Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тілдер еліне саяхат. -

Тілдер еліне саяхат.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2104 | Размер: | Автор: Тәрбие
. № сабақтың оқу-әдістемелік жоспары

«________»_____________ 2012 ж.
Топтар: ____________________________________________
Деңгейі: жалғастырушы
Өтетін жері: ___________________________________________________
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Cабақтың тақырыбы: Тілдер еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
1.Өткен сабақты қайталау, сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақ бойынша өткендерін еске түсіру, қазақ тіл білімі салаларына жалпы шолу жасау.
2.Сөздік қорын дамыту, сөздерді байланыстыру, өз ойларын жүйелеп сыртқа шығара білу , баяндау қабілеттерін дамыту.
3. Мемлекеттік тілді үйренуге ынталандырып, тілдерін, сөздік қорын дамытуға қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлері: түсіндірмелі, қайталау, шығармашылық, талдау, сұрақ-жауап,проблемалық, пікір алмасу.

Көрнекі құралдары: үлестірмелі парақшалар, мультимедиялық тақта тірек сызба, карта, сурет.

Cабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: тізім бойынша тексеру
ІІ. Сабақтың барысы:
Сабақтың тақырыбын , мақсатын айту.
Тіл дегеніміз не?
Тіл не үшін керек?
Ана тілі деген не? – сұрақтарына жауап алу.

3-слайд Ана тілі дегенініміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан
халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын
да танытатын,сол халықтың мәңгілігінің мәселесі.
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана
оны аяққа басады.
Ғабит Мүсірепов
Сіздердің ана тілдеріңіз қандай тіл?
Сол тіл туралы не білесіздер?
4-слайд «Тіл білімі» деген елдің , мемлекеттің картасы
Тіл дегеніміз - бір елді мекен , яғни қала деп алып, біз сол қалаға саяхатқа шығамыз. Ол үшін бірінші қаламен сырттай танысуымыз керек, қала жайлы жалпы мәлімет алуымыз керек. Өйткені біз қалалар жайлы естідік, нақты мәліметтер алған жоқпыз.
Біз баруға тиісті тіл деген елдің қандай қалалары (салалары) бар екен?
Фонетика
Лексика
Морфология
Грамматика
Синтаксис
Ірі , бай, жан-жақты дамыған, барлық елдерге танымал 4 қала бар екен.
І әрекет Біз туристік агенттіктен қала туралы кітапшалар сатып аламыз. Кітапшалармен қоса қаланың түсі беріледі, мысалы, фонетикаға сары лента, т. б. салаларға алдын-ала дайындалған түстер беріледі. Оны сатып алу үшін ақы төлейміз, ол кітапшалар арзан, сол себепті оңай сұрақтардан құрылады:

1. «Абай жолы» романының авторы кім?
2. Қазақстанның інжу-маржаны қай жер?
3. Бір мақал айтып беріңіз
4. Бір ғасыр өмір сүрген қазақтың ақыны
Тыңдаушыларға қаламен танысуға уақыт беріледі. 4 қаланы таңдап алып, солар жайлы мәліметтер беру. Слайдтардағы нүктелерге тоқталу.
5-слайд Фонетика қаласы
Сұрақ қоя отырып салаларды еске түсіру
1.Фонетика нені қарастырады? Әр нүктеге тоқталып өту.
7 ықшамауданы бар: дыбыс, буын, тасымал, екпін, орфография, орфоэпия
6-слайд Лексика қаласы
2.Лексика нені зерттейді? Сөздің мағынасын зерттейді, 3 ірі аудандары бар: омоним, синоним, антоним, т.б.шағын аудандары бар(кәсіби, термин, көнерген, табу сөздер)
7-слайд Морфология қаласы
3.Морфология саласынан нені үйренуге болады? Сөз құрамын, сөз табын, қосымшаны үйренміз. Қосымшаның екі түрі бар.
8-слайд Синтаксис қаласы
4.Синтаксис деген нені қарастырады? Сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, оның түрлеріне тоқталып кету.
9-слайд «Кассалар» деген жазу, суреті
ІІ әрекет Қалаларға жету үшін билет аламыз. Кассаға келіп билет алыңыздар.
№1 билет: топта неше адам болады сонша сұрақ қойылады
1)Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2)Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай?
3)Дауыссыз дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?
№2 билет
1)Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді не деп атаймыз? Мысал келтіріңіз.
2)Атамекен сөзінің синонимдік қатарын айтыңыз
3) Омонимдер деген не? Мысал келтіріңіз
№3 билет
1)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2)Түбір сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгерте алатын қосымшаны не деп атаймыз? Мысал келтірейік.
3)Септіктерді атаңыз
№4
1)Сөз тіркесі кемінде неше сөзден тұрады?
2)Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз
3)Әрдайым сөйлемнің аяғында тұратын сөйлем мүшесі.
10 –слайд Ұшақтың суреті
ІІІ әрекет Жолға шығамыз ұшаққа міну үшін түрлі бақылаудан өту керек. Сол үшін мына жазбаша тапсырмаларды орындайық :
11-слайд Фонетика қаласының жолаушыларының тапсырмалары:
Жұмбақты шешіңіз:
А)Түйістіреді көзіңді көзіңе,
Жолықтырады өзіңді өзі (Айна)
Сол сөзде неше буын бар? Олардың түрлерін анықтаңыз.
Ә)Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстады қойыңыз: ...имешек, табалдыры... , ...әсіп, ...емір, ұр... ақ, жаулы... – қойған дыбыстарыңыз қандай дыбыстарға жатады?
12-слайд Лексика қаласының жолаушыларына тапсырмалар:
А)«Бойжеткен» сөзінің синонимі , осы сөздің мағынасын ашып беріңіз.
Ә)Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мағынасын ашыңыз: Үй жылынсын десең, біріншіден от ... керек екенін ұмытпа. Біздің бастықтың мінезі қызық, ол кісіге ... үшін мен өзім көп нәрсе істедім. Күйген жерге шикі жұмыртқа ... керек дейді ғой.
13-слайд Морфология қаласының жолаушыларына арналады:
А)Қыз сұлу көрінеді толған айдай,
Он бес пен он сегізге жасы келсе...
Өлең жолында қандай сөз таптары бар? Атап шығыңыз
Ә)Қаражаттандырылмағандардың тізімін беріңіз.
Бірінші сөздің түбірі қайсы, қосымшалары қайсы және олар нешеу?
14-слайд Синтаксис қаласына баратындар үшін:
А)Сөйлемдегі қай сөз сөйлем мүшесіне жатпайды?
Алтыбақанды құру үшін ұзындығы 3-4 метрдей алты сырық ағаш және көлденең қоятын ағаш пен мықты арқан керек.
Ә)Сөйлемнің бастауыш пен баяндауышын табыңыз .Олар қандай мүшелерге жатады?
Кітап – білім бұлағы. Тіл – қатынас құралы.
1-слайд Ұшақтың ішінің суреті «Құрметті жолаушылар, сапарларыңыз оң болсын!
ІV әрекет Ұшаққа отырып, біз әңгімелесеміз, пікір алмасамыз:
Тіл туралы қанатты сөздер айту, олардың мағыналарын ашу:
 Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт.
Халел Досмұхаммедұлы
 Ана тілін біліп тұрып, бөтен тілде жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш.
Халел Досмұхаммедұлы
 Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім!
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
 Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
 Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы

Сонымен, сіздер міне Тілдер еліне келіп қалдыңыздар, осыған дейінгі сәттерді назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
Саяхат сабақ аяқталды
Үй тапсырмасы: Жолаушы мен саяхатшының арасындағы айырмашылық жайында әңгімелеуге дайындалу.

Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі жанындағы Мемлекеттік
тілді оқыту орталығының
оқытушысы А.К.Мадиева

№1 билет: топта неше адам болады сонша сұрақ қойылады
1)Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2)Дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай?
3)Дауыссыз дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді?

№2 билет
1)Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді не деп атаймыз? Мысал келтіріңіз.
2)Атамекен сөзінің синонимдік қатарын айтыңыз
3) Омонимдер деген не? Мысал келтіріңіз

№3 билет
1)Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2)Түбір сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгерте алатын қосымшаны не деп атаймыз? Мысал келтірейік.
3)Септіктерді атаңыз

№4
1)Сөз тіркесі кемінде неше сөзден тұрады?
2)Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз
3)Әрдайым сөйлемнің аяғында тұратын сөйлем мүшесі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.