Меню
Назад » » »
Адам құқықтары және бостандықтары
загрузка...

Скачать материал с Talimger.org (39.0Kb)

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Адам құқықтары және бостандықтары
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың құқықтық білімін арттыру.
2. Заңды өмірде қолдана білуге үйрету.
3. Оқушыларды Заң негізінде өз құқығын талап ете білуге тәрбиелеу, демократиялық көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: сабақтың тақырыбы, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе:
Біз демократиялық жолда дамып бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Біздің Конституциямыздың I-бабында ҚР өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Тәуелсіздік туын берік те биік ұстаған Қазақстан өркениетті әлемде өзге елдермен иықтас тұру үшін алғашқы күндерден-ақ құқықтық мемлекет негізін қалады. ҚР-ның Конституциясында белгіленген қоғамымызды демократияланыру, құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттері жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беруді талап етеді.
Қазіргі кезеңде жасөспірімдер арасында құқықтық тәрбие жұмысы белсенділікпен жүргізіліп жатса да, тәртіп бұзушылар саны күннен күнге өсуде.

2. Негізгі бөлім:
Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық құбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін әрекет еркіндігін білдірді.
Құқық дегеніміз – мемлекет белгілеп, мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Оның негізгі бастамалары: саяси биліктің халық еркіне бағынуы, меншік түрлерінің теңдігі және адамгершілік ұстанымдары.
Сонымен, құқық дегеніміз не? Құқық бұл біздің қалауымыз. Мысалы, сенің оқығың келе ме? Осыған сәйкес құқық бар. Бірақ біздің барлық қалауымыз құқық бола бермейді, құқық деп аталу үшін біздің қалауымыз ақылға сыйымды болуы керек, ал басқалардың қалауына қарсы келмеуі керек. Мысалы, сен өзің қызыққан затты дүкеннен тегін алғың келді делік, сенің оған құқығың бар ма? Жоқ. Себебі, сенің бұл қалауың ақылға сыймайды және басқалардың қалауына қайшы.

Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп жинақталған оларға жататындар: Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі (демократизм, гуманизм, интернационализм).
1. Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қ.Р. мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы, халық болып, табылады деп делініп конституцияда бекітілген.
2. Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі.

А) демократизм - азаматтық құқықтар мен бостандық кең ауқымымен ұштаса отырып адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз ететін, оның құқықтарын мен бостандықтарын заң жүзінде бекітілген.
В) интернационализм – барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси шаруашылық және мәдени дамуындағы заң жүзінде және іс жүзіндегі теңдікті тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикада нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б. жағдайларға қарамастан құқық пен бостандық теңдігіне кепілдік беріледі.
С) Гуманизм – (латын тілінен аударғанда адамдық адамгершілік деп аударады) адамның жеке тұлға ретіндегі құндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілетін көрсету құндылығын тану. Адамгершілік принципі ата заңымызда айрықша айтады. Онда әркімнің өмір сүруге құқық бар екені ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ екені сондай-ақ адам мен азаматтың ар-ожданы мен абыройына қол сұғұға болмайтыны жөнінде баяндалған.
Конституциялық құқық дегеніміз – Қ.Р.-ның мемлекет және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық қатынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынастарды, принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін халықтың қолындағы мемлекеттік билікті іске асыру тетіктерін реттейтін және белгілейтін құқықтың нормалардың жиынтығы.
Конституция – құрылтайшылық сипаттағы нормативтік құқықтық акт. Қ.Р. Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру жолмен қабылданды, Конституцияда халықтың ерік-жігері асырылады және Конституция нормалары құрылтайшылық, бастапқы сипатқа ие деген сөз. Конституцияда қоғамда пайда болған күрделі қатынастарды реттейді. Ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани.
Бүгінгі қолданыстағы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция Қазақстанда президентік басқару нысанын бекітті, сөйтіп Қ.Р.Конституциялық жаңа кезеңі одан әрі қалыптасуына байланысты 1998 жылы 7 қазанда Қ.Р. Парламенті қабылданған Конституциялық заңмен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қ.Р: Конституциясы приамбуладан және 9 бөлімнен тұрады. Приамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді, оны қабылданған ерекше субъект Қазақстан халқына назар аударады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптары:
5-бап. Басқаны қиауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.
12-бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіе араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
17-бап. Адамның қадір-қасиетін қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, яки жазалауға болмайды.
19-бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.
29-бап. ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
ҚР азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
Адам мен азамат құқықтарын қорғалуын қамтамасыз етуде ҚР Президенті жанындағы «Адам құқықтары жөніндегі комиссия» маңызды рөл атқарады. Бұл комиссия адам мен азаматтық құқықтар мен бостандықтары жөнінде Президентке және комиссияның өзіне жолданған хаттарды қарайды, құқықтарды қорғаудың жөн-жобасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.
Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарына қоса, басқа адамдардың, мемлекеттің алдында атқаруға тиісті белгілі бір міндеті болады. Олар – Отанды қорғау, Конституцины құрметтеу, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, салық төлеу, т.б.

Оқушыларға тәрбие сағатын бекіту үшін сұрақтар қою.
1) Құқық дегеніміз не және ол қоғамға не үшін қажет?
2) Адамның бұлжымас құқықтарына не жатады?
Адамның бұлжымас құқықтары: ҚР Конституциясы бойынша сөз бостандығы және өз ойын айту, ар-ождан және діни наным, жиналыс, бірлесу және т.б.
3) Өмір сүру және еркіндік құқықтарының бұзылуы туралы қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
4) Адамның қандай құқықтары және міндеттері бар?
5) Құқықтық мемлекетке тән белгілер қандай?
6) Заңдардың орындалуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай органдар қорғайды?

3. Қорытынды бөлім:
Адам мен азаматтың Конституцияда жазылған құқықтары мен бостандықтары олардың мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын анықтайды. Азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды тек өз мүдделері үшін ғана пайдаланбайды. Мәселен, адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығын пайдалана отырып, азаматтар тек өздері үшін ғана тіршілік құралдарын таппайды, сонымен бірге қоғам үшін материалдық және рухани байлықтар жасайды. Саяси құқықтары мен бостандықтарын белсенді түрде пайдалана отырып, азаматтар мемлекетте демократияны дамытуға ықпал етеді, т.б.
Құрметті оқушылар, сендер бүгінгі сынып сағатымызда өздеріңнің білімдеріңді көрсете білдіңдер және құқық жайлы қосымша мәлімет алдыңдар деп ойлаймын, сондықтан да болашақта сендер еліміздің құқықтық білімі және тәрбиесі жоғары азаматтары боласыңдар деген сенімдемін. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Адам құқықтары және бостандықтары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы: Жұмабекова Айнагүл Мухамбетқызы

"№68 Орта мектеп". Астана қаласы.

Бөлімі: Құқықтан ашық сабақтар
Көрсетілім: 1094 | Жүктеулер: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar