Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік -

Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1867 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Құқық бұзушылық. Адамдар арасындағы қатынастар, олардың әрекеттері жалпыға ортақ және баршаға түсінікті әлеуметтік нормалармен реттеліп отырады. Адамгершілік ұстанымдар мен қағидалар, салт, дәстүр, құқық ережелері барлық әлеуметтік нормалардың негізі болып саналады. Адамдар заң нормаларын үнемі сақтап жүрсе, онда қоғам қалыпты өмір сүретін болады. Ондай қоғамда адам өзінің денсаулығы, мүлкі, келешегі жөнінде алаң болмай, мамыражай өмір сүреді,
Мүшелері заңды және адамгершілік нормаларын сақтамай, толып жатқан жолсыздықтарға мүмкіндік беретін қоғамның болашағы жоқ. Сондықтан қоғамның құқықтық мәдениетін арттырудың өзектілігін ешқашан естен шығармай, адамдардың санасына заң ережелерін сақтау міндетін үнемі орнықтырып отыру қажет. Адамдардың өздерін құқық өлшеміне лайық ұстауы дегеннің не екенін әркім білуі керек. Заң талабы іс жүзіне асырылып жатқан қоғам мүшесінің құқық өлшеміне лайық болуы төмендегілерден көрінеді:
1. Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
2. Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
Азаматтарға берілген құқықтар мен бостандықтар— олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілген мүмкіндіктер. Ол мүмкіндіктерді пайдалану немесе пайдаланбау олардың өз ер-кінде. Солай болса да, мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануына мүдделі. Өйткені, білім туралы заң бойынша азаматтардың бәрінің толық орта білім алуы, кәпшілігінің жоғары білімді болуы бүкіл қоғамның білім деңгейі жоғарыльнының көрсеткіші болар еді. Ондай қоғамның келешегі жарқын болмак. Ал азаматтардың сайлау және сайлану құқықтарын толық пайдалануы — сайлауға жаппай қатысуы, кандидаттардың бағдарламаларын зерттеп, ішінен тиімдісін таңдай алуы, қоғамның келешегіне пайдалы бағдарламаларды іріктей білуі, сондай бағдарламаларды жасаған кандидаттарға дауыс беріп, кейін олардың әр қадамын қадағалап отыруы, сонысымен қоғамда заңдылықтарды орнатуға ат салысуы құқықтық қоғам құру үшін ең қажетті шарттар болып табылады.
3. Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
Заң адамдардың қоғамға қауіпті,- зиянды әрекеттер істеуіне тыйым салады. Азаматтар заңды түрде тыйым салынған әрекеттерді істемеуі керек.
4. Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
Азаматтарға толып жатқан міндеттер жүктелген. Қоғамның алға жылжуы қоғам мүшелерінің өз міндеттерін орындап отыруына тікелей байланысты. Азаматтық міндеттердің орындалуы — азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Сондықтан міндеттердің орындалуы құқықтық өлшемге лайықтылықтың басты өлшемдерінің бірі болып табылады.
Азаматтық құқық ұғымы. Қоғам мүшелерін әрекетінің сипатына қарай: материалдық игілік ондірушілер және материалдық емес салада істеушілер деп екіге бөліп карастыру қалыптаскан. Қоғам мүшелерінің белгілі бір бөлігі материалдық игіліктер өндірумен тікелей айналысады. Ал материалдық игілік өндірмейтін салаларда істейтін адамдар еңбегінің маңызын да кемітуге бол¬майды. Қоғамның материалдык игіліктерін оның мүшелерінің бәрі, бүкіл қоғам тұтынады. Соның нәтижесінде өндіруші мен тұтынушы арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет бұған қатынасушылардың құқық-тары мен міндеттерін белгілейді.
Материалдық игіліктерге адамның өмірлік қызметінде пайдаланатын мүліктік және табиғи құндылықтар — үй, киім, көлік, еңбек құралдары, жер, су, қазба байлықтар, өсімдіктер дүниесі т.б. жатады. Осылардың ішіндегі азаматтардың меншігіндегі мүліктік құндылықтар азаматтардың құқықтық объектісі болып табылады. Мемлекеттік меншіктегі объектілер — жолдар, өзендер, көлдер, ұлттық кітапханалар, жабайы аңдар дүниесі т.б.
Мүліктік емес құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, атағы, абыройы, іскерлігі, жеке және отбасы құпиясы, өз есіміне құқығы, авторлық құқығы және басқалар жатады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар. Материалдық объектілер адамдар арасында туатын азаматтық-құқықтық қатынастардың қайнары ретінде қызмет етеді. Адамдар өздеріне міндеттер ала отырып, азаматтық¬ құқықтық қатынастарға түседі.
Мәміле — адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.
Меміле ауызша немесе жазбаша түрде жасалуы мүмкін. Мемілеге келушілердің қағаз жүзінде міндеттеме алысулары немесе мәмілелерін нотариалды куәландыру жазбаша мәміле түрінде жасалады. Куәлан-дырусыз жазбаша мәміле, кем дегенде, 25 еңбекақы мөлшеріндегі бағалыктарға жасалады. Келісуші жақтардың бірі 14 жасқа толмаған болса, меміленің күші болмайды.
Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін мынадай шарттар болуы керек:
а) құқыққа қарсы әрекет;
ә) жауапкердің кінәсі;
б) шьнын келтірілуі;
в) құқыққа қарсы әрекеттің жауапкері мен келтірілген шығын арасындагы себептік байланыс.
Азаматтық құқық субъектілері. Азаматтық-құқықтық байланыстың субъектісі жеке адам ғана емес, адамдар ұжымы да болуы мүмкін. Азаматтық құқық субъектісі болатын ұйымдар мен кәсіпорындар заңды тұлға деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға азаматтьны жоқ адамдар немесе шетелдіктер де құқылы.
Заң кәмелеттік жасқа толмағандар белгілі жасқа жеткенде құқығын кеңейтуді қарастырады. Олардың аты¬нан келісімді ата-анасы немесе асыраған, қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді. 18 жасқа толғаннан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді.
Бекіту кезеңі:
1. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.
2. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 45
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.