Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Қазақставн Республикасы халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде -

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Қазақставн Республикасы халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2352 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары. Қазақставн Республикасы халықаралық құқықтық қатынастар субъектісі ретінде
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға халықаралық құқықтар жүйесін және Қазақстан Республикасы осы құқықтарға да тәуелді екен туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі:1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
7)ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Халықаралық құқықтың негізі қағидалары БҰҮ Жарғысында және өзге актілерде бекітілген. Ол мынадай қағидалар:
- күш және күшпен қорқытуды қолданбау қағидасы;соғысу құқығы ежелгі дәуірден-ақ әрбір мемлекеттің тәуелсіз құқығы болып есептелетін
- Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы;
- Мемлекеттердің ішікі құзыретіне кіретін істерге араласпау қағидасы;
- Мемлекеттердің бір-бірбімен ынтымақтасу қағидасы;
- Халықтардың тең құқықтығы мен өз келешегін өздері анықтау қағидасы;
- Мемлекетердің егемендік теңдік қағидасы;
- Мемкеттердің БҰҮ Жарғысында сәйкес өздері қабылдаған міндеттемелерін қағидасы;
- Шекаралардың мызғымастық қағидасы;
- Мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы;
- Адамның құқықтары мен оның негізгі бостандықтарын құреттеу қағидасы;
Әрбір егемен мемлекет бірқатар міндетті белгілерге ие. Оларға мыналар жатады:
- Аумағы мен халқының болуы. Мемлекеттің халқы, ұлты, нәсілі бойынша емес, аумақ белгісі бойынша бөлінуі тиіс;
- Билік және басқару аппаратының болуы. Мұнда заң шығару, атқару және сот билігі органдары кіреді. Түрме сияқты мәжбүрлеу органдарын бөліп көрсетеміз;
- Салықтар мен салық жүйесінің болуы. Салықтар басқару аппаратын ұстауға және жалпы әлеуметтік мұқтаждықтарға жұмсалады;
- Тәуелсіздігінің болуы, ішкі және сыртқы істерде мемлекеттің ешкімге тәуелді болмауы;
Оқушыларға тапсырма беру сабақ үстінде
Хроногиялық кесте толтырыңдар
Жылдар Негізгі оқиғалар
1990 жылы 25 қазан
1991 жылы 16 желтоқсан
1992 жылы 2 наурыз
1993 28 қаңтар
1995 жылы 30 тамыз
Сабақты қорытындылау:кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстан Республикасының саясаты, бірінші кезекте, жалпы азаматтық құндылықтардың басымдығымен айқындауы тиіс
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §31,169-175 бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.