Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы. -

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5617 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 31. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ҚР-ның құқықтық жүйесі, «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы», құқықтардың сипатына қарай жіктелетіні туралы түсінік беру. Адам құқықтарының қорғалуы, құқық бұзушылық және оның түрлерін, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы оқушыларға ашып көрсету.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
Салыстырмалы анализ жасап кесте толтыру

«Қасым ханның қасқа жолы» «Есім ханның ескі жолы» Тәуке ханның «Жеті жарғысы»



3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Құқықтың ұлттық нышандарының қандай элементтерін қазіргі құқық жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіндер?
2. Қазіргі ұлттық құқықтық орын алған мұсылмандық, моңғолдық және қазақы элементтерді атаңдар?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан құқықтық жүйесі – халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі.
2. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы.
3. Адамқұқықтары және мемлекет.
4. Адам құқықтары жөніндегі комиссия.
5. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.
6. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдіктері.
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық – құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын өз аумағында бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасықты сақтау ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын талаптарды орындап отырады.
Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. БҰҰ-ның Жарғысында «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің құрметті борышы мен міндеті болып табылады» деп жариялаған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесін халықаралық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі деп таниды.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүниежүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Адам құқықтары
Адамдардың табиғи құқықтары Азаматтыққа байланысты құқықтары мен бостандықтары Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары. Азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін тандау, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы, шерулерге қатысу, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары. Адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс тандау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, білім алу, демалу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас асамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелері негізінде қабылданды.
Адам құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық және дәйекті көрсететін негізгі заңды құжат Конституция болып табылады.
Адам мен азаматтың Конституцияда жазылған құқықтары мен бостандықтары олардың мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын айқындайды.
Құқықтық қоғам орнатуды басты нысана етіп отырған Қазақстан қоғамы да осы үдеріске ден қояды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жетекші рөл атқарады. Комиссия адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау және бостандықтарын қамтамассыз ету жөнінде жауапты органдар мен лауазымды тұлғалардан бұл бағыттағы жұмыстар туралы қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдар сұратып алады, олардың хабарларын тыңдайды. Содан кейін адам құқықтарының қорғалуы туралы қорытынды жасайды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең негізгі кепілдік – оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана Конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.
Шынайы демократиялық мемлекетте әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығын өзі қорғауы тиіс. Ондайда азаматтың сөзі де, ісі де заңға сәйкес, мемлекет органдарының қадіріне, лауазымды адамдардың жеке басына, арына тимейтін, ешкімнің ізіне түсіп, қудалау жасамайтын деңгейде болған жөн.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Адам құқықтары неше топқа бөлінеді және оның ерекшеліктеріне тоқталыңдар.
Адамдардың табиғи құқықтары Азаматтыққа байланысты құқықтары мен бостандықтары Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар


7. Жаңа материалды бекіту:
1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіңдер?
2. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңдар.
3. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қандай кепілдіктер берілген және оларды қорғайтын Қазақстан Республикасында қандай органдар құрылғанын айтып беріңдер.
8. Үйге тапсырма:§ 31. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы.
9. Бағалау:

Сыныбы ___________
Мерзімі___________
Сабақтың тақырыбы:§ 32. Азаматтық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға азаматтық ұғымын, оның мемлекетпен байланысы және азаматтық алу жолдарын түсіндіру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы
Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қай жылы қабылданды?
2. Адам құқықтары неше топқа жіктеледі?
3. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін қандай органдар бар?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
Адам құқықтары неше топқа бөлінеді және оның ерекшеліктеріне тоқталыңдар.
Адамдардың табиғи құқықтары Азаматтыққа байланысты құқықтары мен бостандықтары Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар


4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Азамататтық туралы жалпы түсінік.
2. Қосарлы азаматтық.
3. ҚР ның азаматтығын алу және азаматтықтан шығу.
Азаматтық туралы мәселе – адам мен қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр елде әртүрлі көрініс беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да ұйтқысы болып келген аса күрделі мәселелердің бірі.
Азаматтық деп адам мен мемлекет арасындағы біріншісінің екіншісіне тәнділігін айғақтайтын құқықтық байланысты айтамыз. Азамат өзі тән мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланады, міндеттерді атқарады, сондықтан да оның құқықтары мемлекет тарапынан қорғалады.
Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық – мемлекет ретіндегі Қазақстан республикасы мен адам арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтық – мемлекет пен жеке адамның өзара тұрақты қарым-қатынасы ретінде сипатталады.
Азамат дегеніміз – мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға.
Азаматтық және азаматтық құқық мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 10- бабында: «Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды» деп жазылған.
Адамды өз мемлекетінің азаматтығынан айыру, оны туған елінен аластау – болмысқа да, қисынға да жат құбылыс.
Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтығын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қосарлы азаматтық деп аталады.
Екінші азаматтық жұрттың бәріне бірдей беріле бермейді, оны алу үшін елеулі себептер болуы керек. Мемлекет, алдымен, өзінің азаматтарына қамқорлық жасауға тиіс. Егер мемлекетте қосарлы азаматтығы бар адамдар көп болса, онда ол басқа мемлекетті Отаным деп есептейтін адамдардың ауыр жүгін арқалаған болар еді.
Қосарлы азаматтығы бар адамдар Парламент немесе жергілікті билік органдарының депутатарын сайлауға немесе өздері сайлануға қатысқан жағдайда екіұшты ахуалға түскен болар еді. Екі мемлекеттің екеуінің де азаматы болып саналатын азаматтың алдында екі елдің бірін ғана қалау мәселесі туындайды.
Қосарлы азаматтыққа қатысты тағы бір күрделі мәселе әскери қызмет атқаруға байланысты туындайды. Бипатрид (қосарлы азаматтығы бар адам) өз Отанын қорғауға міндетті. Ал оның отаны – екеу. Егер өзі азаматы болған екі ел бір-бірімен жауласар шақ туса, сонда ол осы екі елдің біреуінің ғана жағына шығуы керек. Бұдан шығар қорытынды: қосарлы азаматтық әр адамның өзінің жеке басына ыңғайсыз.
«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне енген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш мынадай жағдайларда қабылданбайды:
- Халықаралық құқықта қаралған, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар;
- ҚР –ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар;
- ҚР –сы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар;
- халықтың денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты заңды бұзғандар;
- мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;
- ҚР –ның мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар;
- террорлық әрекеті үшін сотталғандар;
- сот ерекше қауіпті деп таныған ауыр қылмыстылар;
- басқа мемлекетте азаматтығы барлар.
Азаматтықты куәландыратын құжат – куәлік пен төлқұжат болып табылады. Адам 16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен және өзінің туу туралы куәлігімен расталады.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Азаматтық дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтық туралы не делінген?
3. Қосарлы азаматтық дегеніміз не?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. «Қазақстан Республикасы азаматтық туралы» Заңы қай жылы қабылданды?
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабыланбайды?
8. Үйге тапсырма:§ 32. Азаматтық.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.