Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік -

Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1680 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға азаматтық іс жүргізу құқығы туралы түсінік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Материралдық құқық – құқықтың нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады
Іс жүргізу құқығының өзі – бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі.
Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады:
- Азаматтардың іс жүргізу құқығы;
- Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
- Азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз – азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі
Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі қағидаларына – заңдарда бекітілген жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл қағидалар нақты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.
- Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы
- Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбалылығы
- Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы
- Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдыңдағы теңдігі
- Жеке адамның ар – намысы мен қадір – қасиетін құрметтеу
- Сотта істі қараудадың жариялылығы
- Сот ісін жүргізу тілі
- Сотта істі қараудың ауызшалығы
Сабақты қорытындылау: адам мен азаматтың құқықтары ішінде құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 21, 17-122 бб. Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.