Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бірмүшелер және көпмүшелер. -

Бірмүшелер және көпмүшелер.

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2207 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сынып: 7
Тема: Бірмүшелер және көпмүшелер.
Сабақтың типі: өтілген тақырыпты бекіту.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бірмүшелер және көпмүшелермен жұмыс істеу дағдыларын бекіту.
Дамыту: оқушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұжымдастыққа, достыққа тәрбиелеу
Құрал жабдықтар:
Компьютер, проектор, презентация.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ «ӨЗ ОЙЫНЫМ».

Ойын телевидениялық «Өз ойыным» бағдарламасының элементтерінен тұрады.
Сабақтың презентациясы Power Point бағдарламасы арқылы өткізіледі. Ойын алдында жауаптардың дұрыстығын және ұпай санын есептеп отыруға әділ қазылар алқасы сайланады. Соңында әділ қазылар алқасы нәтижесін шығарады.
Жүргізуші ойында болатын сұрақтардың 4 категориясын атайды:
• Дәреженің қасиеті;
• Бірмүшелер;
• Теориядан
• Көпмүшелер.
Әрбір категория әр түрлі деңгейдегі 5 сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін топар 100-ден 500-ге дейін ұпай алады. Ойнаушы сұрақтың қатегориясын және «құнын» таңдайды. Жүргізуші сұрақты оқиды. Ойлауға немесе есептеуге сұрақтың қиындығына байланысты 1 –ден 3 минутқа дейін уақыт беріледі. Қай топтың ойыншысы бірінші қол көтерсе, сол топ сұраққа жауап беруге құқылы болады. Егер ол дұрыс жауап берсе және оны негіздей алса, онда топтың ұпайына сұрақтың «құны» қосылады. Егер ойыншы дұрыс жауап бермесе топтың ұпайынан сұрақтың «құны» азайтылады. Егер бір де топ дұрыс жауап бермесе, онда жауапты жүргізуші айтады.

Категория (ұпайлар) Тапсырма Жауап
Дәреженің қасиеті (100) Түрлендіруді орында:
2а2 * 3а =
х21 : х =

Дәреженің қасиеті (200) Есепте:
12

Дәреженің қасиеті (300) Есепте:
144

Дәреженің қасиеті (400) Есепте:

Дәреженің қасиеті (500) Сандардың қайсысы артық?
немесе

>

Бірмүшелер (100) Бірмүшенің мәнін табыңдар:

егер
-1

Бірмүшелер (200) Бірмүшенің квадраты түрінде
өрнекте:

Бірмүшелер (300) Бірмүшелерді көбейту жазбасындағы қателікті табыңдар:

Бірмүшелер (400) Бірмүшені стандарт түрге келтіріңдер:



Бірмүшелер (500) n-нің қандай мәнінде теңдік тура:

n=5
Теориядан (100) Бос орынға тиісті сөзді жаз:
Негіздері бірдей дәрежелер көбейтілгенде негізі __________________, ал дәреже көрсеткіштері ______________________.
Негіздері бірдей дәрежелерді бөлгенде негізі ___________________, ал бөлшектің алымындағы дәреженің көрсеткішінен бөліміндегі дәреженің көрсеткіші ___________________.
өзгеріссіз қалады
қосылады
азайтылады
Теориядан (200) Коэффициент деген не?
Стандарт түрде жазылған
бірмүшенің санды көбейткіші
Теориядан (300) Қандай брмүшені
стандарт түрдегі бірмүше
деп атайды?
Бірінші орында тұрған санды көбейткіш
пен негіздері әртүрлі дәрежелердің
көбейтіндісі
Теориядан (400) Көпмүшені стандарт түрде
жазу үшін не істеу керек?
1. Көпмүшенің әрбір мүшесін стандарт түрде жазу керек.
2. Ұқсас мүшелерді біріктіру керек.

Теориядан (500) Сөйлемді аяқта:
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін …
Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші
көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтіндіні қосу керек.
Көпмүшелер (100) Ұқсас мүшелерді біріктір:

Көпмүшелер (200) Көпмүшені стандарт түрге келтір


0
Көпмүшелер (300) Көпмүшелерді көбейтуді орында:
(х+1)(х+2)+2(х+3)


Көпмүшелер (400) Теңдеуді шеш:

Көпмүшелер (500) Өрнекті ықшамда:

10а

Сабақтың қорытындысы: ойынның соңында қорытынды жасалады. Әділ қазылар алқасы жариялайды: қай топ ең көп ұпай жинады? Әр топ қалай жұмыс жасады? Жеңімпаздарды алған орындарына және белсенділіктеріне сай бағалармен марапаттайды. Және де тәтті сыйлықтар береді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.