Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері -

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1399 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ:3 Күні:
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы туралы түсінік және оның міндеттері мен жүйелері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: қылмыстық құқық дегеніміз – бұл қылмыс жасауға және қылмыстық жаза тағайындауға байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастардың реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құлмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Оның негізгі ерекшеліктері мынадан тұрады:
1. Қылмыстық құқық қылмыстың не екендігін, қандай қылмыс үшін қандай жаза тағайындау керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің негізін және жауапкершілік пен жазадан босатуды белгілейді;
2. Қылмыстық құқық қылмыс жасауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстың құқықтың міндеттері:
- Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тұжырымдалған.
- Басты міндет қорғау
- Қылмысты жасауды алдын алу
- Тәрбиелеу
Қылмыстық құқықтың қағидалары
- Заңдылық қағидасы
- Теңдік қағидасы
- Бұлтартпау қағидасы
- Жеке кінәлілік жауапкершілік қағидасы
- Әділеттілік қағидасы
- Ізгілік қағидасы
Қылмыстық заңның үш жағдайда кері күші болады:
- Заң әрекеттің қылмыстылығын және жазаланатындығын жоятын болса;
- Заң қылмыстық жауапкершіліктің немесе жазаны жеңілдететін болса;
- Заң қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін болса;
Сабақты қорытындылау:қылмыстық заң қылмыстың құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §11, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.