Меню
Назад » » »
Көбейту және бөлу
загрузка...

загрузка...
Бекітемін:___________Дүйсебекова Н

Күні:27.10.2015 Пән мұғалімі Молдахметова Ұ
Пәннің атауы Математика
Тақырыбы: Көбейту және бөлу 6080*4 60080*4 24320:4 240320:4
Мақсаты: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын пысықтау, қайталау.
Жетістік критерийі  Өткен сабақтарды қайталайды.
 Өз беттерімен жұмыс жасай алады.
Сілтеме: Математика 4 сынып, оқулық, АКТ көздері, үлестірме материалдар.
Күтілетін нәтиже:  Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдарды қолдануды біледі.
 Шаршының, тік төртбұрыштардың ауданын таба алуды.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты парақшалар, слайд.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету: ашық сұрақтар қою, «Ой шабуылы», «Ойлан, Біріктір, Бөліс», «Ортақ талқы» әдісі

Негізгі дереккөздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, математика оқулығы, әдістемелік журналдар.
Сабақтың барысы: Мұғалім әрекеті:
Тапсырмалар береді. Оқушы әрекеті:
Тапсырмалар орындайды, талдайды.
Ұйымдастыру.
2 минут Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу.
Қызығушылығын ояту

5 минут Үй тапсырмасын тексеру 2-мысал
Өткен сабақты бекіту «Лото»ойыны
Математикалық диктант жаздыру
4070*6-4420=20 000 9930+240420:6=50 000
24042:6*10=40070
Білу.
«Ой шабуылы» әдісі
3 минут №1-мысал. Жеке жұмыс Жазуларды пайдаланып,мысалдардың шығарылу жолын түсіндір
6080*4 60080*4
24320:4 240320:4 №1 есеп. Оқушылар жазады.
6080*4=24320 60080*4=240320 24320:4=6080 240320:4=60080
Түсіну.
Презентациямен жұмыс.
17 минут №2-мысал.Топтық жұмыс
Түсіндіре отырып шығар
4070*6 24420:6
40070*6 240420:6

3-мысал Жұптық жұмыс
Қалдықпен бөлуді орында және оны тексер:
24 321:4 240 350:4

4-есеп Топтық жұмыс
Тігінші дүкеннен бірдей бағамен 7м ақ шыт және 3м қызыл шыт сатып алды.Барлық матаға ол 18 000 теңге төледі.Тігінші маталардың әр түріне қанша ақша төледі?

5-есеп Топтық жұмыс
Бір шекпен мен бір қамзолға бірдей мөлшерде мата жұмсап,36 м матадан 4 шекпен және 5 қамзол тігілді.Шекпен мен қамзолдың әрқайсысына неше метр мата жұмсалды? №2-мысал
4070*6=24420
24420:6=4070
40070*6=240420
240420:6=40070

3-мысал
24 321:4=6080 (қалд.1) 240 350:4=60087 (қалд.2)
6080*4+1=24321 60087*4+2=240 350

4-есеп Топтық жұмыс
Ақ шыт-7м 18 000тг
Қызыл шыт-3м
Әрқайсысына-?тг
Ш: 18000: (7+3) =1800 7*1800=12 600 3*1800=5400
Ж: Ақ шыт-12600тг,
қызыл шыт-5400тг

5-есеп Топтық жұмыс
Шекпен-4
Қамзол-5 36м
Әрқайсысына-?м
Ш:36: (4+5) =4
4*4=16 5*4=20
Ж:Шекпен-16м,қамзол-20м

Қолдану.
Оқулықпен жұмыс
Тақтамен жұмыс.
5 минут

Талдау.
Шығармашылық есеп
2 минут

Сергіту сәті
2 минут 6-мысал Жеке жұмыс
Суретте бір шаршыны және екі тік төртбұрышты тап.Оларды белгіленуі бойынша жазып көрсет.Фигуралардың әрқайсысының ауданын және периметрін тап.

7-мысал Жеке жұмыс «Кім жүйрік?»
Теңдіктер тура ма?Тексер
Ауызша орындау
Қанша үшбұрыш бар? 6-мысал Жеке жұмыс
BCDA,BEKA,CEKD

P=(2см+2см)*2 P=8см
S=2см*2см S=4см2

P=(11см+2см)*2 P=26см
S=11см*2см S=22см2

P=(9см+2см)*2 P=22см
S=9см*2см S=18см2

7-мысал Жеке жұмыс
170*3+170=170*4 тура теңдік 96*4+96*6=96*10 тура теңдік
560*9-560=560*8 тура теңдік 45*3+450=450+3*45 тура

Жинақтау.
3 минут 8-мысал Жұптық жұмыс
Кестені толтыр

В 200 202 2002 2022 2222 20002 20202
В:2 100 101 1001 1011 1111 10001 10101
В*2 400 404 4004 4044 4444 40004 40404

Бағалау.
2минут Ережені еске түсір:
 Ұзындық өлшем бірліктер;
 Аудан өлшем бірліктері;
 Масса өлшем бірліктері;
 Уақыт өлшем бірліктері;
Сабақты қорытындылау.
Рефлексия бөлімі.
2 минут Жазбаша кері байланыс орнату.
Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар? Жазбаша кері байланыс жаза отырып, «Білім ағашына» іледі.
Үйге: 2-мысал,9-мысал 82-83 б

Бағалау.
2 минут Өзін-өзі бағалау.
 Ауызша кері байланыс
 Қол шапалақтау арқылы
 Білім ағашы арқылы
Жиынтық бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Көбейту және бөлу можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: гость
Көрсетілім: 607 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar