Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Азаматтық құқықтағы жауапкершілік. -

Азаматтық құқықтағы жауапкершілік.

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3064 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы:§ 13. Азаматтық құқықтағы жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға азаматтық құқықтағы жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі.
Әдісі: көрнекі құралдарды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру және өз бетінше ізденіс жүргізу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Міндеттеме дегеніміз не?
2. Міндеттемелер қалай орындалу керек?
3. Шарт дегеніміз не?
4. Шарттың қаңдай түрлері бар?
3. Білімдерін жан-жақты тексеру
1. Ортақ міндеттемелерді орындау тәртібі қандай?
2. Жария шартың ерекшеліктері қандай?
4.Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатың баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5.Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Мүліктік залал үшін жауапкершілік.
2. Азаматтық құқық бұзушылық үшін кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі.
3. Өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру.
Кез келген құқық бұзушылық үшін құқықта жауапкершілік көзделген. Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік азаматтық- құқықтық жауапкершілік деп аталады.
Көп жағдайда шарттың бұзылуы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдануға себеп болады. Оның бұзылуы салдарынан мүліктік залал келеді. Құқық бұзушы қандай да бір әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі болуға тиіс.
Белгілі бір адамға тиісті заттардың жоғалуы немесе зақымдануы да мүліктік залал деп түсіндіріледі.
Бұған дейін біз субъектілер арасында шарттық қатынастар болмаған жағдайда кең тараған міндеттемелердің пайда болу негізін атамадық. Ол- зиян келтіру. Зиян келтіру азаматтық құқық бұзушылық жасаумен бірдей. «Қажетті қрғаныс», «өте қажеттілік» жағдайында зиян келтіру айрықша жағдай ретінде есепке алынбайды.
Он төрт жастан бастап, он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің әркеттерінен келтірілген зиян үшін өз беттерінше жауап береді.
Азаматтық құқықта көзделген жауапкершілік- азаматтық-құқықтық жауапкершілік деп аталады. Қандай да бір субъект құқық бұзушылық жолмен залал келтіре отырып, нақты субъектінің құқын бұзса, оны қолдану мүмкін болады.
Залал (зиян) келтірген адам оның орның толтыруға тиіс. Көп жағдайда мүліктік зиян келтіріледі. Ол мүліктің жоғалуынан немесе зақымдануынан, жәбірленушінің шығынынан, ол ала алмаған кірістерден құралады. Жауапкершілік шарасы ретінде айып төлеттіру қолдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмағандар зиян келтіргенде жауапкершілік туындауы тиіс. Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата-аналары (қамқошылары) және басқа да заңнамада көрсетілген субъектілер жауапкершілікте болады. 14- тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар олар келтірген зиян үшін өз бетінше жауап береді. Олардың мүлкі (ақшасы) жеткіліксіз болғанда, олардың ата-аналары (қамқоршылары), заңнамада көрсетілген басқа адамдар жауапкершілікке тартылады. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенде, оның жоғалтқан табысының (кірісінің) жәбірленушілер мен басқалардың емделуге кеткен шығындарының орны толтырылуға тиіс.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянның орны қалай толтырылады?
7.Жаңа материалды бекіту:
1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз не?
2. Мүліктік залал дегеніміз не?
3. Кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін жауапкершілік туындай ма?
8.Үйге тапсырма:§ 13. Азаматтық құқықтағы жауапкершілік.
9.Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.