегі көріктеу құралдары мен айшықтау тәсілдерін меңгерту, оны өмірде шеберлікпен жұмсай алуға төселдіру.
2. Тәрбиелік: Тіл байлықтарын молайту, сөздік қорларын көбейту. Ойын шешендік тілмен жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Кез келген көркем шығармадан троптың түрлерімен фигураның түрлерін таба білуін бағыттау.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақ көрнекілігі: семантикалық карталар, интерактивті тақталар
Сабақтың түрі: іздену, қорытындылау сабағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе
І. Қайталау - оқу анасы.
... ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Сұлтанмахмұт Торайғыров

ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
І. «Қайталау - оқу анасы.» (сұрақ - жауап)..
Метафора Мысал:Әйнегі – күн, шатыры – аспан, ашу деген – ағын су, ақыл деген – дария, әкең – асқар тау, шешең – аққан бұлақ, жыр – нөсер, көңілдегі тоң жібіп, жыл көшеді, т.б.
Кейіптеу Мысал:
Толқын мен толқын сырласып,
Сырларын еппен ұрласып.
Толқынға толқын еркелеп,
Меруерт көбікке оранып.
Жыландай жүзге бұралып,
Жарға жетер ентелеп.
М. Жұмабаев
Метонимия Мысалы: ауыл ұйқыда (адамдары дегеннің орнына), қаламы жүйрік ( қолы шапшаң дегеннің орнына), тілі ұзын ( сөзуар дегеннің орнына), Абайдан оқы (кітабы дегеннің орнына)
Синекдоха Мысалы: шаңыраққа қара, Омарлар келді, тұяқ топылдай жөнелді, тозаң өріле берді, т. б.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!
(М. Мақатаев)
Эпитет Мысалы: бірлігі кеткен ел, жасанған жау, желек астында қалған жыр, азалы жүрек, қаралы күн, асыл мұра, таза жүрек, дүбірлі той, бейбіт күн, ынтымағы жұрттан асқан жақын, т.б.
Теңеу Мысалы: торғайдай бұғу, бәйге атындай шұлғу, қос өрімдей біте қайнасқан, хайуандарша құмарланып, бейне арыстан, т.б.
59 – жаттығу.
Шешендік сөздердегі теңеу сөздерді тауып, теңелген нәрсе мен теңелуші нәрсені тіркестіріп жазыңдар.
Нармен тең, жермен тең, талмен тең, қолмен тең, көппен тең, жермен тең, көлмен тең, шөлмен тең, нардай, жердей.
60-жаттығу. Билер сөзіндегі метафораларды табыңыздар. Метафораларды метафораланған сөздерімен сызықша арқылы теріп жазыңдар, сөздердң тұлғасына қарай талдаңыздар.
Қайрат – қыран, қайғы – жылан, жылау – азап, жер – байлық, ел – халық, әйел – ырысың, келін – қылышың, қыз – өрісің, келін – тынысын, көңіл – гүл, тіл – бұлбұл, сезім – сері, нәпсі – бөрі, сабыр – алтын, ақыл- алмас, дәулет – қолдың кірі, бақ – сел-көшкін, өнер – ризық, несібе, тіл – байлық, несібе.

65 –жаттығу.
Қазақтың неше түрлі болады?
Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
- Биеке, қазақтың неше түрлі болады? - деп сұрапты.
- Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: бірінші- арнайы қонақ, екіншісі – құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.
- Ал оны қалай айырамыз? – дегенде:

Сабақты бекіту:
Тест сұрақтары
1. Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін. (Қазтуған жырау)
Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шансам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
А) Инверсия В)Теңеу С)Метафора Д)Эпитет Е)Егіздеу

2. Осындағы асты сызылған сөз троптың қай түрі екенін табыңыз.
Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға . (Абай)
А) Кейіптеу В)Эпитет С)Метонимия Д)Теңеу Е)Метафора

3. Үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз.
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған......
Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман.. (І.Жансүгіров «Әнші»)
А)Аллитерация В)Метонимия С)Метафора Д)Кейіптеу Е)Теңеу

4.Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай,- деген суреттеудегі көркемдігіш құралдарды көрсетіңіз.
А)Алмастыру В)Теңеу С)Ауыстыру Д)Астарлау Е) Кейіптеу

5. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес ,
Нәзік бел талшыбықтай бұраңдайды . (Абай)
А)кішірейту В)теңеу С)кейіптеу Д)метафора Е)шендестіру

6.Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап ,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр . (М.Мақатаев)
Троптың түрін белгілеңіз.
А)Кейіптеу В)Метонимия С)Метафора Д)Ирония Е)Гипербола
7. «Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып ,
Аңдай ұлып бір мезгіл ,
Біресе сақ-сақ күледі.
М.Жұмабаевтың «Қысқы жолда» өлеңінен алынған үзіндіде қандай көркемдегіш тәсіл бар екенін табыңыз.
А) Метафора В) Эпитет С)Кейіптеу Д)Метонимия Е)Қайталау

8.Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Үзіндіде қандай көркемдегіш сөз бар екенін белгілеңіз. А)Антоним В) Синоним С) Аллитераця Д)Ассонанс Е)Теңеу
Үйге тапсырма:
66-жаттығу. Ауыспалы мағынада жұмсалған сөздерді табыңыздар. Оларды троптың қай түріне жатқызуға болатынын анықтаңыз.
Бағалау. Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.