Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әлеуметтік психологиялық бейімделу -

Әлеуметтік психологиялық бейімделу

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1806 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық бейімделу
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Әлеуметтік психологиялық бейімделу туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу. Бейімделу ұғымы бізге тосын ұғым емес. Ол ғылымда да, өмірлік тәжірибеде де жиі ұшырасып отырады. Ботаниктер белгілі бір жерде өсетін өсімдіктің бір түрін екінші бір жерге апарып егеді. Өндірістік немесе ғылыми мақсаттарды көздеген ондай эксперименттер аңдарға да, балықтарға да жасалып жатады. Жаңа жердегі табиғи-климаттық жағдайларға апарылған өсімдіктер, жануар¬лар немесе балықтар бейімделіп, бұрынғыша өсіп-өнуі немесе бейімделе алмай өліп қалуы мүмкін.
Бейімделу (латын. adapto — бейімделу) — биологиядағы орталық ұғымдардың бірі, организмнің құрылымы мен функциясының, оның органдары мен клеткаларының ортадағы жағдайларға бейімделуін көрсетеді.
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік ортадағы жағдайлареа белсенді бейімделуін және ол үрдістің нәтижелерін айтамыз. Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері, ең алдымен, адамдар тобы мен сол топка енетін жеке адамның мақсаттары мен құндылық бағдарларының жақындасуын, жеке адамның жаңа ортада қалыптасқан дәстүрлерді, мәдениетті, әдеп нормаларын меңгеруін, топтың рөлдік құрылымына енуін қарастырады. Бұл тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерінің маңыздылығы бұл құбылыстың екі деңгейдегі көрінісімен айқындалады. Оның
біріншісі — соңғы жылдары республика тұрғын-дарының, әсіресе жергілікті жұрт өкілдерінің көші-қондық жылжу бағытының, көбінесе ауылдан қалаға қарай жедел жүріп жатуымен,
екіншісі — Қазақстанның дүниежүзілік ықпалдастыққа тікелей араласа бастауына орай, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудің алдыңғы лекке шығуымен айқындалады.
Бейімделе алмау дерті. Ауылда туып, ауылда өскен адам қалаға неғүрлым кешірек келсе, соғұрлым оның қала жағдайына бейімделуі күрделі өтеді.
Педагогтар мен психологтар көп қолданатын сензитивтік жас деген ұғым бар. Бұл ұғым адамның, дәлірек айтқанда, балалардың белгілі бір жасқа дейін ғана рухани даму үстінде болатындығын, содан кейін дамуы тоқтап, осыған дейін жинақтаған білімі мен дағдыларының динамикалығымен өмір сүретінін білдіреді. Сензитивтік жасқа 11—12 жасқа дейінгі кезең жатады. Осы жасқа дейінгі кезеңде адамның рухани дамуына қажетті біліктер мен машықтардың негізі қаланып болады.
Әлеуметтік - психологиялық біліктілік. Өркениетті қоғамда қабылданған мақсаттар мен құндылық бағдар-ларды, әдеп нормаларын меңгеруді және оларды қоғамдық қызмет барысында қолданып әрекет ете білуді әлеуметтік-психологиялық біліктілік (қысқаша — ӘПБ) дейміз. ӘПБ — қызмет адамының, мемлекеттік тапсырманы орындап жатқан мекеменің басшылары мен қатардаты қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудағы негізгі өлшемдердің бірі болып табылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 56
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.