Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Меншік құқығы және меншіктің түрлері -

Меншік құқығы және меншіктің түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1496 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 3 Күні:
Тақырыбы: Меншік құқығы және меншіктің түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Меншік құқығы және меншіктің түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;
6)іздені,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жеке және заңды тұлғалардың мәнін ашыңдар?
- Лицензия деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: меншік дегеніміз – бұл жеке адамның затқа байланысты қарым-қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады.
Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар:
- Жеке меншік – бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
- Мемлекеттік меншік – мемлекеттік иелігіндегі мүліктер.
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқық дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Заттық құқықтар – бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына беруі. Бұларға:
- Жерді пайдалану құқығы – жеке немесе заңды тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуді және пайдалануы.
- Шаруашылықты жүргізу құқығы – мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етудің заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
- Оралымды басқару құқығы – меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.
- Өзге де заттық құқықтар – сеніп тапсырылған басқару құқығы, жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы, жер асты байлығын иелену құқығы, кепіл.
Сабақты қорытындылау:елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің әр алуандығын қажет етеді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §3, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.