Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Кез келген  бұрыштың  тригонометриялық  функциясын  табу  арқылы  Азиада  ойындарына  саяхат  жасау» -

«Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциясын табу арқылы Азиада ойындарына саяхат жасау»

Сабақ жоспары | Предметы | Математикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1969 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы
«Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциясын табу арқылы Азиада ойындарына саяхат жасау»
Сабақтың мақсаты: Кез келген бұрыштың тригонометриялық фунциясын беру. Санды шеңбер, координаталық ширек түсініктерін қалыптастыру. Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштарының мәндерін беру.
Сабақтың түрі : Бинарлық , саяхат сабақ /алгебра , дене тәрбиесі/
Сабақтағы әдіс: түсіндіру, практикалық
Сабақтың көрнекілігі : Интерактивті тақта, тригонометриялық функциялар мәндерінің кестесі, Азиадаға байланысты трансляция жолы картасы, Азиада эмблемасы, карточкалар.
Сабақтың барысы:
Математика пәні мұғалімі :


В
A А

В нүктесінің ординатасы ның ОВ радиусқа қатынасы сол бұрыштың синусы деп аталады. sin⁡α=y/R cos⁡α=x/R tgx= y/x ctgx= x/y Тригонометриялық функцияларды санға тәуелді функция ретінде қарастыруға болады. Бұрыштың градустық өлшемімен қатар радиандық өлшемі де болады. Радианға тәуелді тригонометриялық функцияларды α санына сәйкес функциялар деп қарастыруға болады. 〖y=sin〗⁡α y=cos⁡α
y= tgx, y= ctgx
α бұрышының функцияларын табуға, кесте арқылы тригонометриялық өрнектің мәнін табуға мысалдар түсіндіріледі.
Енді, балалар осы тақырыпқа байланысты есептер шығару үшін VII қысқы Азиада ойындарына саяхат жасаймыз.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Өздеріңізге белгілі мынадай
маршрутпен басталған трансляция
жолы бүгін Қостанай қаласында.

Азиада өткен елдер жылдар
Жапония 1986
Жапония 1990
Қытай 1996
Корея 1999
Жапония 2003
Қытай 2007
Қазақстан 2011
Қазақстан 167
Қытай 148
Корея 140
Жапония 110
Монголия 110
Азиадаға қатыстан спортшылар саны
т.с.с



Математика пәні мұғалімі :
Әр спорт түрлерін жетік білу және ол спорт түрлерінен неше спортшы, кейбіреулерінен кімдер қатысатынын білу үшін карточкалар суыру арқылы есептерді шығарып дұрыс жауабын ашып астындағы жазуларды ашамыз . Мысалы № 276 есепті шешкенде астында « Фристайл» жазуы шықты.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Фристайл –шаңғы спортының түрі яғни акробатикадан құралған. Трамплиндерден әр түрлі акробатикалық жаттығулар жасап секіреді. Трамплиндер үш түрлі болады Жерге қону, орнынан қозғалу, акробатиканы жасауы бәрі ескеріледі. Жалпы балл екі рет секіргеннен кейінгі баллдардың қосындысымен анықталады
Математика пәні мұғалімі :
Кейбір бұрыштардың қай ширекте екенін табу сияқты ауызша тапсырмалар да болды. Мысалы, 1200, 2360, 3650 т.б
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Тау шаңғысы бұның өзінің 5 түрі бар. Бірақ осы сайысқа 4- уі енгізілген. Олар слалом, үлкен слалом, супергигант, шапшаң құлдилау. Бұған әр елден 22 ге дейін спортшы қатыса алады.
Осылайша әрі есеп шығарып, әрі Азиада ойындары туралы мағлұмат алған оқушылардың бәрі бағаланады.
Сабақ «Азиада алауы» әнімен аяқталды.

Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
Абай орта мектеп-балабақшасы.
Ахметкалиева Г. С /математика пәні мұғалімі/
Бисингалиев Е.Ш /дене тәрбиесі пәні мұғалімі/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.