Меню
Назад » » »
Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары
загрузка...

загрузка...
№5 Күні: 10-сынып Қазақ тілі
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуллина Галия Гимеденовнаның қысқа мерзімді жоспары

Сабақ атауы §4-5. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары

Жалпы мақсаттар Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар. Тіл табыса білу өнері. Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші құралдар.
Оқыту нәтижелері Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдыларды оқып үйренеді;
Қарым-қатынас жасау құралдары: тіл-дыбыстау құралдары, тілге көмекші құралдардың әсері мен қажетттілігін ұғынуға тырысады.
Негізгі идеялар Коммуникация- тілдік қарым-қатынас, іскер адамдар арасындағы әңгіме, мәлімет алмасу. Табысқа жету жолдары.
Қарым-қатынас жасау құралдары:
1/ дыбыстау құралдар.
2/ тілге көмекші құралдар.
Дереккөздер, сілтемелер 1.МАН
2.10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы.
Авторлары:А.А.Қасымбек Алматы «Арман ПВ», 2014 ж.
Қызығушылығын ояту Ынтымақтастық атмосфера тудыру.
А)Қазақ тілі салалары бойынша топқа бөлу.
Б) Дж. Д.Рокфеллердің сөзінің маңызын ашу.
«Неліктен бір қазақ ғұламасының сөзі алынбаған?» деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлері.
В)Өтілген тақырыптар бойынша презентация
Мағынаны тану Коммуникация- тілдік қарым-қатынас, іскер адамдар арасындағы әңгіме, мәлімет алмасу. Табысқа жету жолдары.
Қарым-қатынас жасау құралдары:
1/ дыбыстау құралдары.
2/ тілге көмекші құралдар.
Тіл табыса білудің құпиясы: әңгімелесушінің белгілі бір ортада лайықты орны бар адам екендігіне сендіру./жағымпаздыққа жол бермеу/
43-бет.Тіл табыса білу қағидалары:
1/ Д.Карнеги сөзін негізгеа алып талдау жасау.
2/ Әдемі жымию. Қытай мақалы.
3/ Әріптестердің атын атап, есте сақтап отыру. Жетістіктері жайлы әңгімелеу.
4/Қызықтыратын нәрселері жайлы әңгіме қозғау.
5/ Сократтың 44-беттегі сөзін негізге ала отырып, оқушыларды әңгімеге берілген мәліметті талдауға тарту.
Постер қорғау (топтық жұмыс)
I - 23-жаттығу.Сөз құрамына талдау.
II- 24 -жаттығу. Сөз құрамына талдау.
III-26 -жаттығу.Синтаксистік талдау.
Оқулық бойынша тапсырмалар Қазақ тіліндегі буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды еске түсіріп, талдау. 47-бет.
1/ Вербалды - тілдік қатынас
2/ Бейвербалды амалдар- тілсіз қатынас.
Сөйлеу мәдениетінің қосалқы құралдары. 49-бет.
Қосымша тапсырмалар: Фонетикалық талдаулар 50-бет.
30-жаттығу. Өздік жұмыс.
Ой толғаныс Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік?
Бағалау Формативті бағалау (жұптық, топтық, топаралық), бағалау парақтары.
Үй тапсырмасы: §4-5. Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары
27- жаттығу. Тест Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 498 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar