Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
" Көңілді тапқырлар сайысы" -

" Көңілді тапқырлар сайысы"

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1767 | Размер: | Автор: arai
. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
ММ «№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Математика пәнінің мұғалімі Сексенбаева Бақыт Ғафуқызы
" Көңілді тапқырлар сайысы"
1- жүргізуші: Атамыз білім дәнін болған екпек,
Оқытып балаларды білім сеппек.
Қазақтың кең даласын жарық қылған,
Атамыз Ыбырайға мың рахмет.
2- жүргізуші: Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
1- жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, 8 сыныптар арасында
өтетін " Көңілді тапқырлар сайысын" бастауға рұқсат етіңіздер! ( музыка ойнайды)
2- жүргізуші: " Талапты ерге нұр жауар" демекші, ортаға " Тапқырлар" командасын шақырамыз.
Ойла- ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген,
Формуланы білмесең,
Өте алмайсың көпірден.
2- жүргізуші: ( Берілген формулалардың жұптарын табу керек).
Көрермендерге сұрақ:
1) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі: (планиметрия)
2) Санның жүзден бір бөлігі: ( процент)
3) Глобус қандай геометриялық фигураны елестетеді?
1- жүргізуші: 2- тур. " Тапқыр болсаң ұтып көр"
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз.
2- жүргізуші: 3 3 3 3 3 3 = 1000
(333*3+3/3) = 1000
4 4 4 4 4 4 4 4 = 500
( 444+44+4+4+4)=500
Сандардың сол жағындағы сандарға амал таңбаларын қой:
1) -2х+(-25), х= -10 өрнегінің мәні неге тең?
2)екі санның қосындысы 8-ге, көбейиіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап. (5; 3)
1- жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
2- жүргізуші: Әрбір команда өзінің өнерлерін көрсетсін.
Көрермендерге сұрақ – есеп:
1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды? ( 10 торғай).
2) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? ( түйеқұс ұшпайды).
1- жүргізуші: 3- тур: " Жұмбақтар"
Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.
2- жүргізуші: Олай болса кезекті жұмбаққа да берейік, шешімін кім табады.
1- Тапқыр: Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді, дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді.
( параллель түзулер).
2- Алғыр: Математикалық таңба ол,
Білімің болса ашасың .
Теріс сан болса астында,
Мағынасы жоқ деп қашасың.
( квадрат түбір)
Көрермендерге сұрақ:
А) " Адымда- ойлан" ойыны.
"7"- ге еселік сан. (4)
"4"-ке еселік сан. (4)
Б) Санның квадратын тап.
22, 23, 24
32, 33, 34.
4- тур: " Бақытты сәт"
1- жүргізуші: Әр нәрсенің бастауы
Жетекшіге тиісті.
Оның әрбір істері
Өз ісінің жемісі.
2-жүргізуші: Онда неге тұрамыз
Қолға алайын сол істі.
Әр жетекшінің өз ісі
Білімділігіне тиісті.
"Әр қолда өзінің ісі".
Қағаз, қалам , яғни екі қолымда қарындаш беріледі.
Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызады.
Викториналық сұрақтар:
1) егер 1 жұмыртқа 4 минут қайнаса, 5 жұмыртқа неше минут қайнайды?
2) Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең?
3) Негізгі геометриялық фигураларды ата.
4) Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
5) Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. ( параллель)
6) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу. ( перпендикуляр)
7) катет пен гипотенуза туралытеорема кімнің атымен аталады? ( Пифагор)
8) Квадраттық функцияның графигі ( парабола).
5- тур: " Сөзжұмбақ"
Сұрақ: 1) Үлкен хорда- диаметр
2) берілген нүкте- центр
3) шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді- хорда.
4) геометриялық фигура- шеңбер.
5) Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық- радиус.
Өлең үшбұрыштар жайлы:
" Есеп туралы ой"
Қажетті сөздер:
1. " Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін - математика" (М.В.Ломоносов)
2. Білімдіден шыққан сөз,
Білімдіге болсын кез. ( Абай)
6. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.