Меню
Назад » » »
Зат есімнің септелуі
загрузка...

загрузка...
Ташпенова Турсынкул Сейдазымовна,
П.Әйтменов атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Отырар ауданы

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты:
1. Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білугеүйрету.
2. Оқушның сауатты жазу дағдыланын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін одан әрі дамыту.
3. Оқушыларды тапқырлыққағ, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау, интер белсенді технологиясы топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, жетіген музыкалық аспабы, септіктер кестесі.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қазіргі бізде қазақ тілі сабағы.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Берілген жаттығуды дәптерден тексеру.

«Орнын тап» ойыны. Кесте толтыру
заттар нәрселер өсімдіктер жемістер жануарлар адам Табиғат


Керекті сөздер: терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс, зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші, жаңбыр.

Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрау қойып көрейік.
-не байқадыңдар?
-Қандай қорытынды жасауға болады.

ІІІ Жаңа сабақ
Көбейту кестесін дұрыс орындасақ бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
49 16 20 18 14 35 30 24 12 27 32 36 49 64 72 54 45 28
З А Т Е С І М Н І Ң С Е П Т Е Л У І
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Зат есімнің септелуі.
Бүгінгі күн ретін, тақырыбын жазу.

-Олай болса, мына суретке назар аударайық.
Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап – Жетіген.
-Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрайы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері-кейінді орналастару арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектері саусақтармен іліп-қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаз өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.
Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімнің жерінже қазақ тілі елінде, «Септік»- деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елді жұт болып ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.
-Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.
- Ай өткен соң – Ілік деген ұлы өлгенде тағы да бір ішік тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егілді.
- Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды.
- Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырамын»-дейді.
- Жатыс ұлы аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неден жатып көз жұмдың»-деп бесінші ішекті тағып егіледі.
- Шығыс ұлы қайтыс болғанда. Алтыншы ішектағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын»-деп егіледі.
- Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»-деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.
- Міне осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспатыбы» пайда болыпты.

ІҮ. Ой қозғау
- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – септік шал.
- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?-деді.
- Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.
- Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?-деді.
- Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын?-деді.
- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шал не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?-деді.
Ү. Сұрақтар сыры. Жетіген.
Не ?- жетіген
Ненің? – жетігеннің
Неге? – жетігенге
Нені? – жетігенді
Неде?- жетігенде
Неден?-жетігеннен
Немен? – жетігемен
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес – өздерінің аттарын атады. Бұл қазақ тілінде жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары болады.
Ілік септігі- сөздердің бір-бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы: кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы: қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы: кіммен таныстың ? Асанмен таныстым.

Септіктің аты Сұрақтары Септік жалғаулар
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік Кім? Не?
Кімнің? Ненің?
Кімне? Неге? Қайда?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Ның, нің, дың, дің, тың, тің
Ға,ге, қа, ке
Ны, ні, ды, ді, ты, ті
Да, де, та, те
Нан, нен, дан, ден, тан, тен
Мен, бен, пен

ҮІ Оқулықпен жұмыс
7-жаттығу
Сәуле, Сәулені
Тапсырма: қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының өзгеретініне назар аудар.

Дәптермен жұмыс
1 топ 2 топ
Оқушы Ауыл
Үздік кім? Қайдан келді?
Кімді көрді? Ненің жанында көп бар?
Кімге берді? Демалыста қайда барамын?
Кімнен сұрады? Мен нені ұнатамын?

Тапсырма:
Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз. Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

Сергіту жаттығу

1 топ 2 топ

Шеңбер Ата

Тапсырма: сөздерді септеп жаз
Терме диктанты.
11-жаттығу. «Білім керек бәріне»
Тапсырма:
Септеулік зат есімдерді теріп жаз. Өлеңдегі негізгі ойды анықта. Білімнің қажеттілігі туралы әңгімеле.
ҮІІ Қорытынды.
«Гүлдер ойыны»
Гүл тостағаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл тостағаншаларын орналастырылады. Сөйтіп гүл шоғы пайда болады.

ҮІІІ бағалау
ІХ Үйге тапсырма
12-жаттығу
Зат есімнің септелуі (ереже) Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Зат есімнің септелуі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 333 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar