Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бақылау жұмыстары бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. -

Бақылау жұмыстары бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 288 | Просмотров: 4235 | Размер: 22.3 Kb | Автор: arai
. Бақылау жұмыстары бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. 8-сынып. Геометрия
Тарау Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пифагор
теоремасы Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің анықтамаларын білуі; есептер шығару барысында оларды қолдана алуы ;
Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы ретінде сүйір бұрыштың синусын, косинусын және тангенсін жазу;
30̊, 45̊ және 60̊ бұрыштардың синусының, косинусының және тангенсінің мәндерін білу;
Үшбұрыштар теңсіздігінің белгісін білу;
Координаталық жазықтықтағы екі нүктенің ара қашықтығын таба білу;
Екі қабырғасы бойынша тік бұрышты үшбұрыштың үшінші қабырғасының ұзындығын есептеу;
Мүмкіндігіне қарай калькуляторды немесе кестені пайдаланып, бір қабырғасы мен сүйір бұрышының мәні бойынша тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы мен бұрыштарының шамасын есептеу;
sin²x + cos²x = 1 қатынасын пайдалана отырып, косинустың белгілі мәні арқылы синустың мәнін және керісінше синустың мәні арқылы косинустың мәнін есептеу;
tg x = sin x/cos x қатынасын ескере отырып, синус пен косинустың белгілі мәндері арқылы тангенстің мәнін есептеу.

Бағалау критерийі:
«3» - тік баға тапсырманың 60% – 70% - дұрыс орындалғанда;
«4» - тік баға тапсырманың 71% – 84% - дұрыс орындалғанда;
«5» - тік баға тапсырманың 85% – 100% - дұрыс орындалғанда қойылады.

Бақылау жұмыстарының спецификасы
Бақылау жұмысының №, тақырыбы Тексеретін мазмұны
№1 – БЖ
«Пифагор теоремасы» Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасын таба білу, косинустың анықтамасын қолдананып сүйір бұрышты таба білу;
Пифагор теоремасын қолдана білу;
Косинусы бойынша бұрышты сала білу;
Нүктелердің ара қашықтығын таба білу;
Тік бұрышты үшбұрыштың 30̊ - қа қарсы жатқан катетін таба білу;
Тік бұрышты үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табу.
№2 – БЖ
«Пифагор теоремасы» Тік бұрышты үшбұрыштың синусының, косинусының және тангенсінің анықтамаларын қолдана білу;
30̊ , 45̊ , 60̊ бұрыштырдың синусын, косинусын, тангенсін котангенсін таба білуі;
sin²x + cos²x = 1 тепе-теңдігін өрнекті ықшамдау барысында қолдана білу;
sin²x + cos²x = 1 қатынасын пайдалана отырып, косинустың белгілі мәні арқылы синустың мәнін және керісінше синустың мәні арқылы косинустың мәнін есептеу, тангенстің және котангенстің анықтамаларын қолдана білу;
Гипотенуза мен бір сүйір бұрыш арқылы гипотенузаға түсірілген биіктікті және бұрыштарды есептеу;
Пифагор теоремасын қолдана білу.

№1 бақылау жұмысы
Тақырыбы: Пифагор теоремасы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейін тексеру.
1-нұсқа
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 9 және b = 40 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6см және 8см – ге тең, гипотенузасын табыңдар.
Косинусы 2/5 - ге тең болатын бұрышты салыңдар.
Төбелері А (4; 1), В (0; 4), С (-3; 0) және D (1; -3) нүктелерінде жатқан АВСД төртбұрышының квадрат екенін дәлелдеңдер.
60̊ - қа қарсы жатқан катет b – ға тең. Тік бұрышты үшбұрыштың екінші катетін табыңдар.
АВС үшбұрышында С бұрышы 90̊ - қа тең, ал СD мен АВ өзара перпендикуляр. АD = 3 м, АС = 5 м деп алып, үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табыңдар.

2-нұсқа
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері a = 11 және b = 60 берілген. Осы үшбұрыштың гипотенузасын және сүйір бұрыштарын табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 3см және 4см – ге тең, гипотенузасын табыңдар.
Косинусы 4/5 - ге тең болатын бұрышты салыңдар.
Мынадай төрт нүктенің (1; 0), (-1; 0), (0; 1), (0; -1) квадраттың төбелері болатынын дәлеледеңдер.
30̊ - қа қарсы жатқан катет а – ға тең. Тік бұрышты үшбұрыштың екінші катетін табыңдар.
АВС үшбұрышында ∠С = 90̊ , СD – биіктік. СD = 7 см, ВD = 24 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

№2 бақылау жұмысы
Тақырыбы: Пифагор теоремасы
Мақсаты: Мемлекеттік стандарт талаптарына оқушылардың білім, білік, дағдыларының сәйкестік деңгейін тексеру.
1-нұсқа
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті а = 3 см және оған қарсы жатқан бұрышы α = 30̊ берілген. Оның барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табыңдар.
Есептеңдер: 6 sin 30̊ + 3 ctg 60̊ - 2 cos 45̊
Өрнекті ықшамдаңдар: cos² x + (1 – sin² x)
Егер cos α = 3/5 болса, онда sin α , tg α және ctg α – ны табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы с = 15 см және сүйір бұрышы α = 45̊ берілген. Осы берілген элементтері арқылы гипотенузаға түсірілген биіктігін және бұрыштарын өрнектеңдер.
Тік бұрышты үшбұрыштың бір бұрышы қалған екі бұрышының арифметикалық ортасына тең. Гипотенузасы с – ға тең деп алып, оның катеттерін табыңдар.
2-нұсқа
Тік бұрышты үшбұрыштың катеті b = √2 м және оған қарсы жатқан бұрышы β = 45̊ берілген. Оның барлық белгісіз қабырғалары мен бұрыштарын табыңдар.
Есептеңдер: 2 cos 30̊ + 5 tg 45̊ + ctg 30̊
Өрнекті ықшамдаңдар: (( 1-cos⁡〖α) (1+cos⁡〖α)〗 〗)/sin⁡α
Егер sin α = 5/13 болса, онда cos α , tg α және ctg α – ны табыңдар.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы с = 16 см және сүйір бұрышы α = 30̊ берілген. Осы берілген элементтері арқылы гипотенузаға түсірілген биіктігін және бұрыштарын өрнектеңдер.
АЕ және ВҒ – табаны АС болатын теңбүйірлі АВС үшбұрышының биіктіктері. Егер АЕ : ВҒ = 0,5 болса, онда табанындағы бұрыштың косинусын табыңдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.