Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы -

Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3106 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:Автохтонды ұлт және диаспоралар. Саяси құрылуы жағынан унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан аумағында жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып, еңбек етеді. Солардың ішінде мемлекеттің ұйытқысы, елді біріктіруші және оның саяси-әлеуметтік мәртебесін айқындаушы фактор ретінде көрінетіні — қазақ халқы.
Қазақстан үшін қазақтар — автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.
Кеңес билігі жылдарында өз жерінде ұлттық азшылық жағдайына ұшырап, "мың өліп, мың тірілген" қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде республика тұрғындарының ішінде үлестік басымдыкка қол жеткізді. Қазіргі кездегі (2005 ж.) деректер бойынша, Қазақстанда тұратын Бұл бағытта мемлекет тарапынан бірнеше рет шағын несие таратылды.
Ұлтаралық қатынастар. Қазақстан мен Ресей арасын¬дағы ұлтаралық қатынастарға Қазақстандағы орыс және Ресейдегі қазақ диаспоралары мәселелері — олардың азаматтық құқықтарын тең қорғау, ұлттык мәдениеттерін өркендету, тілдерін дамыту, дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтау, қажет еткендеріне ерікті түрде тарихи отандарына оралуына жағдай жасау мәселелері кіреді.
Ұлт пен мемлекет сөздерінің көпшілік жағдайда бір ұғымды білдіруі — дүниежүзілік беталыс. Бұл өте дұрыс және болашақтық бағыт. Қазақстандағыдай көп ұлттылық жағдайында ешкімді ұлтына, ұлысына қарап алаламай, иық тіресе еңбек етіп, демократиялы, құқықты қоғам құруға жұмыла кірісудің маңызы зор. Кейінгі жылдарда Қазақстанда тұрған орыстар, украиндар, немістер, поляктар өз тарихи отандарына көшіп кете бастады. Бұл — ұлттық мемлекеттің келешегі үшін өте тиімсіз құбылыс. Өйткені тарихи отандарына қайтып кеткендер арасында ғалымдар, жоғары білікті мамандар, өз ісінің нағыз шеберлері, кәсіпқойлар көп еді.
Этносаралық қатынастар. Әлеуметтік мәселелерді қозғаған ғылыми-публицистикалық әдебиеттерде этнос (грек, ethnos—топ, тайпа) термит жиі қолданылады. Ол баста адамдар қауымдастығының тұрақсыз формалары — ру, тайпа, ұлыстарды білдірген бұл сөз, кейінірек ұлт ұғымында да қолданыла бастады. Отандык әлеумет-танушы ғалымдардың дені қазір этнос ұғымына республикада тұратын автохтонды ұлттан өзге этностық топтар мен диаспоралардың жиынтығын сыйғызады. Сонда этносаралық қатынастар дегеніміз — осылардың өзара қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкіл-дерініц ел ішіндегі өзара байланыстары жатады. Қазір Қазақстанда украиндардың, татарлардың, түріктердің, немістердің, шешендердің, ингуштердің т.б. ұлт диаспораларының ұлттық-мәдени және тарихи ұйымдары мен орталықтары жұмыс.
Қазақстандық отаншылдық. Қазақстан Республикасы — өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазакстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, кызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: "Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көз-деп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті — қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру" деп жариялаган болатын.
Жалпықазақстандық отаншылдық дегеніміз — шын мәніндегі ұлттық сүйіспеншілікке қайшы келмейтін түрлі ұлт адамдарының республика жерін мекендеген этностар тағдырының тұтастығын, гүлдену мүмкіндігін терең ұғынуы.
Бекіту кезеңі:
1. Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
2. Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
3. Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Сабақты қорытындылау: Жалпықазақстандық отаншылдық дегеніміз — шын мәніндегі ұлттық сүйіспеншілікке қайшы келмейтін түрлі ұлт адамдарының республика жерін мекендеген этностар тағдырының тұтастығын, гүлдену мүмкіндігін терең ұғынуы.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 18
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 22 Күні:
Тақырыбы: Отбасы және жастар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Отбасы және жастар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Халық санының табиғи өсімін қамтамасыз етуші құрам — жастар. Қазақстанның азаматы болып табылатын әр жас адам дер кезінде отбасын құрып, өмірге бала әкелуді ең асқақ, барынша ізгі, мейлінше қасиетті борышы деп есептеуі керек. Біздің жас мемлекетіміз үшін әрбір адам мен азамат ел тағдырын шешуші айқындаушы фактор. Қазақстан Республикасы үшін басты байлық —оның жерінің кеңдігі мен табиғи ресурстарының молдығы ғана емес, ең алдымен, оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.
Отбасы. Отбасы — ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың, балалардың және басқа туыстардың ара-қатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт. Отбасы — қоғамның тірегі, оның алғашқы ұясы. Адам өмірінің мәні, алдымен, оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкін емес.
Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары косылып өмір сүріп жаткан отбасын күрделі отбасы деп атайды.
Неке. Неке — отбасын құру мацсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды.
Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттері заңды болады. Өмірде тіркелмей-ақ ерлі-зайыптыларша бірге тұратындар кездесе береді. Оларды әлеуметтанушылық-философиялық әдебиеттерде эксперименте отбасылар деп саралау қабылданған.
Халық арасында оны "азаматтық неке" деп атау бар. Азаматтық хал актісін тіркеу органында белгіленбегендіктен, "азаматтық некедегі" отбасы заңды деп танылмайды. Олардың ерлі-зайыптылық қатынастарына мемлекет араласпайды. Бар мәселесін олар өздерінің адамгершілігі тұрғысынан шешеді.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.
Отбасын құру қағидалары. Отбасын құру белгілі бір қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Олардың бастылары мыналар:
— еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
— отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
— бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
— отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
— балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
— кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу
— отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
— отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
— отбасы мүшелерінің бір-бірінің қамын ойлауы.
Отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары. Отбасы жағдайында бала ерекше құқықтарға ие. Балалар құқықтары туралы конвенция бойынша он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған азаматтар бала болып есептеледі. Әр баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы бар. Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені талқылауға қатысуы керек. Соттасу кезінде он жасқа толған баланың пікірі ескеріледі.
Ата-ананың балалар алдындағы құқыктары мен міндеттері тең. Ата-аналар балаларының денсаулығын қадағалауға, оларды тәрбиелеуге, орта білім алуын қамта¬масыз етуге міндетті.
Отбасының тұрпаттары. Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының түрлі тұрпаттары бар. Олардың ішінде қазіргі заманғы қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар.
Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар, негізінен, моногамды жөне полигамды болып бөлінеді.
Бір әйел мен бір еркектің некелік одааы моногамды отбасы делінеді. Бұл — некелік формалардың ішіндегі ең кең таралған түрі.
Екі немесе одан көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерде жиі ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға ресми рұқсат етілген. Көпшілік дамыған елдердің азаматтары некенің бұл формасын құптамайды.
Отбасының атқаратын функциясы. Отбасы мынадай функциялар атқарады:
— бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету. Қоғам үнемі өзінің демографиялық өсуін қамтамасыз етуі керек. Әсіресе жері көп, халқы аз Қазақстан қоғамы үшін бүл өте өзекті мәселе болып табылады. Өйткені қазақ жерінің мол табиғи байлығын игеру, орасан үлкен аумақты қорғау, дүние жүзіндегі қуатты елге айналу үшін Қазақстан Республикасына адам керек. Келешекте Қазақстан 50 млн тұрғыны бар ірі елге айналуы керек. Сондықтан мемлекет жастардың дер кезінде отбасын құруына, бала өсіруіне мүдделі;
— баланы әлеуметтенуге, екінші сөзбен айтқанда, қоғамда өмір сүруге дайындау. Баланың қоғамда бағаланатын құндылықтарды меңгеруін, білім алуын, кәсіп таңдауын, өзінің кабілеттерін пайдаланып еңбек етуін, қоғамда өмір сүруге үйренуін, алдымен, отбасы қамта¬масыз етеді;
— отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 19-20
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.