Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сайлауалды үгіт-насихаты -

Сайлауалды үгіт-насихаты

Сабақ жоспары | Предметы | Құқықтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1550 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: § 5. Сайлауалды үгіт-насихаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сайлауалды үгіт-насихат дегеніміз не және оған қойылатын талаптар жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білу белсенділігін арттыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығының қағидаттарын атаңдар.
2. Жалпыға бірдей сайлау құқығының қағидатын қалай түсінесіңдер?
3. Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутатарының саны қанша?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Кандидат сайлау комиссиясында тіркелген күннен бастап, сайлауалды үгіт-насихаты (сайлаушыны осы немесе басқа саяси партияның кандидатына дауыс беруге немесе бермеуге) жүргізіледі, ол жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта дауыс беретін күннен бір күн бұрын аяқталады. Ол БАҚ арқылы көпшілік алдында мерекелік шаралар өткізу (сайлауалды жиналыс, пікірталас, митингі, сайлаушылар мен кездесу, т.б.) және көруге, естуге арналған үгіт-насихат материалдарын басып шығарып таратады. Саяси партияның кандидаттарына сайлауалды үгіт-насихат жүргізу үшін бірдей жағдай жасауға, БАҚ-қа кіруге кепілдік беріледі.
Сондай-ақ мемлекет кандидаттарға өздерінің бағдарламасымен БАҚ-қа шығуға, бірдей қаражат мүмкіншілік беруге кепілдік береді: әрбір кандидат 15 мин теледидардан сөз сөйлеуге; 10 мин радиодан, 0,1 бет көлемінде баспасөзде мақаласын жариялауға болады.
Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын және белгілейтін уақыт көлемінде саяси пікірсайыстарға қатысуға, срндай-ақ БАҚ шарттық негізде эфир уақытын баспасөз бетінен орын беруге құқылы.
Сайлау комиссиясының өтініші бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға келісімшарт негізінде сайлаушылармен кездесу үшін ғимараттар береді.
Сайлау комиссиясы берілген ғимаратта кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін құрып, оны БАҚ-та жариялайды. Үгіт-насихат плакаттарын, парақтарын және басқа да басылым материалдарын шығару үшін сайлау комиссиясы кандидаттарға бірдей көлемде қаражат бөледі. Осыған қосымша үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау болатын күні және одан бір күн бұрын сайлауалды үгіт-насихатының кез келген түрін жүргізуге тыйым салынады, бірақ басылған үгіт –насихат материалдарын, сайлау комиссиясының және сайлау болатын ғимараттан басқа жерде бұрын ілінген материалдардың сақталуына болады.
Партия тізімінен ұсынылған саяси партия кандидатының сенімді өкілдері болады, олар сайлау науқанында көмектеседі, сайлауалды үгіт-насихатын жүргізеді. Кандидаттар және саяси партиялар сенімді өкілдерін өздерінің қалаулары бойынша тандайды да, тиісті сайлау комиссиясына тіркеу үшін хабарлайды.
Президентті, Парламент депутатын сайлау партия тізімі негізінде сайлауға түскен, Мәжіліс депутатынан және мәслихат депутатынан басқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін республика бюджетінен қаржыландырады. Кандидаттың өз бағдарламасымен БАҚ-қа шығуды, сайлауалды шаралары, жүргізілген үгіт-насихат материалдары және тасымал шығыны партия тізімі бойынша дауысқа түскен кандидаттың шығыны республикалық бюджеттен бөлінген қаражатпен жабылады.
Президент, Парламент және мәслихат депутаттары сайлауына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары, кандидаттардың мемлекеттік тіркеуге жататын сайлау қоры қаржатынан (мемлекеттік емес қаржыландыру) қаржыландырылуы мүмкін. Сайлау қорлары келесі көздерден құралады:
1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиулардың қаражатынан;
2) кандидатты ұсынып отырған қоғамдық бірлестіктің кандидатқа бөлген қаражатынан;
3) азаматтар мен ұйымдардың өз еркімен берген жәрдемінен.
Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалады.Қорға келіп түскен ақшаның жалпы сомасы жайлы ақпаратты сайлау өткеннен кейін 10 күннің ішінде сәйкес сайлау комиссиялары БАҚ-та жариялайды.
Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктерге, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға өз тарапынан сайлауды қаржыландыруға қатысуға рұқсат етілмейді.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің үгіт-насихат материалдарын маңызды тарихи ескерткіштерге жапсырды. Кандидаттың бұл іс әрекеті дұрыс па?
2. Сайлау комиссиясы Президенттік сайлаудың кандидатына сенімді адамдарының болуына тыйым салды. Бұл қалай?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Сайлауалды үгіт-насихат дегеніміз не?
2. Сайлау қорлары қандай көздерден тұрады?
3. Кімдерге өз тарапынан сайлауды қаржыландыруға рұқсат етілмейді?
8. Үйге тапсырма: § 5. Сайлауалды үгіт-насихат.
9. Бағалау:
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.