Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Бөлшек әлемі» математикалық сайысы. -

«Бөлшек әлемі» математикалық сайысы.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: гость
. Шахтинск қаласының №16 лицей-мектебі

«Бөлшек әлемі» математикалық сайысы.
(5 сыныптар аралығында)



Математика пән мұғалімі: Д.Ж.Дербисов

2014- 2015 оқу жылы

5 сыныптар арасында «Бөлшек әлемі» математикалық сайысы.

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушының бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, оқушының белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекілік: интерактивті тақта , плакаттар, ұпайы жазылған парақшалар, таратпа материалдар, таблолар, тапсырмалар.

Сайыстың барысы:
І. Сайыскерлерді топтарға бөлу
ІІ. Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Теңдеу «Математика – дүкенде»
ІV. Ойланған санды табу.
V .Логика тапсырма
VII. Топ басшыларының есеп беруі, бағалау
Топ басшылары өз тобындағы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді, сәйкесінше бағаланады.


Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар! Баршаңызда «Математикалық сайыс» ойынына қош келіпсіздер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Сайысқа қатысушылар «Үшбұрыш», «Шаршы» және «Дөңгелек» топтары.

1-жүргізуші: Кезекте амандасу рәсімі. 1-топ:
5Асынып «Үшбұрыш» тобы

Ұраны: Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Сыныптас ерігіп журме бос,
Жеңіспен мәреге барайық.
Жеңістің ұранын салайық.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
2-жүргізуші:Кезекте 5Бсынып «Шаршы» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болсада беріспе,
Әрқашан үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Бұл сайысты көптен бері күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну.
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз.
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
«Квадрат» тобынан қарсылас топқа сәлем.

1-жүргізуші: Кезекте 5Всынып «Дөңгелек» тобы.

Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Құлақ түріп тыңдаңыздар жарандар,
Кеудемізде толқындаған жыр ән бар.
Біз ешкімге қолдан жеңіс бермейміз
Тобымыздың бәрі алғыр қырандар.
Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиядарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Дөңгелек» тобынан қарсыластарға сәлем!

I.Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру).
Үшбұрыш тобы.
1. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі. (30саны)
2. Шеңбердің радиусы 6см.Диаметрі қанша? (12см)
3.Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 3ке бөл-се)
4. Жұп цифрларды ата. (0,2,4,6,8)
5. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-санына)
6. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
7. 3 кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)
8. 7 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
9. 1 сағатта қанша минут бар? (60 мин)
10. Бұрышты өлшеуге арналған құрал (транспортир)
11. Шеңбер бойындағы нүктені оның центрімен қосатын кесінді (радиус)
12. Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш (сүйір бұрыш)

Шаршы тобы.
1. Қандай сандар жай сандар деп аталады? (1ге ж/е өзіне бөлінетін сандар)
2. Тәуліктің төрттен бір бөлігі. (6-сағат)
3. Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
4. Тақ цифрларды ата. (1,3,5,7,9)
5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )
6. 24-тің барлық бөлгіштері. (1,2,3,4,6,8,12,24)
7. Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді? (0 ж/е 5 аяқталатын сандар)
8. Бір ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
9. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1 саны)
10. 4, 6 ж/е 8-дің ең кіші ортақ еселігі. (24 саны)
11.Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар (жай сан)
12.Шеңбердің диаметрі 8 см. Радиусы қанша? (4-см)
Дөңгелек тобы.
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
4. 0,25 ондық бөлшегін, жай бөлшекке айналдыр?
5. Метрде неше сантиметр бар? (100см)
6. 21-санының барлық бөлгіштері. (1,3,7,21)
7. Қандай натурал сандар 9-ға бөлінеді? (Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе)
8. 9 саны жай сан ба, құрама сан ба? (құрама)
9. Қандай натурал сандар 2-ге бөлінеді? (жұп санымен аякталатын сандар)
10. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркул)
11. Бір таңбалы сандар ішінде неше жай сан бар? (төрт сан)
12.Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы, бөлімінен кіші бөлшек)
III- тапсырма. «Математика – дүкенде»
1-топ. Жиһаздар дүкенінен үйге диван мен үстел сатып алуға 75000 тг жұмсалды.Үстелдің бағасы диванға қарағанда 2 есе арзан, диван қанша тұрады? (х + 2х= 75000 ; х=25000; Ж: 50000тг)
2-топ. Жаңа оқу жылына оқушыға жейде мен күрте сатып алуға барлығы 9200тг ақша жұмсалды. Күрте жейдеден 3 есе қымбат тұрады. Сонда күрте қанша тұрады? (х + 3х= 9200 ; х=2300; Ж: 6900тг)
3- топ. Қысқа жеміс сусынын даярлау үшін анам базардан 1260 теңгеге шие және өрік сатып алды. Шиенің бағасы өрікке қарағанда 2 есе қымбат болса, шие қанша тұрады? (х + 2х= 1260 ; х=420 ; Ж: 840тг)
IV. тапсырма: Ойланған санды табу. Үш топқа
Мен бір сан ойладым - х Одан он алтыны азайттым - х-16 шықан нәтижені тоғызға көбейттім – (х-16)*9=126 нәтижесі 126 саны шықты. Қандай сан ойланды? Х=30
V. Логика тапсырма
Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылу керек?
Үшбұрыш тобы.
4 12 6 18 ? х=9
4 2 6 3 ? х=9
Шаршы тобы.
3 12 8
7 28 24
5 20 ? х=16
Дөңгелек тобы.
3 15 12 60 57 ? х=285
VI.
Бірінші әке баласына 150 қой, екінші әке баласына 100 қой бөліп берді.Сонда екі баланың өз әкелерінен алған барлық қойларының саны-150. Бұл қалай болғаны.
Жауабы: енші беру ата, бала, немере арасында өткен.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.