Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Cанның пайызын табу -

Cанның пайызын табу

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7236 | Размер: | Автор: arai
. Сыныбы: 5 «г» сынып
Күні: 22.04.14
Сабақтың тақырыбы:. Cанның пайызын табу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:Санның пайызын табумен таныстыру;Пайызды ондық бөлшекпен, жай бөлшекпен жаза білуге үйрету.
ә) дамытушылығы: Пайызға арналған есептерді шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:білім іс әрекеттерін жетілдіру
Сабақтың әдісі: практикалық
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі:5-сын. Математика. АлдамұратоваТ.А. 317 бет.
Қажетті құрал жабдықтар: транспортир,сызғыштар,интерактивті тақта, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, психологиялық дайындық жасау.Оларды бүгігі сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру. Тексеру кезінде пайда болған олқылықтарды жою.
ІІІ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттердің қалыптасуы: Тірек конспекті жаздыра отырып сабақ түсіндіру.
Өтілгентақырыптағыережелердінегіздеу, өткентүсініктердітереңдетугеқажеттітірекбілімдердіауызшасұрау.
 1.Пайыз дегеніміз не?
 2. Берілген санның 1%қалайтабылады?
 3. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
Біз кез келген нәрсенің бөлігін табуды білеміз. Мысалы торттың
бөлігі, оны теңдей 6-ға бөлгендегі бір үлесі. Ал кезкелген шаманың бөлігі оның 1 пайызы деп аталады. Пайыз жай бөлшекпен 1/100 ондық бөлшекпен 0,01 түрінде жазылады.




Қайсысы үлкен, ауызша есептеу
0,2 19% < > =


0,7 71% < > =


2,33 233% < > =

Мысал №1:
Саяжай учаскесінде 320 қызғалдақ өсіп тұр,оның
15% сары.
Қанша сарықызғалдақ бар?
Шешуі: 1% қанша қызғалдақ екенін табайық. 320 : 100 = 3,2.
Енді 15% неше қызғалдақ екенін анықтайық. 3,2 • 15 = 48.
Жауабы: саяжайда 48 сары қызғалдақ бар.

Мысал №2:
Бақтағы раушан гүлдердің 20% ақ түсті раушан, ол бар болғаны екі түп қана.
Бақта қанша түп раушан гүлі бар?
Шешуі: 1% раушан қаншаға тең екенін табамыз. 2 : 20 = 0,1.
Енді, 100% қаншаға тең екенін есептейміз. 0,1 • 100 = 10.

Жауабы:бақта 10 түп раушан гүлі бар .

Мысал №3:
Аэропортта 30 ұшақ бар, оның алтауыБоенгфирмасына тиісті.
Боенгұшақтары эропорттағы барлық ұшақтың қанша пайызын құрайды?
Шешуі: Боенг ұшақтардың қанша бөлігін құрайтынын
табайық.6:30=0,2.
Енді, ол қанша пайыз екенін анықтайық. 0,2 • 100 =20Жауабы: 20% Боенг ұшақтары.
ІҮ. Біліктілік дағдысын қалыптастыру. №1296-1299
№1296
Берілгені: бағасы-420теңге
15 % арзандатылды
7 ойыншыққа неше теңге үнемделді?
Шешуі: 420*0,15=63
63*7=441
Жауабы : 441 теңге
№1297
Берілгені: в=6см
а=в+в0,75
S=?
Шешуі: а=6+6*0,75=6+4,5=10,5
S=6*10,5=63
Жауабы: 63
№1298
Берілгені: жылдамдық 50 км/сағ, 3 сағ
20% арттырды, 2 сағ
Орташа жылдамдығы?
Шешуі:50+50*0,2=60
(50*3+60*2)/(3+2)=54км/сағ
№1299
Қоланың-85% мыс,5кг қоланың құрамындағы мыс қалайыдан қанша
кг. артық ?
Шешуі: 5*0,85=4,25
5-4,25=0,75
4,25-0,75=3,5
Жауабы: 3,5 артық
Ү.Тест арқылы өзін-өзі бақылау
1.20 %түрінде қай санды жазамыз?
а) 0,5; в) 0,4; с) 5; д) 1/5
2. 0,01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с)1%; д) 0,1 %
3. 0,9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с)9%; д) 0,9 %
4. 50 санының 20пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с)0,2; д) 0,1
5. 650 санының 20пайызы қанша ?
а)110, в) 130 с)65; д) 650
Үйге тапсырма:№ 1300, №1312
Қорытынды: Оқушылардың білімін бағалау.

1.20 %түрінде қай санды жазамыз?
а) 0,5; в) 0,4; с) 5; д) 1/5
2. 0,01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с)1%; д) 0,1 %
3. 0,9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с)9%; д) 0,9 %
4. 50 санының 20пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с)0,2; д) 0,1
5. 650 санының 20пайызы қанша ?
а)110, в) 130 с)65; д) 650

1.20 %түрінде қай санды жазамыз?
а) 0,5; в) 0,4; с) 5; д) 1/5
2. 0,01 неше пайыз?
а) 100%, в) 10%; с)1%; д) 0,1 %
3. 0,9 неше пайыз?
а) 900%, в) 90%; с)9%; д) 0,9 %
4. 50 санының 20пайызы қанша ?
а) 10, в) 5 с)0,2; д) 0,1
5. 650 санының 20пайызы қанша ?
а)110, в) 130 с)65; д) 650 2022222
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.