Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыс. Көптік жалғау. -

Қыс. Көптік жалғау.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1859 | Размер: | Автор: гость
. Төлеубаева Айгүл Астанқызы-
қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
Б. Майлин атындағы Таран орта мектебі» КММ

5 сынып. ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Көптік жалғау.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілі ,компьютер, интерактивті тақта, түрлі –түсті фломастер, ватман,үлестірме қағаздар.
Әдіс – тәсілдер: жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ал, балалар бүгінгі сабақ басталмай тұрғанда сендер қазір қай көңілде сабаққа келгендерінді смайлик бойынша мынау жерге көрсетесіңдер.Сабақ аяғында көңілдерін өзгерсе, смайлик бойынша көрсетесіңдер.
I Ұйымдастыру кезеңі: (психологиялық дайындық)
«Шаттық шеңбері» тренингі
ұйымдастыру. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып, хормен тақпақ айтады.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн ,көк аспан
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалімдер!
-Біз бүгін топтық жұмыс істейміз.Ал, қазір сендер «Түрлі-түсті жапырақтар» арқылы 3 топқа бөлесіңдер. Балалар сандықтан жапырақты алады.Кімде жапырақ қандай түсті, сол топқа отырады.Мысалы, сары түсі- Күз мезгілі, жасыл түсі-Көктем мезгілі, қызыл түсі –Жаз мезгілі.
1 топ-Күз мезгілі
2 топ –Көктем мезгілі
3 топ-Жаз мезгілі
Бүгінгі сабақта сендер балалар өз білімдерін өздерін бағалайсыңдар және бір-бірін тексеріп, бағалайсыңдар. Әр оқушының бағалау парағы бар және әр топта бағалау критерийлері жатыр.Сол критерий бойынша өз бағалау парақтарын толтырасыңдар.
II Үй жұмысы:
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптайды, күтеді,
Күз жинайды, тереді.
Әр топқа мәтін таратылады, сол мәтінде суреттің орнына сөздерді жазу керек.Әр топтың бір оқушы тақтаға шығып, сөйлемдерді оқып тұрады.
Оқып болғанша, тақтаға іліп қояды. Басқа топтың оқушылары түрлі- түсті стикер арқылы және критерий бойынша сол топты бағалайды.
Бағалау критериялары:
Суреттің орнына сөзді дұрыс пайдалану.
Сөз қателік болмау керек.
Құрастырылған сөйлемді дұрыс оқып беру.
Қызыл-5 ұпай
Сары- 4 ұпай
Жасыл-3 ұпай
ІІІ. Жаңа сабақ. Қыс мезгілі.
Далада қар борайды,
Ақмамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Мұғалім тақпақ оқып, оқушыларға сұрақ қояды:
-Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
-Бұл тақпақ не туралы?
-Ол қандай тақырыппен байланысты?
Балалар сабақтың тақырыбын айтады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
-Ал енді, балалар ,ойлаңдар, сабаққа қандай мақсаттар қоямыз?
Оқушылар өздері сабақтың мақсатын айтады.
Жаңа сөздер:Әр топқа жаңа сөздер беріледі.
1 топ.
Аязды-морозный
Аққала –снеговик
Шана-сани
Өте –очень
Қатады-замерзают
2топ.
Аязды-морозный
Жиі-часто
Қатады-замерзают
Қықарып –становятся короче
Ұзарады-становится длиннее
3 топ.
Аппақ қыс-белоснежная зима
Киінеді-одеваются
Мұз айдыны-ледовый каток
Шана –сани
Өте ұнайды-оченьнравится
ІV. Қыс туралы мәтінмен жұмыс.
Әр топқа Қыс туралы мәтін беріледі. Жаңа сөздерді пайдаланып, мәтінді орыс тіліне аудару. Бұл тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі.
Енді балалар әр топтың бір оқушы- спикер болады. Ол спикер басқа топқа барып өз мәтіннің мазмұнын айтады.Балалар оны мұқият тындайды. Одан кейін өз орнына отырады.
Сұрақ- жауап: 2 сұрақ құрастыру. Тындаған мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұраққа жауап бересіңдер.
Сұрақтарға толық жауап беру.
1 топ-3 топқа
3 топ -2 топқа
2 топ -1 топқа
Бағалау критериялары:
Мәтінді дұрыс оқу, аудару.
Мәтіннің мазмұнын қазақша толық айту.
Мәтін бойынша сұрақтарды дұрыс құрастыру.
2 топ. Күз мезгілі.
Қыс мезгілі келді. Қыста күн суық, аязды болады.Қар жауады, боран соғады.Балалар аққала жасады. Оқушылар мектепте Жаңа жылға дайындалады.Қыс- өте тамаша мезгіл!
3 топ. Көктем мезгілі.
Қыс келді.Қыс айлары- желтоқсан, қаңтар, ақпан. Бұл мезгілде күн суық, аязды болады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі қар жауады. Өзендер, көлдер қатады.
4 топ. Жаз мезгілі.
Аппақ қыс түсті. Қыста күн суық болады. Адамдар жылы киінеді.Балалар далада қармен ойнайды.Мұз айдынына барып, коньки тебеді, шанамен сырғанайды.Маған қыс мезгілі өте ұнайды.
Сергіту сәті.
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
-Қай сөзде көптік жалғау бар?
- Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?
-Көптік жалғау дегеніміз не?- Қандай көптік жалғауларды білесіңдер?
V.Тапсырмалар.
1- тапсырма. Сәйкестендіру. Бір- бірін тексеру.
Бағалау критериялары:
6 сөз-5 ұпай
5 сөз -4 ұпай
4 сөз -3
3 сөз кем -0 ұпай
1 топ.
күн тар
жыл тер
мереке дер
ай дар
сырғанақ лар
сурет лер
2 топ.
өзен тар
қыз тер
коньки дер
бала дар
қолғап лар
мектеп лер
3 топ.
түн тар
адам тер
кесте дер
шана дар
тонғақ лар
ішік лер
2- тапсырма.
Тест тапсырмалары. Өзін-өзі бағалау..
VI.Бекіту. Біздің сабақ аяқталуына жақын. Қазір келесі тапсырма бойынша қорытынды жасаймыз. Сөздердің орнына суреттерді жапсырып қоясыңдар.
Бағалау критериялары:
Қатесіз -5 ұпай
2 қате -4 ұпай
3 қате -3 ұпай
4 қате- 2 ұпай
5 >қате -0 ұпай
VII.Үй тапсырмасын беру.
-«Қыс-тамаша мезгіл!» туралы эссе;
- жаңа сөздерді жаттау;
-көптік жалғау ережесін қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Бағалау парақтарын толықтыру және жалпы ұпай қанша болса сол бағасын қояды.
Балды бағаға айналдыру шкаласы

“5” “4” “3” “2”
23- 25 ұпай 18-22 ұпай 14-17
ұпай 13-0 ұпай

Х. Рефлексия.
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Қалай ұнады, көрсетіңдер?
- Сабақ аяғында кімнің көңіл-күйлерін өзгерілді, смайлик бойынша көрсетуге болады.
- Сабаққа рақмет, сау болыңыздыр!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.