Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. -

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 233 | Просмотров: 1557 | Размер: 183.6 Kb | Автор: arai
. Сабақ жоспары. 6-сынып. Математика

Қойчиева Карима Какимовна
жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық білім бөлімі» ММ
«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

Сабақтың тақырыбы:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жалпы түрін, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерін шешудің үш түрлі жағдайын үйрету.
Ойлау қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды оқыту.
Сабақтың түрі:
Теориялық білім беру.
Қолданылған
әдебиеттер:
«Математика» дидактикалық материалдар 6-сынып. Т.А. Алдамұратова.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Жаңа материалдарды игеру кезеңіне дайындық
Жаңа материалдың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
III . Жаңа материалдарды игеру кезеңі:
9x=x+12 және 8x-7=3,4 теңдеулерді шешу көрсетіледі.
Оқушыларға 5х-8=2х+1 және теңдеулерін шешу тапсырылады.
Анықтама: ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х айнымалы, а және в қандайда бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.
Түбірлері бірдей болатын теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Түбірлері болмайтын теңдеулер де мәндес теңдеулер болады.
Мысалы: 3(х+2) =21 теңдеуі мен 3х+6=21 теңдеуі мәндес теңдеулер.
Теңдеулерді шешу үшін теңдеулердің қасиеттері:
Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.
ах=в теңдеуін шешудің үш жағдайы:
Егер а≠0 болса, теңдеудің бір ғана х = а/в түбірі бар болады.
Егер а=0; в≠0 болса, 0х=в теңдеуінің түбірі болмайды.
Егер а=0; в=0 болса, онда 0х=0 теңдеуінің шексіз көп шешімі болады.
IV. Жаңа материалды оқушылардың игеру деңгейін анықтау :
Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады ?
Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады ?
Теңдеудің қасиеттері.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады ?
V. Жаңа материалды: №834, №835, №836, №837, №838 есептерді шығару арқылы бекіту.
VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
Үйге №835(3,5), №836(3,5), №837(3,5) №839.
VII. Сабақты қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.