Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық» -

Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық»

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1347 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.
2. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?
3. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің еңбек жағдайларына
қатысты талаптардың іс жүзінде қолданылу мүмкіндіктері
туралы пікір алыңыздар.
4. Еңбек туралы заң мен әкімшілік кодекстің баптарын оқып шығып, өздеріңізге қажеттілерін жазып алыңыздар.
5. Болашақ мамандықтарыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралыне білесің?
6. Қылмыстық құқық" ұғымына жете мән бере отырып, жазбаша сипаттама жазыңыздар.
7. Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін салыстырып қараңыздар.
8. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап
көрсетіңіздер.
9. Қазақстан Республикасының қылмысқа қатысты заңдарының және қылмыс жасағандарды жазалаудың негізгі қағидалары қандай?
10. Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?

Сабақты қорытындылау:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.