Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу. -

Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1552 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§.27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға «Неке, отбасы, отбасы қатынастары, туыстық қатынастар, туыстықтың түрлері» жайлы мағлұмат беру. Өмірмен байланыстыра отырып, мәнін ашу.
Тәрбиелік: адамгершілік қасиеттерге баулу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: «Неке және отбасы туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Жауаптылық деген не?
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері қандай көрініс береді?
3. Жазалардың жүйесі қандай?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Қылмыстық жазадан босатудың қандай түрлері бар?
2. Қажетті қорғануды қалай түсінесіңдер?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Отбасы және неке ұғымы
2. Неке және некенің түрлері
3. Неке және отбасын құқықтық реттеу
4. Некеге тұру тәртібі.
Отбасы құқығы- некеге тұру шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды айқындайтын, отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтың дербес саласы.
1998 жылы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес: отбасы дегеніміз- некеден, туыстықтан, дүниеге бала әкеліп оны тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын өзара жәрдемдесуге тиісті адамдардың тобы.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғамда бірқатар қызметтер атқарады. Олар:
1. Отбасы мүшелерінің өзара көмек көрсету қызметі
2. Өмірге ұрпақ әкелу қызметі.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сай: неке және отбасы қатынастары- ата-ана және бала мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттің қорғау қызметі төмендегі қағидалар негізінде жүзеге асады:
- ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
- ерлі- зайыптылардың отбасында, құқықтық жағынан тең болуы;
- отбасы өміріне ешкімнің де өз бетінше араласуына жол бермеу;
- отбасындағы мәселелерді өзара келісіммен шешу;
- балалардың отбасында тәрбиеленуіне, жағдайына көмектесу;
- кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау;
- отбасы мүшелерінің қорғану, соның ішінде сот арқылы қорғану құқығының болуы,т.б.
Еліміздегі неке және отбасы қатынастарын мемлекеттік қорғау және қолдау мақсатында 1998 жылы 17 желтоқсанда «Неке және отбасы туралы» Заң қабылданды. Ол 7 бөлімнен, 213 баптан тұрады.
Некеге тұру шарттары:
1. некеге тұрушы ер мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.
2. Қазақстан Республикасында неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18 жас болып есептеледі.
«Неке және отбасы туралы» Заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол берілмейтін адамдар санаты берілген:
1) Егер жұбайлардың біреуі басқа тіркелген некеде болса, біздің елімізде заңды түрде некесі бұзылмаған адамның жаңа некесін тіркеуге жол берілмейді.
2) Қандас туыстар арасындағы неке
3) Асрап алғандар арасындағы неке
4) Психикалық ауру немесе ақыл есі кем адамдар арасындағы неке
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Отбасы дегеніміз не?
2. Отбасының қоғамдағы қызметі қандай?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Некеге тұру шарттары қандай?
2. Отбасының қандай түрлерін білесіңдер?
3. Неке жасын кеміту қандай жағдайларда жүзеге асады?
4. «Неке және отбасы туралы» Заң қашан қабылданды?
8. Үйге тапсырма:§27. Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.