Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алгебраға кіріспе -

Алгебраға кіріспе

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 269 | Просмотров: 1481 | Размер: 506.5 Kb | Автор: arai
. Тақырыбы: Алгебраға кіріспе
Мақсаты:
1. Натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін,функция ұғымы және қасиеттері, графигі бойынша, бірмүшежәне оның стандарт түрі тақырыптарын қайталай отырып, алған білімдерін талдау және пысықтау. Өмірдегі кейбір жағдайлармен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты:
2. Логикалық ойлау қабілетін, сөз саптау мәнерін үйрету, тұлғалық құзырлылығының дамуына жағдай жасау;

Тәрбиелік мақсаты:
3. Адалдыққа, топтасып жұмыс істеуге, өз ойын жеткізе білуге, шапшаңдыққа, өз ісін бағалай білугежәнеқабылданған шешімдерді жүзеге асыра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пресс-конференция сабағы
Сабақтың әдісі: топтау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының жан-жақты сұрақтар стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, слайд, бейджиктер, бағалау парағы, құлаққа қыстырғыш, түрлі түсті қағаздар.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Қайырлы күн, бүгінгі математиктердің конференциясына келген қонақтар және әр елдің делегаттары.
Добрый день, гости и делегаты нашей сегодняшней математической конференции!
Good morning dear our guests and delegation. Today you come to our first mathematican conference. I am glad to see you, sit down please. Присаживайтесь. Отырыңыздар.
Құрметті делегаттар алдарыңыздағы синхромды аударма құралын киіңіздер.
(Балалар алдарындағы құлаққа қыстырғыштарын киеді)
Бүгін біздің сабағымыз ерекше түрде өткелі отыр. Үш елдің арасында Ресей, Америка, Қазақстан елдерінің математиктерінің І пресс-конференциясы, әр елден өздеріңіз көріп отырғандай делегаттар қатысып отыр. Ең алдымен осы отырысымыздың төрайымын таныстырайын ол мен яғни жабық дауыспен қабылданған шешім бойынша отырыс төрайымы Гүлжайна Маматқызы, енді осы отырыстың хатшысын сайлап алайық. Ал хатшы әр елден бір-бір хатшыдан сайлаймын, өйткені хаттама үш түрлі тілде жазылуы керек. Егер келіссеңіздер мандаттарыңызды көтеріп бекітіп беріңіздер.
Бүгін біз сіздермен үлкен математикалық мәселелерді соның ішінде алгебра курсының бастапқы мәселелерін талқылайтын боламыз. Өйткені біз биыл алгебра курсын жаңа бастадық, сондықтан осы уақыт кезеңінде үйренген мәселелерді талқыға салатын боламыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сіздерге факс бойынша жіберілген бірнеше мәселелердің шешімін (№94 жаттығу) тақтадағы жауаптар бойынша тексеріп алайық. Бұл сіздерде 1-ші тапсырма болатын келесісі әрқайсысыңыздың елшіліктеріңізге алдын-ала өз елдеріңіз бойынша қысқаша мәлімет беретін баяндама жасау тапсырмасы берілген болатын сол тапсырмалардың орындалуын көрсететін делегация мүшелерін шақырамын.. (Үш елдің жер көлемі, халқы және математикасы бойынша қысқаша тоқталу)
ІІІ. Жаңа сабақ. Есептер шығару.
Күн тәртібіндегі мәселелермен таныс болайық. (слайдта)



1-мәселе. Дәреже және оның қасиеттері бойынша берілген сұрақтарды шешесіздер
1 слайдта

2 слайдта

3 слайдта

4 слайдта


2 мәселе. Функция графигі мен қасиеттері туралы үйренген білімдеріңізді көрсетіңіздер. (Үш топтан үш оқушы келіп тақтаға жазады).

3-мәселе. Өрнектің мәніні табуға берілген мәселені шешу.

Ауызша сәйкес жауапты көрсету

4-мәселе. Топпен жұмыс барлық үш топқа шығару жолы мен тәсілі бірдей әртүрлі есептер беріледі.

Оқушылар неге арифметикалық амалдың бірдей болғанын түсіндіріп, талқыға салады.

Қорытынды: Осы отырысымызды қорытындылап, қай делегация және делегация мүшелері қалай жұмыс істегенін (бағалау) талқылайық. Сөз хатшыларға беріледі.
Отырыстың қаулысы (үйге тапсырма):


А.Косарев атындағы №9 орта мектебі

Математика пәні мұғалімдерінің
қалалық семинарында
7б сыныбында «Алгебраға кіріспе» тақырыбында өткізілген
ашық сабақ
(пресс-конференция)

Мұғалім: Абдираймова Г.М.

Степногорск – 2010
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.