Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арифметикалық квадрат түбірдің  қасиеттері -

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 532 | Просмотров: 5565 | Размер: 23.8 Kb | Автор: arai
. Сабақ жоспары

Апта: Күні: Сабақ: математика Сынып: 8
Сабақтыңтақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
Жалпымақсаты
Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын, қасиетін пайдаланып есептер шығаруға үйрену.

Оқу нәтижесі:
Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын біледі,
күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады.
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін пайдаланып есептер шығара алады.
Өздерін және сыныптастарын бағалай алады
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (1минут)
2.Сергіту сәті «Сәлемдесу» (3 минут)Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
3.Санамақ арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. (1минут)
4.Миға шабуыл-сұрақ- жауап (әр топтан бір оқушы шығып карточка алып, топта талқылап сұраққа жауап береді ) (4минут)
1. а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2. Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасы.
3. «Квадрат түбір» және «арифметикалық квадрат» түбір ұғымдарының қандай айырмашылығы бар?
4.. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері.
5.Сыни тұрғыдан ойлау (2 топқа арифметикалық квадрат түбірді сипаттау үшін жоба құру ұсынылады.(12 минут)
6. Жұпта жұмыс( семантикалық карта). (5минут)
Семантикалық карта
1) b-ның кандай мәнінде √(2/b) өрнегінің мағынасы болады? А) 25
2) √х=5 теңдеуін шешіңдер:
cool b>0
3. у-тің қандай мәнінде √у=7/2 теңдігі дұрыс болады?
С) 2011
4. 80∙√625+11 Д) 12,25

7. Электрондық оқулық бойынша деңгейлік тапсырма орындау . (Әр оқушының деңгейіне қарай тапсырма беру) 10 минут
8. Қорытынды. Шығармашылық жұмыс 5 минут
Математика тарихынан (слайд)
Мұғалім. Әрқашан жаңа ұғымды, анықтаманы енгізген, теореманы дәлелдеген математик-ғалымның атын білу бізге қызық. Ал балалар, қай ғалым ғылымға бірінші болып арифметикалық квадрат түбір ұғымын енгізді? Осы адамның фамилиясының жанында ең үлкен сан мәні болады.
Тақтада ғалымдардың тегі және математикалық өрнек жазылып тұрады:

Рене Декарт (1596-1650) француз математигі, әрі философы. 1637жылы
арифметикалық квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген.
Мұғалімнеменайналысадынемесеіc-әрекеті
Оқушынеменайналысадынемесеіс-әрекеті

Ұйымдастырады,
бағыт-бағдарбереді,
жетекшісұраққояды,
бақылайды, бағалайды, Оқиды, талдайды, жоба қорғайды, пікір таласады, сұрақтарға жауап береді, жұппен, топпен, жеке жұмыс жасайды.бір-бірін бағалайды, қолдайды, ұсыныс білдіреді
Дереккөздер және жабдықтар:. АКТ
Математика 8 оқулық, таратпа материалдар, постер, маркер, түрлі- түсті қарандаштар

Үй тапсырма беру
1 минут
№ 58, № 64
Рене Декарт туралы толық ақпарат жинап келу
Сабақты бағалау
1 минут
Топ басшыларының бағалау парақшасымен санаса отырып, әрбір оқушының бағасын қою

Кері байланыс
(2 минут)
Сабақ туралы оқушылар алған әсерін және алдағы уақытта үйренгісі келетін ұсынысын жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.