Меню
Назад » » »
Зат есімнің көптелуі
загрузка...

загрузка...
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7 «В»
Мерзімі: 28.09.2014 ж.
Пән мұғалімі: Заманбекова Салтанат
Сабақтың тақырыбы Зат есімнің көптелуі
Жалпы мақсаты Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік беру. Зат есімнің көптелуін, оның ерекшеліктерін меңгерту.
Күтілетін нәтиже Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік алады. Зат есімнің көптелуін меңгереді.
Модульдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі.
Әдіс-тәсілдер «Атомдар мен молекулалар», «Аквариумдағы балықтар» , «Арнайы репортпаж», «Көрмеге саяхат», «Бағдаршам»
Көрнекіліктер Кеспе қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақтары, флипчарт
Сабақтың барысы
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлемін. Атом дегенде оқушылар жеке өздері жүреду, молекула дегенде 3-тен немесе 4-тен топтанады Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы лебіздер айтады. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлінеді.
ІІ. Өткен сабаққа шолу (5 мин) «Аквариумдағы балықтар» әдісі бойынша үй тапсырмасын айтқызамын. Жазып келген мәтіндерін оқытамын. «Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша шеңбер жасап отырады. Ортаға бір топтың оқушылары шығып, үй тапсырмасын айтады. Басқа топ оқушылары оларға сұрақтар береді. Жауап бере алмаса өздері айтады.
ІІІ. Тірек білімдер
(7 мин) Зат есім жалғаулар арқылы түрленетінін түсіндіремін. АКТ слайд көрсетілімін көрсетемін. Қазақ тілінде төрт жалғау бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты зат есімдер ғана жіктеледі. Жалғаулар өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді және өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Көптік жалғауын түсіндіремін. Мысалдар келтіру үшін түбір сөз бен жалғаулар жазылған қағаздарды әр топқа беремін, оқушыларға сөз бен түбірді байланыструды тапсырамын.
Оқушылар тақырыпты тыңдайды. Зат есмінің қалай түрленетінін меңгереді. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын еске түсіреді. Партаның үстіне қойылған қарындаш, үй, ғалам, тары, ою, мұғалім, қала, мектеп, көзілдірік түбір сөздері мен -дар, -лер, -тер, -дер, -лар жалғауларын байланыстырып, сөз жасап, тақтаға іледі. Ол сөздерді дәптерге жазып алады.
ІV. Жаңа ұғымдар (8 мин) 23-жаттығуды орындауды тапсырамын. 24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазуды тапсырамын. Бұл жаттығуларды «Арнайы репортпаж» әдісі арқылы оқытамын. Оқушылар 23-жаттығуда берілген сөздерге көптік жалғау жалғайды. Қай сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды, себебін тауып, түсіндіреді.
24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазады. Оқушылар «Арнайы репортпаж» арқылы
V. Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15) Төрт топқа «Көптіктер», «Септіктер», «Тәуелдіктер», «Жіктіктер» деген сөздер жазылған қағаздардың теріс бетін қойып таңдатамын. Қай топ қай қағазды алса, сол бойынша постерлік жұмыс жасауды тапсырамын. Оны «Көрмеге саяхат» әдісі арқылы қорғатамын. Оқушылар өздеріне түскен тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, тақырыпты талқылайды. Сосын флипчарт бетіне түсіреді. Ол жұмыстарын бір оқушы шығып, «Көрмеге саяхат» әдісі арқылы қорғайды.
VІ. Қорытынды (3 мин.) «Бағдаршам» әдісі арқылы қорытындылаймын. Қажетті түрлі-түсті қағаздарды таратамын. Сұрақтарды қоямын. Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін бағдаршам түсіне қарай сұрақты білсе, жасыл, жартылай білсе сары, білмесе қызыл түсті көтереді.
VІІ. Бағалау (2 мин) Өзін-өзі бағалау үшін әр оқушыға «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлер таратып беремін. Осы стикерлердің біреуін таңдау арқылы әр оқушыға өзін-өзі бағалауды тапсырамын. Оқушылар флипчарт бетіндегі өз атының тұсына бүгінгі сабақты меңгеруіне қарай «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлердің біреуін жабыстырады.
ҮІІІ (кері байланыс) «Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша стикерге жазып өткізеді.
ІХ. Үйге тапсырма (1 мин) 25-жаттығуды орындауды түсіндіремін. Тапсырманы күнделікке жазып алады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Зат есімнің көптелуі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 493 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar